Автор: qaztimes

Түркияда елдің діни ахуалын қадағалайтын басты мемлекеттік құрылымдардың бірі – Діни істер басқармасының (Diyanet) жаңа төрағасы тағайындалды. Президент Режеп Тайып Ердоған бұл лауазымға бұрын Стамбұл мүфтиі қызметін атқарған профессор Сафи Арпағышты бекітті. Профессор Арпағыш – діни және қоғамдық ортада кеңінен танылған тұлға. Ол 2023 жылы Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің қайтыс болған күніне орай өткен дұға рәсіміне қатысып, қоғам назарын аударған болатын. Бұл шара зайырлы республикалық мұра мен қазіргі діни құрылымдар арасындағы тату келісімнің белгісі ретінде қабылданды. Арпағыштың тағайындалуын жергілікті сарапшылар Түркияның діни саясаты үшін бетбұрыс сәт болуы мүмкін деп бағалауда. Енді Diyanet басшысы ретінде Сафи Арпағыш діни…

Read More

Кездесу барысында жанкүйерлер «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаны ойынына назар аударды. Өйткені, олар негізгі қақпашы Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбековтің жарақат алып қалуына байланысты Португалияға аттанды. Ол бүгін алғашқы минуттан жасыл алаңға шықты. Отандасымыз осылайша UEFA Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас қақпашылар үздігіне енді. Ол дүниеге келгеніне 18 жас, 3 ай, 3 күн өткенде жасыл алаңға шығып отыр.  Бірінші кезеңде Шерхан өзіне сенімді ойын көрсетті. Бірінші кезеңде 21-минутта португалиялық клубтан Мортен Юльман тепкен допты кейін қайтарса, одан кейін де бірнеше соққыға тосқауыл қойды. Ал 44-минутта «Спортинг» сапынан Франсиску Тринкан есеп ашты. Екінші кезеңде қазақстандық команда жиі қателікке бой алдырды. Салдарынан небәрі…

Read More

Израильдік екі азамат Алленби бақылау-өткізу бекетінде шабуылдың құрбаны болды. Бұл өткел Иорданияда «Хусейн королі көпірі» деп аталады және Иордан өзенінің Батыс жағалауын Иорданиямен байланыстырады. Израильдің жедел жәрдем қызметі «Маген Давид Адом» таратқан мәліметке сәйкес, шамамен 60 және 20 жастағы екі ер адам ес-түссіз, ауыр жағдайда табылған. Кейін дәрігерлер олардың қайтыс болғанын растады. Алдын ала тергеу деректеріне қарағанда, шабуыл жасаған адам Газа секторына гуманитарлық жүк алып бара жатқан жүк көлігімен келген. Ол адамдарға оқ атпақ болған, бірақ қаруы істемей қалған. Осыдан кейін ол қасындағы израильдіктерге пышақпен шабуыл жасаған. Екеуі де ауыр жараланып, сол жерде көз жұмған. Бекеттегі қауіпсіздік қызметі жауап ретінде…

Read More

Ол бұл бастамасын ұлттық мереке — Республика күніне арнап, жүгіруді 25 қыркүйекте бастауды жоспарлап отыр. Әскери қызметші осы мақсаты арқылы қазақстандық ультрамарафондардың барлық алдыңғы рекордтарын жаңартпақ. — Рауан Әбілхановтың бастамасы Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мен Астана қаласы әкімдігінің әскери қызметшілері тарапынан қолдау тапты. Сержант Әбілхановтың жүгіруде рекорд жасаудан тәжірибесі бар. Ол 2022 жылы Алматы облысындағы «Әли» оқу-жаттығу орталығынан Шелек ауылы бағыты бойынша 48 сағат ішінде 350 шақырымды жүргіріп өтіп, Қазақстанның рекордтар кітабына енді, — делінген ақпаратта. 42 жастағы спортшы 15 жылдан астам жеңіл атлетикамен айналысады. Алматыда және әскери қызметшілер арасында марафондардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Алдағы марафоннан өзге оның жоспарында 10 күнде 1000 шақырым жүгіру — жаңа…

Read More

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі құқық қорғау органдары алаяқтық жасады деген күдікпен туристік фирма басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын хабарлады. — Жәбірленушілерден алғашқы шағымдар Көкшетау қаласының полиция бөліміне 2024 жылдың желтоқсан айында түсті. Арыз-шағымдар биыл тамыз айына дейін жалғасты. Арызданушылар туристік агенттік туристік қызметтерді көрсетеміз деген желеумен олардың қаражатын заңсыз иемденгенін хабарлады. Аймақтың 39 тұрғыны заңсыз әрекеттердің құрбаны болды. Жалпы шығын шамамен 35 миллион теңгені құрады, — деп хабарлады облыстық полиция департаменті. Полицейлер күдіктінің 27 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны екенін анықтады. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді. Облыстық тәртіп сақшылары азаматтарды…

Read More

Бұл қазынаны тапқан адам жай ғана жазғы үйінің жанынан құрт іздеп жүрген кезінде қымбат бұйымдарға тап болған. Қазына XII ғасырға жатады және оның құрамында 20 000-ға дейін монета, сондай-ақ сақиналар, моншақтар мен алқалар бар. Табылған бұйымдардың көбісі сирек кездеседі және жақсы сақталған. Мамандардың айтуынша, бұл — Швецияда табылған ерте ортағасырлық аса ірі күміс қазыналардың бірі. Археологтар енді бұл олжаны зерттеп, тіркеу жұмыстарымен айналысады. Мәдени мұра туралы заңға сәйкес, мемлекет бұл қазынаны тапқан адамнан сатып алуы тиіс. Өз кезегінде, тапқан адам елеулі ақшалай сыйақы ала алады. Еске сала кетейік, бұған дейін Швецияда көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақылар қысқаратынын жазған едік.

Read More

«Бір ауыл – бір өнім» бастамасы табысты түрде жүзеге асып келе жатқанына он жылға жуық уақыт болды. Бұл жолы да ол өзінің тиімділігін халықаралық деңгейде дәлелдеді.  Әлемдегі ең беделді сыр өндірушілер байқауларының бірінде қазақстандық қатысушылар 32 елден келген үміткерлермен бақ сынап, үш алтын, бір күміс және екі қола медальға қол жеткізді. Алтын медальдардың бірін Көкшетаулық бес баланың анасы Эльвира Мұқашева иеленді. Эльвира үй жағдайында табиғи йогурт, айран және ірімшік өндіруден бастаған. Уақыт өте келе хобби кәсіби іске айналып, ол күніне 100 литрге дейін сүт өңдеді. Кейінірек мемлекеттік гранттарға ие болды — әуелі 1,4 млн теңге, одан кейін 5 млн теңге.…

Read More

Бұл бастама туралы елдің өнеркәсіп және технологиялар министрі Мехмет Фатих Каджыр мәлімдеді. Оның айтуынша, жобаның мақсаты – жасанды интеллект, қорғаныс өнеркәсібі, химия және металлургия секілді стратегиялық салалар үшін тұрақты, көміртексіз және үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету. «Біз ядролық энергетикада өз жолымызды қалыптастырамыз. Бұл жай ғана энергетика мәселесі емес, бұл – тәуелсіздік, технологиялық қуат пен тұрақты даму мәселесі», – деді министр. Жаңа бағдарлама аясында зерттеу орталықтары құрылып, мамандар даярлау, өндірістік база дамыту және қауіпсіздік пен экология саласындағы заманауи шешімдерді енгізу көзделген. Жобаны мемлекеттік құрылымдармен қатар жеке сектор, университеттер және технологиялық стартаптар жүзеге асырады. Айта кетейік, қазір Түркия Ресейдің қатысуымен елдегі алғашқы атом…

Read More

Әңгімелесу барысында Қазақстанның ИСЕСКО-мен білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды. — Ерлан Қарин дәстүрлі «Тоғызқұмалақ» ойынының Ислам әлемі мұраларының тізіміне енгізілгені үшін ризашылық білдірді. Сондай-ақ Қазақстанның «Ою-өрнек», «Қармақшы жырау» секілді ұлттық номинацияларын одан әрі ілгерілетудің маңызын атап өтті, — делінген хабарламада. Салим Әл-Малик Қазақстанның бастамаларын жоғары бағалап, еліміз ИСЕСКО-ның сенімді серіктесі екенін, сонымен қатар өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететін жаңа идеяларға ашықтығын жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған ынтымақтастықты дамытуға бейіл екендерін растады. Айта кетейік, бұған дейін Мемлекеттік кеңесші халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан болатын.

Read More