Синьхуа агенттігінің мәліметінше, бұл құрылғылардың 4 миллионнан астамы жалпыға ортақ, ал жеке қуаттағыштар саны 13 миллионнан асты.
Қытай автокөлік өндірушілері қауымдастығының мәліметі бойынша, биылғы жылдың алғашқы сегіз айында жаңа энергетикалық көліктерді өндіру және сату көлемі сәйкесінше 9,625 миллион және 9,62 миллион дананы құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 37,3% және 36,7% өсті.
Еске салсақ, Қытай мен ЕО электрлік көліктердің бағасы жөнінде келіссөз жүргізбек.

