АЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы АҚШ-тың Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы (NHTSA) мәлімдеген.
Кері қайтару шарасы 2020–2025 жылдар аралығындағы Palisade модельдеріне қатысты.
Агенттік мәселе шешілгенше, көлік иелеріне қауіпсіздік белдігін ілгекке тез әрі тік қозғалыспен салып, белдікті тартып көру арқылы берік бекітілгеніне көз жеткізуге кеңес беріп отыр.
Ақау белдік ілгектерінің құрамындағы кейбір бөлшектердің техникалық талаптарға сай емес өлшемдермен жасалуынан туындаған.
Ал биыл Қазақстанда ең көп сатылған автокөлік түрлерін білгіңіз келсе, мына сілтемеге өтіңіз.

