Автор: qaztimes

Жолайрық: Дағдырыс бастауы ма, даму кезеңі ме? 9 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы басталды. Жыл сайын өтетін жиынның ретімен өлшесек, биыл – ұйымға 80 жыл. Осы аралықта БҰҰ бірнеше дәуірді бастан өткерді: соғыстан қажыған елдердің басын қосқан бітімгер шағы; ортақ ұстанымы озбыр билеушілерге жақ аштырмаған айбарлы дәуірі; көмекке мұқтажға қолдау көрсеткен ізгілік ізі бар. Алайда кейінгі уақытта ұйым құлдырау кезеңіне қадам басқан. Саяси-экономикалық баяндамалар үстел үстінде қалып, қабылданған резолюцияларға мән беріп жатқан ел шамалы. Оның үстіне геосаяси мүдделердің ықпалымен құрылған эконоикалық және әскери альянстардың қатары артуда. Мұндай үрдіс келешек ғаламық тәртіп пен әділдік қағидасына қатер тудыруы ықтимал. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт…

Read More

ЕСІМДЕР 55 жыл бұрын (1970) Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Тауфикұлы ЖОЛАМАНОВ дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысында туған. 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тарихшы, тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын Батыс Қазақстан облысы Жымпиты орта мектебінде 1992-1994 жылы тарих және қазақ тілі пәні мұғалімі қызметінен бастап, тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары қызметінде болды. 1994-2008 жылдары Сырым ауданы әкімі аппараты, аудандық жұмыспен қамту орталығы, ішкі саясат,мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, білім бөлімінде басшылық қызметте болған. 2008-2014 жылдары Батыс Қазақстан облысы тарихи-өлкетану мұражайының басшысы, 2014-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы Мәдениет, мұрағаттар және…

Read More

БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасының мәліметінше, тек қыркүйектің өзінде Газа қаласының 250 мыңнан астам тұрғыны үйлері мен баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған. — Сандар жылдам өсіп келеді: тек соңғы айда 200 мыңға жуық адам Газаның солтүстігінен Газаның оңтүстігіне көшірілді. Оның ішінде жексенбіден бері 56 мың адам. Қатаң шектеулерге қарамастан, БҰҰ мен серіктестер зардап шеккен анклав тұрғындарына өмірлік қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда, — делінген хабарламада. OCHA қазіргі уақытта Газа тұрғындары алатын көмек олардың үлкен қажеттіліктерінен әлдеқайда аз екенін атап өтті. Аш қалған халыққа қолдау көрсету жүйелі түрде бұғатталып, апта сайын жаңа шектеулер енгізіледі. — Израиль билігі сонымен қатар кейбір азық-түлік…

Read More

Құжатқа Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров пен Power China International директорлар кеңесінің хатшысы, Еуразиялық өңірлік штабтың вице-президенті Го Цзюньи қол қойды. Құжат гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту және ирригациялық жүйелерді реконструкциялау, бірлескен бағдарламалар арқылы кәсіби кадрларды даярлау және тәжірибе алмасу, су шаруашылығын цифрландыру, инвестициялар тарту, суды үнемдеу және ресурстарды тиімді пайдалану, ғылыми зерттеулер мен техникалық ынтымақтастық, сондай-ақ жерасты суын басқару саласындағы мамандар үшін оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастыру сияқты бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамытуды көздейді. «ҚХР Сауда министрлігіне, Су шаруашылығы министрлігіне және Power China компаниясына Қазақстанның су саласы мамандарына арналған оқу курстарын ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Биыл…

Read More

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, онда 17 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істеп тұр. Бұл нысандарда 500-ден астам адам түрлі салада еңбекпен қамтылған. Сотталғандардың бір тобы құс шаруашылығына ден қойған. Жеке кәсіпкер Орынбасар Тұрғанбекұлы бұған дейін мекеме аумағындағы дәнекерлеу цехында қоршау, пескоблок өнімдерін шығарумен айналысып келген. Енді оған құс шаруашылығы қосылды. Оның ішінде тауық, үйрек пен қаз өсіреді. Фото: Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті — Қаз өсіріп, көбейтіп сатуды жоспарлап отырмын. Құстың еті де, жұмыртқасы да халыққа пайдалы. Бұл жұмысқа түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер тартылған, — деді кәсіпкер. Соның бірі еңбектің арқасында жалақы алып, бала-шағаны асырауға сеп болғанына риза. — Бала кезімізде өзіміз…

Read More

Ғалымдар күннен қорғайтын кремді қолдануды тоқтатпауға кеңес береді және витамин D қосымшаларын қабылдау оның деңгейін организмде сақтаудың қауіпсіз, тиімді және арзан әдісі екенін айтады. Sun-D жобасының бас зерттеушісі профессор Рэйчел Нил былай дейді: — Күннен қорғайтын крем тері рагын алдын алудың негізі болып қала береді, бұл көпжылдық сенімді деректермен расталған. Зерттеуге 639 адам қатысқан, олардың күнделікті күннен қорғайтын кремді жүйелі түрде пайдаланбайтындары таңдалған. Олардың жартысы бір жыл бойы күнделікті SPF50+ кремін қолданған, тек оңтүстік өңірлердегі қыс айларында қолданбаған. Қалған жартысы бақылау тобы болды. Бір жылдың соңында бірінші топтағы 46% қатысушыда витамин D жетіспеушілігі анықталса, бақылау тобындағы бұл көрсеткіш 37% болған. — Күнге шығу…

Read More

Заңбұзушылықты облыстық экология департаментінің мамандары полициямен бірлесіп Марқакөл ауданындағы Шаңдыбұлақ-9 учаскесінде жүргізген тексеру барысында анықтады. — Тексеру барысында ҚР Табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталды. Тергеу нәтижесінде «Алтай-2024» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ҚР ӘҚБтК-нің 328 және 332-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының экология департаменті. Іс сотқа жіберілді. Ведомство мұндай оқиғалардың жүйелі түрде бақыланатынын атап өтті. — Біз табиғатты қорғау ережелерін сақтау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ерекше көңіл бөлеміз. Әрбір құқық бұзушылық қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін заң жүзінде тексеріледі, — деп атап өтті экологтар. Айта кетейік, Марқакөл ауданында бұған дейін бағалы металдарды заңсыз өндірген 19 шетелдік ұсталған болатын.

Read More

Форум азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы серіктестікті нығайтып, ашық диалог дәстүрін жалғастырады. Форумның негізгі тақырыбы — үкіметтік емес ұйымдардың жергілікті басқару процестеріне белсенді қатысуы, шешім қабылдау барысындағы рөлді арттыру, қоғамдық бақылауды дамыту және кері байланыс тетіктерін жетілдіру. Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі — Панельдік сессиялар аясында азаматтық қатысудың жаңа формалары, ауылдық өңірлердегі әлеуметтік бастамалар, жастар мен әйелдердің басқару ісіне араласуы, сондай-ақ ашық үкімет қағидаттарын ілгерілету мәселелері қарастырылды, — деп жазды министрліктің баспасөз қызметі. Форумның басты ерекшелігі — пікірталас алаңдарының заманауи форматта ұйымдастырылуы. Қатысушылар тәжірибе алмасып, жаңа серіктестік орнатты. — Пленарлық отырыста азаматтық қоғам инфрақұрылымын дамыту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен…

Read More

Өзбекстан басшысының атап өтуінше, былтыр республикадағы кедейлік деңгейі 8,9% болған. Кейінгі жылдары тұрмыс жағдайы төмен 7,5 млн адамның жұмысқа орналасуына, бизнес ашуына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді. — Осы аралықта ұлттық экономика 2 есе өсті. Сонымен қатар, жан басына шаққандағы табыс жыл соңына дейін 3,5 мың долларға жетеді. Ауқымды қолдау шаралары мен реформалардың нәтижесінде Өзбекстан 2030 жылға дейін кедейлік деңгейін 2 есе азайтуға ниетті, — деді форумда сөз алған Шавкат Мирзиёев. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстан билігі жыл соңына дейін елдің ішкі жалпы өнім көлемін 130 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, биыл Өзбекстан $43 млрд инвестицияны игермек.

Read More

АЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы АҚШ-тың Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы (NHTSA) мәлімдеген. Кері қайтару шарасы 2020–2025 жылдар аралығындағы Palisade модельдеріне қатысты. Агенттік мәселе шешілгенше, көлік иелеріне қауіпсіздік белдігін ілгекке тез әрі тік қозғалыспен салып, белдікті тартып көру арқылы берік бекітілгеніне көз жеткізуге кеңес беріп отыр. Ақау белдік ілгектерінің құрамындағы кейбір бөлшектердің техникалық талаптарға сай емес өлшемдермен жасалуынан туындаған. Ал биыл Қазақстанда ең көп сатылған автокөлік түрлерін білгіңіз келсе, мына сілтемеге өтіңіз.

Read More