Автор: qaztimes

Сот мәліметінше, Сәкен Мамаш ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ҚР ҚК-нің 49-бабы негізінде оның дипломатиялық дәрежесі — бірінші сыныпты кеңесші атағы күшін жойды. Үкім биылғы 18 шілдеде шығарылған. Еске салайық, 2024 жылғы мамырда Сәкен Мамаштың бұрынғы жұбайы Карина Госман он жылға созылған физикалық және сексуалдық зорлық-зомбылық туралы мәлімдеген болатын. Осыдан кейін Мамаш қызметінен шеттетілді. Бұған дейін сот оған 15 тәулікке әкімшілік қамау тағайындаған еді.

Read More

Биылғы эпидемиологиялық маусым басталғалы ЖРВИ-дың 150,7 мың жағдайы тіркелді, бұл өткен маусымның ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,9 есе төмен. Ағымдағы маусымда тұмау жағдайлары тіркелген жоқ. Министрліктің мәліметінше, 2025 жылдың 8 айында көптеген инфекциялық аурулар бойынша жағдай тұрақты қалыпта қалды. Жұқпалы аурулардың тіркелмеуі. Жүргізіліп жатқан профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың нәтижесінде елде 21 инфекция анықталған жоқ. Олардың қатарында оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі және паратиф бар. Сонымен бірге 33 инфекция бойынша сырқаттанушылық айтарлықтай төмендеді. Айтарлықтай төмендегендері: – қызылша – 11 есе;– көкжөтел – 8,1 есе;– А вирустық гепатиті – 2,5 есе;– коронавирус инфекциясы – 1,6 есе. Паразиттік және ішек инфекциялары бойынша…

Read More

Полицияның мәліметінше, жасөспірім Рудныйдағы қалалық жағажай маңында қолға түсті. Одан ұнтақ тәрізді зат салынған шамамен 80 орам тәркіленді. Кейін Қостанай қаласында жалға алынған пәтерге тінту жүргізіліп, электронды таразылар, жүздеген бос пакет және сату үшін дайындалған 200-ден астам есірткі орамы анықталды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен жарты килограмм болды. Сот-химиялық сараптама оның синтетикалық есірткі екенін көрсетті. Алдын ала дерек бойынша, жасөспірім әлеуметтік желілер арқылы қылмысқа тартылған: мессенджерде оған «жоғары табысы бар курьерлік жұмыс» ұсынылып, шын мәнінде есірткіні сақтау және Қостанай облысы аумағына «жасырын қойып шығу» міндеті жүктелген. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта полиция қылмыстық…

Read More

Оның айтуынша, спортшы күн сайын жаттығып жүр, ал жекпе-жек не осы жылдың соңында, не келесі жылдың басында өтуі мүмкін. Қарсылас әзірге белгісіз. Базровтың сөзіне қарағанда, UFC Шавкаттың оралуына мүдделі. «Шавкат жаттығып жүр, бүгін онымен екі жаттығу өткіздік. Жұмысты жалғастырып келеміз. Баршаға белгілі оқиғаларға дейін-ақ жақсы қарқын алған едік. Жаңа жылдың алдында шығамыз деп қатты үміттенгенбіз, бірақ болған іс болды. Біраз уақыт Шавкатқа өте ауыр тиді. Қазір дерлік өз-өзіне келді. Тағы да қайталап айтамын: күн сайын жаттығамыз, дайындалып жүрміз. Жақын болашақта оны октагонда көресіздер. Бұл не осы жылдың соңы, не келесі жылдың басы болады. Қарсылас туралы әзірге ақпарат жоқ. UFC Шавкаттың оралуына…

Read More

– Өзім бала кезден анимациялық роликтерге қатты қызығамын. Есейген соң, соңғы 10 жылда анимация, контент дайындау, жасанды интеллект бойынша жұмыс істеп келе жатырмын. Осы қабілеттерім мен балалық қызығушылығым ұштасты. Мұндай қиын анимацияларды батыстың студияларынсыз, үлкен бюджетсіз-ақ кез келген адам үйінде отырып жасай алатынын көрсеткіміз келді. Сол мақсатта тарихы бай «Қайрат» клубына арнап анимациялық фильм жасап жатырмыз, — дейді Ғабит Қожахмет. Фото: видеодан алынған скрин Жаңа аниме толықтай жасанды интеллектінің көмегімен әзірленіп жатыр. – Жалпы, анимеде белгілі бір кейіпкердің бет-әлпетін келтіріп жасамайды. Себебі, 1 секундта 24 кадр болса, 24 сурет салады. Демек, 1 минутта ол 1440 сурет салуы керек болады. Бұл…

Read More

Спикердің айтуынша, қала әкімінің ұсынысы мен мәслихаттың шешімі негізінде ішкі саясат және жастар ісі басқармасын қайта құру арқылы «Жастар саясаты басқармасы» жеке құрылым ретінде бөлініп шығады. Сондай-ақ, балалардың құқықтарын қорғау, буллингтің алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық мәселелерін жүйелі шешу үшін «Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» құрылатын болды. Бұл жаңа құрылым білім басқармасынан бөлініп, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімін өз қарамағына алады. – Бұл бастама жастар саясатын алға ілгерілету мен бала құқықтарын қорғауда нақты нәтижелер береді деп сенеміз. Жалпы басқармаларды құруға шамамен 2–2,5 ай уақыт қажет. Жаңа жылға дейін барлық ұйымдастыру жұмысы толық аяқталады, – деді Сәрсен Құранбек. Ресми дерек бойынша,…

Read More

ҚР ҰОК мәліметінше, спортшы 3000 метр қашықтыққа тосқауылдар арқылы жүгіруден шешуші кезеңге жолдама алған болатын. Финалдық сайыста Джеруто алдыңғы топта келе жатты. Соңғы айналымда қола жүлде үшін таласты. Алайда соңғы тосқауылдардың бірінде сүрініп, құлап қалды. Нәтижесінде алтыншы болып мәре сызығын кесті — 9:06.34. Кениялық Фейт Черотич жеңіске жетті — 8:51.59. Бахрейн атынан сынға түскен Винфред Яви екінші орынға табан тіреді — 8:56.46. Үздік үштікті эфиопиялық Сембо Алмаю түйіндеді — 8:58.86. Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турниріне елімізден кімдер қатысатыны белгілі болды.  

Read More

Жаңа түзетулерге сәйкес: • Мемлекеттік күзет қызметі енді қорғаныс өнеркәсібі мен мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады. • Қызметтің міндеттер тізбесі кеңейтілді: әскери-техникалық ынтымақтастық, оқ-дәрілерді жою, пайдаланылмайтын қорғаныс нысандарын беру, қару-жарақ пен әскери техниканың сипаттамаларын айқындау, мемлекеттік сынақтар мен қару-жарақты қабылдауға қатысу, әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу және аумақтық қорғанысты жоспарлау. • • Арнайы мақсаттағы күштерді жасақтау, мүлік пен бюджеттік қаражатты басқару, мерзімді әскери қызметшілерді конкурстық іріктеуді ұйымдастыру, сондай-ақ далалық және тұрғын үй төлемдерінің тәртібі бойынша өкілеттіктер нақтыланды. • • Дағдарыстық жиындар кезінде әскери дайындықтан өту және резервистердің келу тәртібі айқындалды. Мұнан бөлек, құжат Мемлекеттік күзет…

Read More

Сенбілік барысында қаланың қоқыстан тазартылуы, саябақтар мен гүлзарлардың, аулалардың, сондай-ақ сауда орындарына, қоғамдық тамақтану нысандарына және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтардың ретке келтірілуі жоспарланып отыр. Ауқымды тазалық жұмысы аясында Астананың алты ауданында ағаш отырғызылады. Әкімдік қалалық кәсіпорындарды, МИБ (ПИК), шағын және орта бизнес субъектілерін, еріктілер мен белсенді тұрғындарды экоакцияға қатысып, тазалыққа үлес қосуға шақырады. Еске сала кетейік, экоакцияның негізгі мақсаты – қоғам назарын қаланың көшелерінде тазалықты сақтау мәселелеріне аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Қала тұрғындары мен ұйымдары көшелер мен аулаларды абаттандыру ісіне үлес қоса алады. Экоакция сағат 10:00-де басталады. Еске сала кетейік, осыған дейін Астанадағы Backstreet Boys концертіне арнайы шаттл-автобустар…

Read More