Бұл заң жобасын ҚР Көлік министрлігі ұсынды. «Камышановка» өткізу бекеті «Ақсу» (Қазақстан) және «Төмөнкү-Чүй» (Қырғызстан) деген жаңа атауға ие болады. Ол тәулік бойына жұмыс істейді. Бұған қоса «Камышановка» және «Бесағаш» екіжақты бекеттеріне енді халықаралық деген мәртебе беріледі. Құжатты ратификациялау транзиттік-көлік әлеуетін кеңейтіп, екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын нығайтып, өзге көлік өткізу бекеттеріндегі жүктемені азайтады. Нәтижесі халықаралық келісімге қол қойылғаннан кейін 1 жылдың көлемінде біліне бастайды деген сенім бар. Құжат жобасы 3 қазанға дейін көпшілік талқылауына ұсынылады. Осыған дейін Ресеймен шекарадағы павлодарлық өткізу бекеттерін жаңарту жұмыстары басталғаны туралы жаздық.
Автор: qaztimes
Аптасына бес күн төрт сағаттан жаттығамыз Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform Ақтөбе қаласының Кірпішті тұрғын алабында орналасқан Теннис орталығы мүгедектігі бар адамдардың спортпен шұғылдануына ыңғайлы мекенге айналды. Мұнда қазір арбадағы тенниске қатысатын ересектер мен жасөспірім жаттығу жасайды. Әдетте қарапайым адамдар 2 сағатын спортқа арнаса, арбада отырған жандар аптасына бес күн 4 сағат бойы қолына ракетка ұстайды. Олар түсте екі, кешке екі сағат бойы жаттығу жасап, шеберліктерін шыңдайды. Үш жылдағы жетістік — Ақтөбе Қазақстандағы ең мықты командасы бар аймақ. Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform — Төрт жыл бұрын жол-көлік апатына түсіп, екі аяғымнан айырылдым. ІІ-топ мүгедегімін. Күйзеліске түсіп, қайғы жеп, бос жатқанды ұнатпайтын…
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған рейтингіне сәйкес, қазақстандық спортшы бір сатыға жоғарлап, 5021 ұпаймен әйелдер арасында 48 кг салмақ дәрежесінде көш бастады. Ресейлік Сабина Гилязова екінші орын, ал 23 жасар италиялық спортшы Ассунта Скутто үшінші орынға тұрақтады. Айта кетерлігі, бұл Әбиба Әбужақынованың алғаш рет әлемдік рейтингіде көш бастауы. Осыған дейін хабарлағанымыздай, Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатын 12 медальмен аяқтады. Отандастарымыз Индонезия астанасы Джакарта қаласында өткен құрлықтық додада 1 алтын, 4 күміс және 7 қола алды.
Сағат 16:00-ден бастап «Көктөбеге» көтерілетін аспалы жол тегін болады. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарының тау басына көтеріліп, музыкалық кештің куәсі болуға жол ашады. Ал сағат 18:00-де «Көктөбе» саябағының сахнасында классикалық музыкаға арналған халықаралық фестиваль – «Көктөбе опера – 2025» шымылдығын түрмек. Алматылықтар Зарина Алтынбаева, Расул Жармағамбетов, Жәмила Баспанова, Балуан Беркенов, Оксана Давыденко, Нұржан Бәжекенов, Венера Алпысбаева және Марина Алтухова сынды белгілі опера шеберлері өнер көрсетеді. – «Салтанат» би ансамблінің әсерлі қойылымдары, Il canto квартеті мен дирижёр Алексей Беляков басқарған симфониялық оркестрдің өнері кештің көркін кіргізеді. Фестивальдің арнайы қонақтары испандық тенор Энрике Феррер және жапон балеринасы Ариса Хасимото, — деп хабарлады…
– Кейінгі 24 сағат ішінде магнитудасы 3,7-ден 7,8-ге дейінгі 132 дүмпу болды. Оның 29-ын облыс тұрғындары сезді. Облыс губернаторының шешімімен аймақта табиғи төтенше жағдай жарияланды, — деп хабарлады Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Камчатка өңіріндегі бөлімшесі. Мәлімдемеде ғалымдардың Камбал жанартауының белсенділігін тіркегені және туристерге одан аулақ жүруге кеңес берілгені айтылған. Сонымен қатар Безымянный, Шивелуч, Ключевской, Карым және Крашенинников жанартауларының белсенді атқылауы жалғасып жатыр. – Облыс тұрғындары мен қонақтарына да осы аймақтардан аулақ жүруге кеңес беріледі, — деп атап өтті агенттік. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Камчатканың шығыс жағалауында 7,7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелгенін жазған едік.
Грант кімдерге беріледі? Ақтөбе облысында былтыр 566 адам қайтарымсыз грант иеленді. 2024 жылы 400 АЕК, яғни, 1 476 800 теңге қарастырылған. Грант кез келген адамға берілмейді. Адам жұмыссыз болуы тиіс әрі осал топтың біріне кіруі керек. — Көпбалалы отбасы, мүгедектігі бар адам, мүгедектігі бар баланың асыраушысы, яғни, ата-анасы, қандастар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар мен асыраушысынан айырылған әйелдер қатыса алады. Жұмыссыз болуы шарт. Екі санаты болса ғана Enbek.kz электронды еңбек биржасына жұмыссыз ретінде тіркеледі. «Бастау бизнес» курсын онлайн оқиды. Оқыту 14 күнге арналған. Еңбек мобильдігі орталығының мамандары жүйеге тіркейді, кілтсөзді береді. Қатысушы 14 күнге арналған курсты бір аптада да меңгеріп шыға…
Мыналарды білуіңіз керекҚазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 42-4-бабына сәйкес, тұтынушы құқылы: заңбұзушылықтарды жоюды талап етуге, тауардың немесе қызметтің кемшіліктерінен келген залалды өтеуді сұрауға.Наразылық хат қалай жазылады?Наразылық хат еркін түрде жазылады. Онда көрсетілуі тиіс:қандай құқықтары бұзылғаны, тауардың немесе қызметтің кемшіліктері, тұтынушының талаптары (ақшаны қайтару, тауарды ауыстыру, кемшілікті жою және т.б.). Наразылық хат қайда жолданады?• Тікелей сатушыға (қабылданғаны туралы белгі алу қажет);• Пошта арқылы сатушының заңды мекенжайына;• Электронды түрде (e-mail немесе онлайн жүйелер арқылы).Сатушының міндеттеріСатушы (дайындаушы, орындаушы) міндетті:• тұтынушының наразылығын қарауға,• 10 күнтізбелік күн ішінде жазбаша жауап беруге,• өз ұстанымын растайтын құжаттардың көшірмесін қоса ұсынуға. Егер жауап болмасаЕгер сатушы 10…
Арменпресс-тің ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлауынша, ол сонымен қатар Йемен астанасы Санада хуситтердің туының орнына еврей елінің туы қойылатынын жеткізді. -Абдель Малик аль-Хуси, сенің уақытың келеді. Сен үкіметіңмен және өзге зұлымдықтың ордасына айналған серіктестеріңмен тозақта жолығасың, — деп жазды Исраэль Кац Х әлеуметтік желісінде. -Хуситтердің туындағы «Израильге өлім, еврейлерді қарғыс атсын» деген ұран көк пен ақ түсті Израиль туына алмастырылып, Йемен астанасында желбіреп тұрады,-дейді министр. Хуситтер Газа секторындағы палестиналықтарды қолдау үшін Израиль аумағына үнемі дрондар мен баллистикалық зымырандар ұшырып, сондай-ақ Қызыл теңізде еврей мемлекетімен байланысты жүк кемелеріне шабуыл жасап келеді. Оған жауап ретінде Израиль әскери әуе күштері Йемен аумағындағы хусит нысандарына…
Ол ITF және ATF деңгейіндегі республикалық және халықаралық турнир өткізуге ыңғайлы. Орталық аумағында төрт жабық қатты жабынды корт, төрт ашық қатты жабынды корт, алты топырақ жабынды корт орналасқан. Көрермен үшін ашық алаңдарда 150 орындық, ғимарат ішінде 100 орындық трибуна бар. Жаңа орталықтың жалпы аумағы 5 мың шаршы метрден асады. Фото: Алматы әкімдігі Кәсіби спортшыларға да, әр жастағы әуесқойларға да арналған орталық халық тығыз қоныстанған ауданда орналасқан. Жаттығу үшін білікті жаттықтырушылар тартылып, теннисшілерді даярлауға және бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасалады. Тұрмысы төмен отбасылардың балалары үшін кемінде екі топ (әрқайсысы 10 адамнан) тегін сабақтар ұйымдастырылады. Сонымен қатар көпбалалы отбасылар мен зейнеткерлер жеңілдікпен…
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт оқшауланды. Еске салайық, оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Өрт орнында далалық лагерь құрылып, жеке құрамға тамақтану ұйымдастырылды, жеке қорғаныс құралдары берілді. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында топырақпен жедел қамтамасыз ету үшін төрт карьер жабдықталды. Бұған дейін Алатау қаласының қоқыс полигонындағы ірі өртке байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді.