-2025 жылдың 17 қыркүйегінде сағат 00:54-те Ақадыр-Қарағанды учаскесінде Жарық-Дария жол аралығында күзетілмейтін теміржол өткелінде жолаушылар пойызы сағатына 92 км жылдамдықпен келе жатып, алдына Mazda маркілі жеңіл көлігінің шығуына байланысты тежегішті басқан. Өкінішке қарай, пойыз жеңіл көлікті қағып өтті,-делінген компанияның хабарламасында. Көлік жүргізушісі мен екі жолаушы алған жарақаттарынан мерт болды. -«ҚТЖ» ҰК» АҚ марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтады және барлық жол қозғалысына қатысушыларды теміржол өткелдерінен өту ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Тәуекел деңгейі арта түсетін түнгі уақытта ерекше мұқият болу қажет,-делінге ҚТЖ хабарламасында. Бұған дейін Қызылжар – Түйемойнақ аралығында №107 жолаушылар пойызы жолда тұрған жүк вагонына байланысты шұғыл тоқтауға мәжбүр болды. Бірнеше жолаушы…
Автор: qaztimes
Француз үкіметінің бұрынғы мүшелеріне арналған артықшылықтар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылады. Бұл туралы Себастьян Лекорню өзінің X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады: – Мемлекет шенеуніктерге қауіп төнген жағдайда қорғауы тиіс болғанымен, уақытша лауазым иелерінің өмір бойы жеңілдіктерді пайдалануы – ақылға сыйымсыз, – деп жазды ол. Премьер-министр атап өткендей, мұндай жеңілдіктердің бірі – полициялық қорғау, алдағы уақытта ол тек бұрынғы премьер-министрлер мен ішкі істер министрлеріне ғана шектеулі мерзімге беріледі және нақты қауіп-қатердің деңгейіне қарай ғана ұзартылатын болады. Қазіргі уақытта Францияда үкіметтің бұрынғы мүшелері қызметтік көлік пен жүргізушіні, сондай-ақ жеке хатшыны 10 жылға дейін, бірақ 67 жасқа толғанға дейін пайдалана…
18 қыркүйек. Жылнама 07:00, 18 Қыркүйек 2025
Жергілікті маман Вячеслав Невольников жаттықтыратын оралдық команда конференцияда 39 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орындағы «Жас қыран» (Алматы) командасының 34 ұпайы бар. Осылайша, қалған екі кездесудің нәтижесіне қарамастан, «Жайық» бірінші лигаға жолдама алды. 17 қыркүйек күні «Жайық» өз алаңында «Ордабасы жастар» командасына 1:2 есе жіберді. 24 қыркүйекте оралдықтар сырт алаңда «Каспий жастар» клубымен кездеседі. Содан кейін чемпионатты 1 қазан күні «Ақжайық» стадионында «Жас қыранмен» қорытындылайды. — «Ордабасы жастар» командасымен өткен ойын біз үшін өте қиынға түсті. Өз алаңымызда есе жібердік. Дегенмен қолдауға келген жұрттың қарасы қалың болды. Барша жанкүйерлерге алғысымыз шексіз. Әлі 2 ойынымыз бар, тыңғылықты дайындаламыз, чемпион болдық, бірақ біріншілік…
Париж клубы — бұл дамушы елдердің қарызын қайта құрылымдаумен айналысатын бейресми мемлекеттер тобы. Ол 1956 жылы құрылған және мүше елдердің келісімімен жұмыс істейді. Басылымның дерегінше, Грузияның жалпы қарызы 225 миллион доллардан асқан, оның ішінде 28 миллион доллары Қазақстанға тиесілі болған. Бұл сомаға 1999 жылға дейінгі мерзімі өткен несиелер, 1999–2004 жылдар аралығындағы қарыз бойынша пайыздар, сондай-ақ 2004–2006 жылдарға жоспарланған төлемдер кірген. Қазақстан алдындағы соңғы төлем 636 мың долларды құрап, 2025 жылдың қыркүйегінде жүзеге асырылды. Қарызды өтеу процесі 2011 жылы басталып, биыл толығымен аяқталды. Қазақстаннан бөлек, Грузия 2004 жылы мынадай негізгі несие беруші елдер алдындағы қарызын қайта құрылымдаған болатын: Ресей – 153…
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш тұрғын қала аумағында автокөліктерден ұрлық жасаумен айналысқан. Тергеу барысында күдіктінің түнгі уақытта автотұрақтарда тұрған автокөліктердің терезелерін сындырып, ішіндегі бейнетіркегіштер мен жеке заттарды ұрлағаны анықталды. — Оның шілде және тамыз айларында Орал қаласында 11 ұрлық жасағаны белгілі болды. Автокөлік иелеріне келтірілген жалпы шығын 5 миллион теңгеден асты. Ұрлық деректері бойынша күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілді. Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды, — деп хабарлады ведомстводан. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да полиция 10 адамды сан соқтырған күдіктіні құрықтағанын жазған едік.
— Өткен жылы америкалық серіктес университет делегациясы Қостанай жоғары оқу орнына келген. Кездесу нәтижесінде «Computer Science» білім беру бағдарламасы бойынша қос дипломды білім беру туралы келісім жасалды. Аталған бағдарлама аясында Baitursynuly University IT бағыты бойынша білім алатын студенттер Қазақстан мен АҚШ жоғары оқу орындарының қос дипломын алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл — еліміздегі жедел цифрландыру үдерістерін және жаңа технологиялардың енгізілуін ескергенде еңбек нарығында сұранысқа ие аса өзекті мамандық, — деп жазды ведомстводан. University of Minnesota Morris-пен бірлескен қос диплом бағдарламасы — әлемдік деңгейдегі білімге қол жеткізуге, халықаралық тәжірибе жинақтауға және IT саласы мен өзге де стратегиялық маңызды бағыттардың болашағын қалыптастыруға үлес қосатын білікті маман атануға жол ашатын ерекше мүмкіндік. Айта…
Іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Мажарстан, Моңғолия, Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан мемлекеттерінің лингвистері, археологтары, алтайтанушылары, түркологтары, тарихшылары жиналды. Конференцияның ашылуында Мемлекеттік кеңесші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысушыларға арнаған құттықтау хатын оқып берді. Сондай-ақ Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі Владимир Мединский және Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов құттықтау сөз сөйледі. – Ерлан Қарин түркі өркениетін зерттеуге арналған мұндай іс-шаралардың өткізілуі ғылым саласындағы байланыстарды кеңейтетін маңызды бағыт екенін атап өтті. Осы тұрғыдан алғанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Трансалтай диалогын» бастау жөніндегі ұсынысының мәні зор. Бұл өңірдегі ғылыми-гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етуді көздейді. Сонымен қатар Мемлекеттік кеңесші биыл Қазақстанда әлемнің 11 елінен келген…
Айта кетейік, Silk Way Star-дың алғашқы шығарылымы 20 қыркүйек күні сағат 20:00–де Jibek Joly телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Жоба Ұлы Жібек жолының бойындағы 12 елден — Әзербайжаннан бастап Оңтүстік Кореяға дейінгі кеңістіктен келген әртістерді біріктірді. Шоудың бағдарламасында байқау тапсырмалары, кроссмәдени дуэттер, ондаған тілдегі әндер және мультикультуралық форматтағы алғашқы жұлдызды анықтайтын гала-концерт қарастырылған. Қазақстан атынан байқауға әнші Alem қатысады. Бұған дейін Армениядан келген музыкант Саро Геворгян конкурс туралы өз әсерімен бөлісіп, «Silk Way Star — бұл жай ғана байқау емес, мәдени көпір» деп атап өткен болатын.
«Торпедо» хоккей клубы сырт айдында «Горнякты» жеңді 00:02, 18 Қыркүйек 2025