Шаттл-автобустар көрермендерді концерт өтетін «Астана Арена» стадионына жеткізеді.
Көрермендерді жеткізу сағат 16:00-ден бастап бес аялдамадан басталады.
- «Астаналық цирк» автотұрағы;
- «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;
- «Қазақстан» спорт кешені (Қ.Сәтбаев көшесі) алдындағы автотұрақ;
- Орталық саябақ автотұрағы;
- «Бас мешіт» алдындағы автотұрақ.
Қосымша шаттл-маршруттардың ұйымдастырылуы жолдағы көлік кептелісін азайтып, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Backstreet Boys концертінде 2,5 мың полицей қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін жазғанбыз.

