- «Тұран» университеті ішкі грант санын екі есе арттырды
- Жамбыл облысында ер адамнан 32 келі есірткі тәркіленді
- Жетісу облысының кәсіпкерлеріне кірістер органы негізсіз салық төлеткен
- Алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болыңыз: ҚР Ұлттық банкі ескертеді
- Түркістан облысында 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
- Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі небәрі 12,4% — Үкімет
- 31 шілдеде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі
- Мемлекеттен 1,5 миллион теңге грантты қалай алуға болады – Еңбек министрлігі түсіндірді
Автор: qaztimes
Құзырлы органдар Е. Тұрғымбаевты тергемек/ фото ҚР ІІМ архивінен Қаңтар оқиғасынан екі жыл өткен соң, бұрынғы Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев тұтқындалды. Бұл жөнінде ақпаратты алдымен ҚазТАГ таратты. «29 сәуірінде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде, ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды», – делінген хабарламада. Астана тергеу соты Ерлан Тұрғымбаевты екі ай бойы күзетпеу ұстау туралы шешім қабылдады. «Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты 2024 жылдың 30 сәуірінде бұрынғы Ішкі істерминистрі Е. З. Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпаушарасын санкциялады. ҚР…
Фото: shutterstock Түркия 2 мамырдан бастап Израильмен барлық экспорт пен импортты тоқтатты. Бұл туралы жағдаймен таныс екі түрік шенеунігіне сілтеме жасап Bloomberg хабарлады. Түркия статистика институтының мәліметі бойынша, екі ел арасындағы сауда 2023 жылы 6,8 млрд долларды құраса, оның 76%-ы түрік экспортынан түскен. 9 сәуірде Түркияның Газадағы соғысқа байланысты Израильге экспорты шектелгені белгілі болды. Шектеулер тауарлардың 54 тобына, атап айтқанда болат пен мыс бұйымдарына, бояғыштарға, темір мен болаттан жасалған барлық құрылыс материалына, сондай-ақ жабдықтарға, электр және талшықты-оптикалық кабельдерге, химиялық қосылыстар мен тыңайтқыштарға, авиациялық бензинге, отынға және т.б. енгізілген. Израиль Сыртқы істер министрлігі Түркияның бұл шешімін сауда келісімдерін бұзу деп атап,…
COVID-19 пандемиясы артық салмақ пен семіздікке шалдыққан мектеп жасындағы балалар санының артуына әкелді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының жаңа баяндамасында айтылған, деп хабарлайды БҰҰ жаңалықтары сайты. Мектеп жасындағы балалардың мінез-құлқы мен күнделікті тәртібін зерттеу 2021 және 2023 жылдар аралығында ДДСҰ Еуропалық аймағына мүше 53 мемлекеттің 17-де жүргізілді. Оған 50 мыңнан астам бала қатысты. Баяндама 7-9 жас аралығындағы артық салмағы бар балалар санының артқанын растайды. Бұл пандемия кезінде балалардың компьютер экрандары мен басқа құрылғылардың алдында көп уақыт өткізіп, физикалық белсенділіктің аз болуымен байланысты, деп хабарлайды ұйым сарапшылары. Сонымен қатар, зерттеуге сәйкес, сауалнамаға қатысқан балалардың 42%-ы өзін…
Сенат Ресей мұнайын Қазақстан аумағы арқылы Қытайға тасымалдауды реттейтін үкіметаралық келісім туралы заңды мақұлдады. Құжатты әріптестеріне Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев таныстырды. «Аталған хаттамаға сәйкес Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2013 жылғы жасалған келісімнің қолдану мерзімін 2034 жылға дейін ұзарту және де мұнай транзитінің көлемін, тарифті өзектендіру мәселелеріне қатысты келісімге өзгерістер енгізу көзделеді. 2023 жылдың ақпанында Ресей тарапы (Роснефть) 10 жылдық кезеңге 100 млн тонна жеткізу туралы Қытай тарапымен (СПНС) келісімін ұзартып, қол қойды. Осыған байланысты, 2023 жылдың маусымында Санкт-Петербург…
Фото: kursiv.media архив Чукоткада ірі алтын-мыс кен орнын игеруге дайындалып жатқан «Баимская» тау-кен компаниясы АҚШ-тың санциялық тізіміне ілікті. Бұл туралы АҚШ-тың OFAC ( Шетелдік активтерді бақылау басқармасы) ұйымы хабарлады. «Баимская» тау-кен компаниясы Чукотка автономиялық округіндегі Песчанка мыс-порфир кен орнында металл өндіруге лицензия алған. Компанияны қазақстандық KAZ Minerals 2018 жылы Роман Абрамович пен Александр Абрамовтың Aristus Holdings компаниясынан сатып алған. Мәміле сомасы қолма-қол ақша мен акциялар түрінде 900 миллион долларды құрады. 2023 жылдың шілдесінде оны KAZ Minerals-тың негізгі акционерлері – Владимир Ким мен Олег Новачукке тиесілі Trianon Limited сатып алды. «Бұл мәміле аяқталғаннан кейін KAZ Minerals Ресейдегі жұмысын тоқтатады», –…
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Қайрақ» өткізу бекетінде құны 230 млн теңгеден асатын криптовалюта өндіруге арналған жабдықты Ресей Федерациясына заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті. Департаменттің мәлеметінше 2023 жылдың қараша айында Қазақстанда тіркелген «А» ЖШС 640 серверді шетелге шығаруға тырысты. Осы оқиға бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабымен әкімшілік іс қозғалып, қазіргі уақытта аяқталды. Сот шешімімен барлық жүк мемлекет кірісіне тәркіленіп, 25 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. «Мемлекеттік кірістер департаменті «Ерекше тауарларды бақылау туралы» ҚР Заңының нормаларына сәйкес тиісті рұқсат құжаттарынсыз нақты тауарларды тасымалдауға тыйым салынғанын еске салады», — делінген Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Фото:…
Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатыр. Бүгін кешкі сағат 20:00–де өзен суы Индер ауданында 707, ал, Махамбет ауданында 770 сантиметрге жетті. Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, бүгін, 30 сәуірде Жайық өзенінің суы едеуір көтерілген. Мәселен Индер ауданында таңертеңгі 08:00–де су деңгейі 693 сантиметрді құраған. Ал, кешкі сағат 20:00–ге дейін 14 сантиметрге көтеріліп, 707 сантиметр болды. Махамбет ауданында да осындай ахуал қалыптасып отыр «Индер, Махамбет аудандарында Жайық өзенінің қауіпті деңгейі — 850 см. Ал, Атырау қаласында 550 см қауіпті деңгей саналады», -деп хабарлады облыстық жедел штабтан. Мұнда таңертеңгі сағат 08:00–де Жайықтың деңгейі 764 сантиметр еді. Кешкі сағат 08:00–де 770 сантиметрге жетті. Жайық өзені…
Қазақстан мен Түркия балабақшаларының оқу бағдарламасына қазақтың ұлттық ойыны енгізілді. ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының мәліметінше, бүгінгі таңда еліміздің және Түркияның бірқатар балабақшасының оқу бағдарламасына қазақтың ұлттық «Бестемше» ойыны енгізілген. «Бестемше» — әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын, тоғызқұмалақ ойынының ықшамдалған түрі. Фото: Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Кішкентай балалардың қауіпсіздігі мен мүмкіндіктерін ескере отырып жобаланған. Фото: Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Бестемше ойыны қазір 2023-2025 жылдарға арналған «Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің, тәрбиешілері мен дене шынықтыру нұсқаушыларының кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту» атты біліктілікті арттыру курсында педагогтерге оқытылып жатыр. «Құндылықтарға негізделген білім беру жобасы аясында „Бестемше“…
Павлодар облысының прокуратурасы Павлодар қалалық саябағы аумағының бір бөлігін 2 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін заңсыз беру фактісін анықтады, деп хабарлайды SteppeNews «Ауданы 1,2 гектар „Металлургтер“ паркінің жер учаскелері жер және сәулет заңнамасын бұза отырып, жоғарыда аталған нысаналы мақсатта пайдалану үшін „Eurasian Resources Group“ компанияларының бірі — „Қазақстан алюминийі“ АҚ-ға тікелей бөлінген», — деп жазды бақылаушы органнан. Қадағалау актісі бойынша заңсыз рұқсат беру құжаттарының күші жойылды, жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. Саябақ аумағы қалпына келтірілді, кінәлі лауазымды түлғалар қызметінен босатылды.
29 жасар азамат пәтерінде өлі күйінде табылды. Облыстық прокуратура аталған оқиға бойынша полиция органдары тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Баянауыл аудандық прокурорының көмекшісі пәтерінде өлі күйінде табылды. Алдын ала дерек бойынша ол өзіне-өзі қол жұмсаған. Павлодар облыстық прокуратурасы аталған фактіні растады. «Баянауыл аудандық прокуратурасы қызметкерінің өліміне қатысты облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1–тармағы бойынша (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», — деп хабарлады өңірлік прокуратураның баспасөз қызметінен. Қайтыс болған азаматтың соңында екі баласы мен әйелі қалды.