Айтуынша рейс авиакомпанияның кесірінен кешіккен жағдайда алдымен жолаушыларға хабарландыру жіберуі керек. Ол хатта міндетті түрде қанша уақытқа кешігетіні, қандай себеппен кешіккені туралы ақпарат болуы керек. Сонымен қатар екі сағаттан кейін салқын су, ал, 4 сағаттан кейін ыстық тамақ беруге міндетті. – Егер күндізгі уақытта сегіз сағат немесе түнгі уақытта алты сағат күтетін жағдайда қонақүйде тұру қызметтерін ұсынуы қажет. Сондай-ақ бұл талаптар орындалмаған жағдайда әуе компаниялары әкімшілік жауапкершілікке тартылады, — дейді Әділет Көбенов. Фото: видеодан алынған скрин Ұшақ кешігуінің бірнеше себебі бар, — дейді Халықаралық әуе қатынасын реттеу басқармасының басшысы. Көп жағдайда ауа райының күрт өзгеруіне байланысты болады. Бұл ретте жолаушылардың…
Автор: qaztimes
Шенеуніктер мынадай фактілерді келтіріп отыр. Ертең, 21 қыркүйекте елордада жылдың ең үлкен шоуларының бірі – аты аңызға айналған Backstreet Boys тобының концерті өтеді, оған 45 елден 12 мыңнан астам қонақ келеді. Концерттің жалпы көрермені 30 мыңнан асады. Астананың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана Астанаға шамамен 750 мың турист келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға артқан. Оның 180 мыңы шетелдік қонақтар болды. Келушілер саны бойынша бірінші орында Ресей, Қытай, Түркия, АҚШ және Германия болды. Биылдың өзінде елордада ондаған ауқымды шаралар өтті. Comic Con Astana 2025 рекордтық 70 000 қатысушыны, оның ішінде 36 елден 10…
Кәсіпқой бокс кешін жапонялық Saikou X Lush промоутерлік компаниясы Азиядағы Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA Asia) және Халқаралық бокс федерациясының (IBF) қолдауы аясында ұйымдастырады. Айта кетерлігі, бокс кешінде Қырғызстан және Жапония боксшылары өнер көрсетеді. Сондай-ақ қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов және өзбекстандық Хасанбой Дусматов шаршы алаңға шығады. Қазірге боксшылардың нақты қарсыластары анықталған жоқ. Бокс кеші 25-26 қазан күні Бішкек Аренада өтеді. Еске салсақ, Сәкен Бибосынов 20 шілде күні кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, филиппиндік 23-жастағы Кристиан Леганды (6-2-3, 4 KO) нокаутқа жіберген болатын.
Горное ауылы Жаман-сопка шағын тауының етегінде орналасқан. Елді мекен мал шаруашылығымен айналысуға қолайсыз, сол себепті тұрғындар тас өңдеуді қолға алған. Мұнда қазір 30 шақты үй болса, соның жартысынан астамы құлпытас жасайды. Фото: Қорғанбек Әбіловтің жеке мұрағатынан Қорғанбек Әбіловтің бұл ауылға көшіп келгеніне 20 жылдан асқан. Жүргізуші, құрылысшы болып істеген ол соңғы 15 жылдан бері тас өңдеп, тапсырыс қабылдайды. Фото: Қорғанбек Әбіловтің жеке мұрағатынан – Шөп алу керек, отын алу керек, бір тасымды өткізсем бір қыстық отынымды сатып аламын. Мен қазір зейнеткермін, мен үшін бұл ермек, жастарға қиын. Таспен жұмыс істеу оңай емес, «тас қопарып келдің бе» деп бекерден айтпайды ғой.…
Александр Шевченко екінші айналымда әлемнің 36-ракеткасы, франциялық Джованни Мпетчи Перрикармен бетпе-бет келді. Бірінші партияда франциялық теннисші тай-брейкте басым түсті — 7:6 (7:2). Екіншісінде Шевченко есе қайырды — 7:6 (7:5). Содан кейін үшінші, шешуші сетте жеңісті жұлып алды — 6:4. Екі сағат 10 минутқа созылған тартысты бәсекеде Шевченко 10 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Қарсыласы 24 эйспен ерекшеленді. Александр Шевченко жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 168-орындағы жапониялық Таро Дэниелмен таласады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Шевченконың Қытайдағы ATP 250 жарысын жеңіспен бастағанын жазған едік.
ЫСТАНБҰЛ Америкалық X компаниясының әлеуметтік медиа аккаунтында жарияланған БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы палестиналық босқындарға көмек және жұмыс жөніндегі агенттігінің (БАПОР) мәлімдемесіне сәйкес Газа қаласынан Палестина эксклавының оңтүстік аудандарына қоныс аудару құны орташа есеппен 3 180 долларды құрайды. – Көшіру 1 000 доллар, отбасылық шатыр сатып алу 2 000 доллар, шатыр тігу үшін жерді жалға алу 180 доллар тұрады, — делінген хабарламада. БАПОР бұл шығындар Израиль блокадасына байланысты жеті айға жуық сақталып келе жатқан жанармай тапшылығына, сондай-ақ агенттік орталықтарына гуманитарлық көмек жеткізудегі кедергілерге байланысты екенін атап өтті. – Орналастыру орындары толып кетті, екі жылға жуық соғыстан кейін шатыр тігу үшін жер табу…
Бұл туралы ДСҰ мәселелері жөніндегі Өзбекстан басшысының арнайы өкілі Азизбек Урунов мәлім етті. Оның айтуынша, аталған хаттамаларға көршілес ел Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Саида Мирзиёеваның қатысуымен Женевада өткен келіссөз барысында қол қойылды. – Бұл біздің тек ДСҰ-ға қосылуымызға бағытталған мәмілелер емес, сонымен қатар тиісті келісімдер Өзбекстанның әлем елдерімен іскерлік байланыстарды нығайтуына жол ашады, — деп хабарлады Азизбек Урунов. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Өзбекстан 29 елмен келіссөзді аяқтады. Енді осындай хаттамаларды растауы тиіс тағы үш мемлекет қалып отыр. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстан ДСҰ-ға қосылу келіссөздерін биыл аяқтауға ниетті. Сондай-ақ ДСҰ-ға қосылу бойынша Қытай мен Өзбекстан арасындағы келіссөзге биыл Астанада нүкте қойылды.
Оның айтуынша, сапар бағдарламасында екіжақты кездесулер бар. Соның ішінде Америка басшысымен де басқосу жоспарланып отыр. Зеленский келіссөздерде Украинаның қауіпсіздік кепілдігі, сондай-ақ Ресейге қарсы санкциялар талқыланатынын түсіндірді. – Біз серіктестеріміздің Украинаға бере алатын кепілдіктерін және Ресейге қарсы санкциялық қысымды күшейту шараларын талқылаймыз, — деді ол. Украина көшбасшысы бірінші ханымдар – оның әйелі Олена Зеленска мен Мелания Трамптың кездесуі мүмкін екенін де мәлімдеді. Талқылау тақырыбы гуманитарлық мәселелер, әсіресе балаларды қорғау мәселелері болады. Бұған дейін Путин Зеленскиймен кездесуді Мәскеуде өткізуді ұсынғанын жазған едік.
Бұл кездесуде «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Ақтөбе» шеберлік байқасты. Матч барысында командалар жылдам гол соғуға тырысты. Ойынның 6-минутында жезқазғандық Георгий Бугулов қарсылас қақпасынан саңылау тауып кетті. Оған 45-минутта ақтөбелік клубтан Жайро Жан бір голмен жауап қайырды. Ал 74-минутта «Ұлытау» сапынан Бағдат Данияров жеңіс голын соқты.Осылайша жезқазғандық команда қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті. Аталған турда 25 шілдеде «Жеңіс» (Астана) пен «Оқжетпес» (Көкшетау) 0:0 есебіне қанағат білдірді. Бұл турдағы 30 сәуірде алдын ала өткізілген ойында «Атырау» өз алаңында «Астанаға» 0:2 есебімен жол берген еді. Сондай-ақ 26 шілдеде алматылық «Қайрат» сырт алаңда Қостанайдың «Тобылын» 3:1, өз алаңында семейлік «Елімай» Талдықорғанның…
Қысқа бағдарламада Қазақстан намысын Диас Жиренбаев қорғады. Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, отандасымыз бұл сайыста 64.92 ұпай жинап, аралық есепте 15-орынға табан тіреді. Қысқа бағдарламада ресейлік Петр Гуменник 93.80 ұпай еншілеп, бірінші орынға тұрақтады. Еске сала кетейік, бұған дейін Бейжіңде мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турнирі басталғанын хабарлағанбыз.