Автор: qaztimes

19 қыркүйек күні Флорида соты АҚШ президенті Дональд Трамптың New York Times газетіне қарсы миллиард долларлық талап арызын уақытша қанағаттандырмады. Судья Стивен Мерридей 85 беттік шағым тым ұзақ және процессуалдық талаптарға сай емес деп түсіндірді. Осы аптаның басында Трамп New York Times газеті мен оның бірнеше журналисіне жала жапты деп айыптағанын мәлімдеді. Ол газет «қасақана» оны 2024 жылғы сайлау алдында беделін түсіруге әрекет жасады деп айыптады.  Президент шығынды 15 миллиард долларға бағалап отыр.  Алайда газеттегілер бұл мәлімдемелерді негізсіз деп санайды. – Арыздың заңдық негізі жоқ және тәуелсіз журналистиканы басып-жаншу әрекеті, — деді редакция өкілі. Ол «Нью-Йорк Таймс» газеті «қорықпай» жұмысын…

Read More

Қазақстандық балуан 87 келіге дейінгі салмақта бозкілемге шығып, армениялық спортшы Виген Назарянмен белдесті. 1/8 финалдық кездесуде отандасымыз қарсыласынан 3-1 есебімен басым түсті. Еске сала кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль үшін күресетінін, ал Демеу Жадыраевтың әлем біріншілігін 5-орынмен аяқтағанын хабарлаған едік.   

Read More

Теңіз өнімдері Омега-3 май қышқылына бай. Сондықтан болар кейінгі кезде адамдар аптасына бір күнді балық жеуге арнайды. Бұл жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайтуға, холестерин деңгейін төмендетуге және зат алмасуды қалпына келтіруге септігін тигізеді. Сонымен бірге теңіз өнімдерінде бойға тез сіңетін ақуыз бар. Йод, мырыш, селен, кальций және қалқанша безі жұмысына оң әсер ететін В тобының дәруменін теңіз өнімдерінен таба аламыз. Адам иммунитетін нығайтады, жүйке жүйесін қалпына келтіреді. Балық, асшаян, шаян және мидияны тұрақты тұтыну шаш, сүйек, бет терісіне пайдалы. Медицина қызметкерлері аптасына бір емес, екі рет тұтынуға кеңес беретіні содан болса керек. Сол теңіз өңірдері адамдар үшін қолжетімді ме? Біз асшаян,…

Read More

Отандасымыз 63 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті. Ержет бұл кезеңде Солтүстік Корея өкілі Чан Киммен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті.  Бұған дейін Ислам Евлоев (87 келіге дейін) 1/4 финалға өткен болатын. Ал грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль үшін күреседі, ал Демеу Жадыраевтың әлем біріншілігін 5-орынмен аяқтады. 

Read More

Керуен құрамына 1 000 түйе енгізіліп, олар арнайы дайындалған 1 шақырымдық жолды жүріп өтті. Бұған дейінгі әлемдік рекорд 2022 жылы Қытайда тіркелген болатын. Ол кезде тек 365 түйе қатысқан еді. Қазақстан бұл жетістікті үш еседен астам арттырып, әлем назарын өзіне аударды. Фото: Алматы облысы әкімдігі Іс-шараға Англиядан арнайы келген Гиннестің рекордтар кітабының өкілі Ричард Стэннинг қатысып, керуеннің әр қимылын қатаң бақылап отырды. Фото: Алматы облысы әкімдігі – Мен мұндай көлемдегі түйе керуенін бірінші рет көріп отырмын. Қазақстанның бұл жетістігі тек ұлттық мәдени мұра ғана емес, бүкіл әлемдік қазына ретінде бағалануы тиіс, — деді ол жетістік тіркелген сәтте. Фото: Алматы облысы…

Read More

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дерегіне сай, 2024 жылы 7,3 мыңнан астам адамның үстінен 4 649 қылмыстық іс (2023 жылы 4 128 іс) қозғалған. Бұл ретте сотталғандар саны өткен жылдармен салыстырғанда 12,5%-ға өсті. Атап айтқанда, 2023 жылы 6 535 адам темір торға қамалған еді. – Сыбайлас жемқорлықтан мемлекет мүддесіне 2 трлн 812 млрд сум (шамамен $228,3 млн) залал келгені анықталды, — делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлттық баяндамасында. 2023 жылы жемқорлық қылмыстарынан ел экономикасы 1,4 трлн сум ($113,6 млн) шығынға батқан еді. Залал көлемі бойынша Андижан (680 млрд сум), Ташкент (332 млрд сум), Наманган (308 млрд сум) және Сырдария…

Read More

Мерекелік шараның шымылдығы Шымкент қалалық өзбек драма театры әртістерінің Абай мен Әлішер Науаи бейнелерін сомдаған ерекше сахналық көрінісімен ашылып, қонақтар ұлттық құндылықтарды айшықтаған көрмелерді тамашалады. Фото: Шымкент қаласының әкімдігі Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиев, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймолдинов, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимов, «Дўстлик» қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжанов, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының м.а. Заңғарбек Усупахметов, Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нүркен Әлімқұлов, Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев және қоғам белсенділері қатысты. Фото: Шымкент қаласының әкімдігі Фото: Шымкент…

Read More

Редакторлар, журналистер, операторлар мен техникалық мамандар Ұлы Дала даңғылынан бастап, Нұра-Есіл арнасының жағалауындағы 2 гектар жерді тазалады. Тазалық жұмыстарына 150 адам қатысты. Қызметкерлер аймақты қоқыстан, шіріген жапырақтар мен бұталардан тазартып, қаланың тазалығына деген қамқорлықтың және экологиялық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform Іс-шара «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акция мен Бүкіләлемдік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында өтті. Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform Бүгін ауқымды сенбілік астананың барлық аумағын қамтыды. Оған қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың, шағын және орта бизнес, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, сондай-ақ коммуналдық қызмет пен…

Read More

Науқан символикасы алма бейнесімен тікелей байланысты. Apple жаһандық технологиялық корпорациясының атауы да алмамен байланысты. Алма – Қазақстанның мәдени, қаржылық және туристік орталығы Алматының символы, ал Нью-Йорк қаласы бүкіл әлемге өзінің бейресми «Big Apple» атауымен белгілі. Шара барысында студенттер мен қазақ диаспорасының өкілдерінен тұратын консулдық өкілдері, еріктілер жұртшылыққа QR коды бар алма таратты. Оларды сканерлеу арқылы Нью-Йорк тұрғындары мен қонақтары Қазақстан, Алматы қаласы, алманың тарихи тамыры және Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланыстар туралы мәлімет алды. Қазақстанның алманың отаны ретінде танылуына ерекше мән берілді. Алматы маңындағы Тянь-Шань тауларының етегінде қазіргі алма сорттарының көпшілігіне негіз болатын жабайы алма ағашы Malus sieversii күні бүгінге…

Read More