Кәсіпорынға қарасты «Арай» су алу құрылымы қаланың «Арай» шағын ауданы мен сол жағалау халқын тіршілік нәрімен қамтып отыр. Биыл мұнда 5 эксплуатациялық барлау ұңғымасын бұрғылауға бюджет қаражаты есебінен 420,5 млн теңге қаржы бөлінді. Бүгінде жұмыс аяқталуға жақын. Фото: «Қызылорда су жүйесі» МКК – Бұл жерде 13 ұңғыма бар. Жоспарланған 5 ұңғыманың 4-еуін бұрғылау аяқталды. Бұл жұмыстардың нәтижесі «Арай» шағын ауданы мен сол жағалау халқын толық көлемде сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сол жағалауда халық саны өсіп келеді. Сондықтан көпқабатты үйлердің жоғарғы қабатына баратын судың қысымын арттыруға да септігін тигізеді, — деді «Қызылорда су жүйесі» МКК «Арай» су алу құрылымының учаске…
Автор: qaztimes
Қозғалыстың әскери өкілі Яхья Сари шабуылдың бүге-шігесіне дейін жазбаша жолдаған мәлімдемесінде айтқан. Оның сөзінше, соққылар Израильдің Газадағы геноцидіне және Йеменге жасаған шабуылына берілген жауап болды. Сари Яффы (Тель-Авив) ауданына жасалған соққының «Палестина-2» гипердыбысты баллистикалық зымыранның көмегімен сәтті жүзеге асырылғанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, осы соққының салдарынан миллиондаған Израиль тұрғыны қауіпсіз жер іздеуге мәжбүр болды. Ал Тель-Авивтегі Бен-Гурион әуежайын қоса алғанда Израильдің әуе кеңістігі уақытша жабылды. Әскери өкіл Израильдің оңтүстігінде орналасқан Эйлат пен Беэр-Шева қалаларына үш ұшқышсыз ұшатын аппаратпен соққы жасалғанын жектізді. Оның айтуынша, Эйлат Йемен қарулы күштерінің назарында қала береді. Ол аймақтағы жағдай Израильдің тек Палестинаға ғана емес, өзге елдер…
Оның айтуынша, салалар бойынша қолданыстағы коммуналдық инфрақұрылымға талдау жасалды. Оған сәйкес желілердің қазіргі тозу деңгейі: — 17 жылумен жабдықтау кәсіпорнында – 65%-дан 90%-ға дейін; — 18 электр энергиясымен жабдықтау нысанында – 70%-дан 97%-ға дейін; — 23 сумен жабдықтау кәсіпорнында – 70%-дан 100%-ға дейін; — 24 ағынды суларды бұру нысанында – 70%-дан 100%-ға дейін. — Осыған байланысты бұл саладағы инфрақұрылымның тозуын тоқтату үшін 86 мың шақырым инженерлік желіні жөндеуге 6,8 трлн теңге инвестиция тарту қажет. Бұл ретте, апатты қауіп едәуір азайып, инженерлік инфрақұрылымның жағдайы «технологиялық деңгейге» дейін көтеріледі, — деді Асан Дарбаев. Министрлік ақпаратына қарағанда: — жылумен қамтамасыз етуге – шамамен…
14:20, 19 Қыркүйек 2025 | GMT +5 АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы полициясы «Манхэттен», «Ақбұлақ» және «Кәусар» тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсететін жезөкшелер үйлері мен заңсыз жұмыс істейтін салондарды анықтады.
Akhbarona электронды газеті хабарлағандай, Дүниежүзілік банктің есебінде егде жастағы адамдардың демографиялық жүктемесінің коэффициенті 2020 жылғы 11%-дан 2050 жылға қарай 26%-дан асып түсетіні көрсетілген. Бұл жағдай егер шұғыл реформалар, әсіресе зейнет жасын ұлғайту және егде жастағы адамдардың еңбекке араласуын ынталандыру қолға алынбаса, әлеуметтік және экономикалық дағдарыстарға әкелуі мүмкін. Алайда бұл ұсыныс Мароккода кеңінен сынға ұшырады. Жұмысшылар мен кәсіподақ өкілдері бұл бастаманы еңбеккерлердің құқықтарына тікелей қол сұғу деп бағалады. Сол баяндамада айтылғандай, марокколықтар 55 жастан бастап жүрек аурулары мен қант диабеті секілді созылмалы дерттерге жиі шалдығады. Сондықтан зейнет жасына жеткеннен кейін де жұмыс істеу олардың денсаулығы мен өміріне айтарлықтай қауіп төндіреді. Дүниежүзілік…
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталғанның бас бостандығы шектеліп, пробациялық есепке алынған. Жүріс-тұрысы электронды білезік арқылы бақылауда болған. Ер адам жазасын өтеуден жалтармақ болды. Электрондық бақылау құралының сигналы жоғалғанын инспекторлар дер кезінде байқап, сотталғанның тұрғылықты жеріне аттанды. Нәтижесінде оны бүлінген білезікпен қаладан кетпекші болған жерінен ұстады. Кейін белгілі болғандай, ер адам достарымен басқа қалаға бармақ болған. — Бұған дейін де сотталған бірнеше рет тұрғылықты жерін белгіленбеген уақытта тастап, соттың талаптарын бұзған. Осыған байланысты пробация қызметінің қызметкерлері бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы материалды сотқа жолдады, — деді СҚО ҚАЖД мамандары. Жалпы жыл басынан бері СҚО-да 122…
Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған 10 аймақ қалпына келтірілмек. Жұмысты 2025 жылы 22 қыркүйекке дейін аяқтау көзделген. Мекенжайлар: — Желтоқсан – Абылай хан – Қарасай батыр – Бөгенбай батыр; — Чайковский – Желтоқсан – Қарасай батыр – Бөгенбай батыр; — Панфилов – Байсейітова – Жібек жолы – Гоголь; — Қатаев – Жандосов – Солодовников – Гагарин; — Төле би – Чокин – Қазыбек би – Исаев; — Шевченко – Қожамқұлов – Жамбыл – Шагабутдинов; — Жамбыл көшесі, 205; Жароков көшесі, 39/1; — Жароков көшесі, 16; — Уәлиханов – Пушкин – Гоголь – Жібек жолы; — Қонаев – Уәлиханов – Қабанбай батыр…
Оның сөзінше, «айыппұл төлеу» сілтемелері бар фишингтік хаттарға сақ болу қажет. Себебі жалған хаттар таратып, азаматтардың қаражатын иемденуге бағытталған қылмыстық әрекеттер белең алып келеді. — Мемлекет басшысы өз Жолдауында киберқауіпсіздікті күшейтудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Бүгін ҚСжАЕК-ның Қылмыстық қауіп-қатерлер және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығының алғашқы есебі тыңдалды. Орталық жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып, цифрлық жобаларды іске асыруға кіріскен: «е-Өтініш» жүйесіндегі жолданымдарды талдайды, қылмыстылықты болжайды, Қазақстанға таралуына жол бермеу үшін әлемдік қылмыстық қауіп-қатерлерді бақылайды. Жуырда дәл осы Орталық автокөлік иелеріне бағытталған ауқымды фишингтік шабуыл туралы алдын ала ескерту жасады. Қаскүнемдер жол жүрiсi қағидаларын бұзғаны туралы «қаулылары» тіркелген және «айыппұл төлеу» сілтемесі…
Ведомство мәліметінше, осы жылдың сегіз айында 3,5 млрд теңге көлеміндегі алименттік берешек өтелді. — ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (балаларды асырауға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша 50 қасақана төлемеген борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Оның ішінде 33 адам сотталып, тағы 17 іс берешектің ерікті түрде өтелуіне байланысты тоқтатылды. Мысалы, аудандық сот борышкер «А»-ны 2,1 млн теңге қарызы үшін бір жылға бостандығын шектеуге үкім шығарды. Ол екі жылдан астам уақыт бойы баласын асырау жөніндегі міндетін орындамаған, — делінген хабарламада. Сонымен қатар, алименттік қарыздарды өтеу үшін 4 жылжымайтын мүлік (жер телімдері, үйлер) тәркіленді. Мәселен, 5 млн теңге берешегі бар борышкер «И»-дің орнына сот орындаушысы Еңбекшіқазақ ауданындағы 100 шаршы…
Комитеттің хабарлауынша, «Электрондық күнделікті жаңарту» деген сылтаумен олар SMS арқылы келген бір реттік құпия кодтарды сұрайды. Бала оны ата-анасына немесе мектебіне көмектесіп жатырмын деп ойлауы мүмкін. Іс жүзінде алаяқтар осы кодтарды пайдаланып, «Электрондық үкімет» жүйесіне, онлайн-банкингке немесе туыстарының банк шоттарына қол жеткізеді. Осы ретте министрлік SMS-тегі кодтардың жеке мәлімет екенін және оларды ата-анадан басқа ешкімге айтуға болмайтынын ескертті. Баламен әңгімелескенде ерекше мән беретін жайттар: * қандай жағдайда да SMS арқылы келген кодтарды ешкімге бермеу; * қоңырау шалған адам өзін мұғалім немесе мектеп қызметкерімін десе де, бірден ата-анасына хабарласу; * күдікті сілтемелерге өтпеу, бейтаныс қосымшаларды жүктемеу. Ата-аналар не істей алады: *…