Жаңа түзетулерге сәйкес:
• Мемлекеттік күзет қызметі енді қорғаныс өнеркәсібі мен мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады.
• Қызметтің міндеттер тізбесі кеңейтілді: әскери-техникалық ынтымақтастық, оқ-дәрілерді жою, пайдаланылмайтын қорғаныс нысандарын беру, қару-жарақ пен әскери техниканың сипаттамаларын айқындау, мемлекеттік сынақтар мен қару-жарақты қабылдауға қатысу, әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу және аумақтық қорғанысты жоспарлау.
• • Арнайы мақсаттағы күштерді жасақтау, мүлік пен бюджеттік қаражатты басқару, мерзімді әскери қызметшілерді конкурстық іріктеуді ұйымдастыру, сондай-ақ далалық және тұрғын үй төлемдерінің тәртібі бойынша өкілеттіктер нақтыланды.
• • Дағдарыстық жиындар кезінде әскери дайындықтан өту және резервистердің келу тәртібі айқындалды.
Мұнан бөлек, құжат Мемлекеттік күзет қызметіне қабылдау және Арнайы мақсаттағы күштерді жасақтау ережелерін жаңартады. Мерзімді әскери қызметшілерді іріктеуге басымдық беріледі.
Жарлықтың басым бөлігі 10 қыркүйекте қол қойылған сәттен бастап, ал кейбір ережелер 16 қыркүйектен бастап күшіне енді.

