Сот отырысы ашық режимде өтіп жатыр, алайда бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірқатар шектеу қойылған: журналистер сот отырысын көршілес кабинеттен бейнетрансляция арқылы бақылайды. Фото: Kazinform Бүгінгі сот отырысында куәгерлерден жауап алынады. Барлығы 6 адамнан жауап алу жоспарланған. Бұған дейін судья Айнагүл Тұқыбаева журналистерге сот залына кіруге, жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарын, жеке деректерін жариялауға, сондай-ақ айыпталушылар мен процесс қатысушыларының бет-бейнесін көрсетуге тыйым салған. Фото: Kazinform Хасан Қасымбаевпен бірге айыпталушылар орындығында Руслан Әлиев, Мадияр Қалимжанов, Сайлау Ақжанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков, Данияр Асқаров отыр. Еске салайық, сот басталғаннан кейін айыпталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды өтінді. Судья Айнагүл Тұқыбаева бұл өтінішті қанағаттандырып, мемлекеттік айыптаушы залдан шықты. Сот барысында…
Автор: qaztimes
Кәсіби біліктіліктер жөніндегі ұлттық кеңес сарапшылар қауымдастығымен бірлесе отырып, жаңа Ұлттық біліктілік шеңберін (бұдан әрі — ҰБШ) бекітті. Енді бұл құжат тек ресми білім беруді ғана емес, бейресми және ақпараттық оқыту нәтижелері мен танылған біліктіліктерді де қамтиды. ҰБШ — еңбек нарығының барлық қатысушысына арналған: мемлекеттік органдарға, жұмыс берушілерге, салалық қауымдастықтарға, кәсіподақтарға, білім беру ұйымдары мен азаматтардың өздеріне. ҰБШ — біліктілік салалық шеңберлері мен кәсіби стандарттарын әзірлеуге арналған негізгі құрал. Ол біліктіліктерді тану жүйесін реттеуге мүмкіндік беріп, кәсіби әрі мансаптық өсудің алғышарттарын жасайды. Бұрынғы нұсқа көбіне ресми білім беру деңгейлеріне сүйеніп, оқытудың басқа түрлерін ескермеген еді. Жаңа редакция Еуропалық біліктілік шеңберінің қағидаттарына және…
Интервьюерлер барлық елді мекенде үй-үйді аралап, деректер жинайды. Жалпы саны шамамен 1,2 млн үй шаруашылығын қамту жоспарланған. Ауыл шаруашылығы санағы елімізде екінші рет өткізіліп отыр. Оның мақсаты — аграрлық саланың жағдайы туралы толық мәлімет алу, әсіресе ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер деңгейінде. Сауалнама парағы 22 сұрақтан тұрады. Онда мал мен құстың болуы, жер ресурстарын пайдалану, бақша егу, тыңайтқыш қолдану және басқа да мәліметтер сұралады. — Біз санақтың онлайн кезеңін аяқтадық, ол кезде ауыл шаруашылығы құрылымдары мен үй шаруашылықтарының сауалнаманы sanaq.gov.kz сайтында толтыру мүмкіндігі болды. Ол кезеңге 600 мыңнан астам респондент қатысты. Енді ауқымды кезең басталды: интервьюерлер үйлерді аралап, деректерді планшет арқылы жинайды.…
— Қазір энергетика және коммуналдық инфрақұрылым миллиондаған адамдардың өмірін қамтамасыз ететін экономиканың негізгі салалары ғана емес, бұл өңірлердің тұрақты дамуы, экологиялық қауіпсіздік, технологиялық тәуелсіздік және сайып келгенде, еліміздің әрбір азаматының өмір сүру сапасы жағдайы мен тиімділігіне тікелей байланысты салалар. Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба қордаланған инфрақұрылымдық проблемаларды шешуге, сонымен қатар жаңа тәсілдер, технологиялар мен реттеу үлгілерін енгізуге бағытталған. Бұл өз кезегінде өндірістік қуаттарды, инженерлік желілерді, салаларды цифрландыруды және қажет инвестицияларды тартуды қамтитын ауқымды трансформация, — деді Қ. Бозымбаев. Айта кетейік, аталған ұлттық жобаны Үкімет былтыр желтоқсанда бекіткен болатын. Оның аясында энергетика, коммуналдық және генерациялық инфрақұрылымды жаңғырту және…
2025 жылғы қыркүйектен бастап Мажарстанда ересек тұрғындар арасында онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға бағытталған жаңа профилактикалық тексерулер бағдарламасы қолданыла бастады. Бұл бастаманы Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырып отыр және ол толықтай мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады. Бағдарлама екі негізгі бағытты қамтиды: әйелдерге арналған маммографиялық және гинекологиялық тексерулер, сондай-ақ ерлерге арналған асқазан-ішек жолдары ауруларына, соның ішінде тоқ ішек обырына (колоректальды рак) арналған скрининг. Тексерулерден өту ерікті түрде жүргізіледі, алайда мемлекет тарапынан белсенді қолдау көрсетіледі — азаматтарға жеке шақыртулар пошта немесе электронды денсаулық сақтау жүйесі арқылы жіберіледі. Медициналық тексерулер мемлекеттік емханаларда және шалғай өңірлерге баратын мобильді диагностикалық орталықтарда жүргізіледі. Барлық процедура, оның ішінде…
Чемпионат дрон-спорт астанасы саналатын Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында 2025 жылы қыркүйек айының соңында өтеді. Сапарды Kazakhstan Drone Soccer Association ұйымы ЦДИАӨМ қолдауымен, Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» МКҚК-мен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Болашақ аренасы Жарыс 25–28 қыркүйек аралығында Чонджу қаласындағы екі алаңда (Jeonju International Drone Sports Center және Jeonju World Cup Stadium) өтеді. Арена ішіндегі көрініс ғылыми фантастикадағы футуристік спортты еске түсіреді: тормен жабдықталған алаң, әуен, жарқыраған прожекторлар, комета секілді жарқырап ұшып жүрген ондаған футбол дрондары. Трибуналарда — мектеп оқушылары, инженерлер және технология жанкүйерлері. Атмосфера классикалық спорт емес, киберспортқа немесе K-pop концертіне көбірек…
— 2025 жылғы 19 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе Көкшетау, түнде Атырау, Қостанай қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Айта кетейік, Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктер Республика аумағының басым бөлігіне әсерін сақтайды – найзағаймен бірге жаңбыр жауады. 18-19 қыркүйекте республиканың солтүстік-шығысында, орталығында, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр, күшті жел, бұршақ күтіледі. Тек батыста және солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, солтүстік-батыста, солтүстікте,…
19 қыркүйек. Жылнама 07:00, 19 Қыркүйек 2025
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігі бұрынғысынша Оңтүстік циклонның ықпалында болып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. — Еліміздің солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, солтүстік-шығыс пен орталықта бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда тұман күтіледі, — делінген ақпаратта. Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде -2°С аяз болады. Ал Алматыда ауа температурасы күндіз +18+20 °С, желдің жылдамдығы 3-8м/с. Жетісу облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Еске сала кетейік, Алматыда жаңбыр кезінде 13…
Ресейлік ТАСС агенттігінің органның мерейтойлық 10 000-шы мәжілісінен хабарлауынша, Вашингтон дүниежүзілік ұйымның қарсы дауыс берген жалғыз мүшесі болып отыр. РФ, Қытай, Ұлыбритания мен Франция сияқты ұйымға мүше өзге елдер қарарды қолдап дауыс берді. Қарардың авторлары Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері Алжир, Дания, Гайана, Пәкістан, Панама, Корея Республикасы, Сьерра-Леоне, Словения мен Сомали болды. Онда шұғыл, ешқандай шарттарсыз, лайықты түрде кепілдегілерді босату туралы айтылған және Израильді Газаға шұғыл, ешқандай шарттарсыз гуманитарлық көмекті кіргізу үшін барлық шектеулерді алып тастауға шақырады. Құжат көмектің барлық сектор бойынша еш кедергісіз, қауіпсіз таратылуын және барлық басты қажетті қызметтерді қалпына келтіруді талап етеді. Айта кетейік, БҰҰ осыған дейін…