Ауқымды шараға облыстық басқармалар мен мекемелердің қызметкерлері, жастар ұйымдарының белсенділері, еріктілер, сондай-ақ қала тұрғындары қатысып, қоршаған ортаның тазалығы мен көркейтілуіне өз үлестерін қосты. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі Шара барысында саябақтың барлық аумағы қамтылып, қоқыс жиналды, ағаштардың түбі қопсытылып, жасыл желектер суарылды. Сенбілікке қатысушылар демалыс орындарындағы орындықтарды тазалап сынған ағаш бұтақтарын жинады. Сонымен қатар, жас көшеттер отырғызылып, гүлзарлар ретке келтірілді. Бұл жұмыстар саябақтың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындарға жайлы демалыс орнының қалыптасуына ықпал етті. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі Жастар белсенділері сенбілік кезінде экологиялық мәдениетті насихаттап, табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндірді. Олар қоршаған ортаның тазалығын сақтау әр азаматтың міндеті екенін, мұндай іс-шаралар тек…
Автор: qaztimes
Көрнекті қайраткер, Алаштың аяулы перзентінің еңселі ескерткіші Қостанай қаласында бой көтерді. Салтанатты іс-шара барысында Мәжіліс спикері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Фото: Жаслан Жұмабеков – Төл тарихымызда азаттық үшін аянбай күрескен, ұлттың рухын көтеруге өлшеусіз үлес қосқан тұғырлы тұлғалар аз емес. Соның бірі әрі бірегейі – Міржақып Дулатұлы. Ол қазақтың асқақ арманы мен мұң-мұқтажын терең түсініп, ел мүддесіне қалтқысыз қызмет етті. Жұрттың сана-сезімін жаңғырту жолында еңбек етіп, жасампаз рухтың жаршысы болды. Адамзатқа ортақ құндылықтарды кеңінен дәріптеп, жастарды өнер-білімге үндеді. Міржақып Дулатұлы әдебиетімізді жаңа деңгейге көтеруге зор еңбек сіңірді. Халқымыздың біртуар перзентінің қайраткерлік қасиеті мен азаматтық ұстанымдары өскелең ұрпаққа…
Биыл жазда павлодарлық мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеуге ұзақ уақыт тұруып қалуы себепті күзде автокөлік бензині мен дизель отынының өндірісі азаюы мүмкін деген әңгіме тараған. Бұл жағдай онсыз да бағасы күннен күнге қымбаттап келе жатқан бензиннің көлемін азайтып, отандық нарықта дүрбелең тудырып жібере ме деген күдік болды. Kazinform тілшісі мәселені анықтап көрді. «ПМХЗ» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Сергей Петруктың айтуынша, жылдың алғашқы 8 айында кәсіпорын 1044,4 мың тонна автобензин, 1281,2 мың тонна дизель отынын. 136,8 мың тонна авиаотын, 255,5 мың тонна мұнай битумын, 249,6 мың тонна көлемінде жағатын мазут өндірген. — Энергетика министрлігі 2025 жылға бекіткен өндірістік жоспарға сәйкес, «ПМХЗ» ЖШС 5,5 млн…
Trend: Баку-Тбилиси-Джейхан құбыры арқылы мұнай жөнелту қайта басталды Қазақстанның ұлттық компаниясы «ҚазМұнайГаз» Баку-Тбилиси-Джейхан (БТД) мұнай құбыры арқылы экспортты қайта бастады. Бұл туралы Trend агенттігі хабарлады. Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қыркүйекте Ақтау портынан БТД бағытына 8,8 мың тонна Қашаған мұнайы жөнелтілді. Келесі жөнелту 20 қыркүйекте жоспарланып отыр. Айта кетейік, осы маршрут бойынша жеткізулер тамыз айында уақытша тоқтатылған еді. 2025 жылдың алғашқы 8 айында Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты арқылы 0,9 млн тонна мұнай транзиттелген. 2022 жылы «ҚазМұнайГаз» бен Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы SOCAR Қазақстан мұнайын транзиттеу туралы келісімге қол қойған болатын. 2024 жылы тараптар Әзербайжан аумағы арқылы транзитті кезең-кезеңімен арттыру жөнінде келісімге келген.…
Бұл құжат АҚШ Аббасқа виза беруден бас тартып, оның Нью-Йоркке бару мүмкіндігін шектегеннен кейін дауысқа шығарылды. Дауыс беру барысында 145 мемлекет қарарды қолдады, АҚШ бастаған бес ел қарсы болды. Тағы алты мемлекет дауыс беруге қатысқан жоқ. АҚШ билігі бұған дейін палестиналық делегацияға — президент Аббасқа, Палестина әкімшілігі мен Азат ету ұйымының өкілдеріне виза беруден бас тартқан болатын. Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, бұл шешім тамыз айының соңында, жыл сайынғы Бас Ассамблея сессиясының алдында, мемлекеттік хатшы Марко Рубионың бастамасымен қабылданған. Шешім жарияланған күні Израиль әскері Газа секторын ұрыс аймағы деп жариялаған еді. Осыған дейін БҰҰ конференциясында 10 мемлекет Палестинаны мойындайтыны туралы жаздық.
Бірнеше минуттық тік форматтағы бұл мини-драмалар тығыз сюжеті мен «жедел әсер» баяндауы арқылы миллиардтаған көрерменді баурап алды. 2024 жылы нарық көлемі 500 млрд теңгеден асып, 2027 жылға қарай 1000 млрд теңгеден асады деп болжанған. Қысқа бейнефильмдер 2018 жылы Douyin және Kuaishou сияқты платформаларда пайда болып, бастапқыда пайдаланушылар жасаған контент ретінде тарады. Бүгінде бұл кәсіби индустрияға айналды. Қытайдың Синьхуа ақпарат агенттігінің http://www.news.cn/ent/20241126/65523f2be9c64320bb6e1a6721c6426c/c.html хабарлауынша, 2024 жылы Қытайдың желілік аудиовизуалды қауымдастығы жариялаған «Қытайдың микро қысқа бейнефильмдер индустриясының даму ақ кітабы (2024)» деректері бойынша нарық көлемі 504,4 миллиард юаньға (шамамен 31 триллион теңге) жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 34,9%-ға өсті. Бұл көрсеткіш Қытайдағы кинотеатрлардың кассалық…
— Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитет Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіне айналады. Негізгі мақсат – ел экономикасына, соның ішінде бұрын шетелге заңсыз шығарылғанды да қоса алғанда, қаражатты құюға ынталандыратын жүйе құру, -деді Бас прокурор өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмысын оң бағалады. Прокуратура органдары қысқа мерзімде ауқымды жұмыс атқарды – мұндай көлемдегі қаражат осындай қысқа уақытта бұрын-соңды қайтарылған емес. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңды іске асыру аясында олигополия субъектілерінен 1,3 трлн теңгеден астам қаражат өндірілді, оның шамамен 850 млрд теңгесі мемлекет кірісіне түсті. Қайтарылған қаражат есебінен жалпы сомасы…
Революция неден басталды? 4 қыркүйекте Непал билігі Facebook, Instagram, WhatsApp, YouTube, X, Reddit және LinkedIn желілеріне қолжетімділікті шектеді. Бұл шешімді олар өтініштердің Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігіне уақытылы тіркелмеуімен түсіндірді. Бұл шектеудің алдында елдегі әлеуметтік талас-тартыс шиеленісіп кеткен еді. Шенеуніктердің балалары байлығымен мақтанып, желіге неше түрлі сурет салатын. Бұл күнкөріске ақша таба алмай жүрген халықтың ашу-ызасын тудырды. Өйткені Непал әлемдегі ең кедей елдердің бірі саналады. Елдің экономикасы құлдырап барады. Күнкөріс қамымен жастар шетелге жұмыс іздеп кетуге мәжбүр. Непалда жан басына шаққандағы жылдық табыс 1400 доллардан аспайды. Бұған қоса, жемқорлық жайлаған. Осы кезеңде бай-шонжарлардың желідегі әрекеті әлеуметтік алауыздықты үдетті. Билік әлеуметтік…
Оның сөзі Қытайдың сыртқы істер ведомствосының сайтында жарияланды. — TikTok мәселесіне қатысты Қытайдың ұстанымы түсінікті. ҚХР Үкіметі корпорацияның ниетін құрметтейді және мүдделердің тепе-теңдігін сақтай отырып, Қытай заңдары мен ережелеріне сәйкес келетін тиісті шешім қабылдау үшін нарық талабына сай комммерциялық келіссөздер жүргізуді қолдайды, — деп келтірді Си Цзиньпиннің мәлімдемесін Қытай СІМ сайты. Си Цзиньпин Қытай мен АҚШ арасындағы қатынастардың маңыздылығын атап өтті. Біздің сауда-экономикалық мәселелер бойынша командаларымыздың арасында жуырда болған консультациялар теңдік рухы мен өзара құрметті көрсетті. — АҚШ-тың көптеген келіссөздердің барысында қол жеткізілген жетістіктердің нәтижесін жоққа шығаратын біржақты сауда шектеулерін енгізуден бас тартқаны дұрыс, -деп келтірді Қытай төрағасының сөзін СІМ…
ЕСІМДЕР 60 жыл бұрын (1965) театр және кино актері, тележүргізуші, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Ғани Әбдуалиұлы ҚҰЛЖАНОВ дүниеге келді. Қызылорда облысы Жалағаш ауданында туған. Қызылорда қалалық музыкалық училищесін, Алматы мемлекеттік театр және кино институтын бітірген. 1990-2007 жылдары М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында қызмет атқарды. 2017-2013 жылдары жас көрермен театрының бас директоры, 2013 жылдан бастап Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртісі болды. М. Мақатаевтың «Қош, махаббат» спектаклінде Айбар, М. Байджиевтің «Қалындық пен күйеуінде» — күйеу, У. Шекспирдің «Асауға тұсауындағы» — Гортензио, М. Әуезовтің «Айман-Шолпанындағы» — Арыстан, Е. Замятиннің «Еділ патшасында» — Вегила,…