Құзырлы органдар Е. Тұрғымбаевты тергемек/ фото ҚР ІІМ архивінен
Қаңтар оқиғасынан екі жыл өткен соң, бұрынғы Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев тұтқындалды. Бұл жөнінде ақпаратты алдымен ҚазТАГ таратты.
«29 сәуірінде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде, ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды», – делінген хабарламада.
Астана тергеу соты Ерлан Тұрғымбаевты екі ай бойы күзетпеу ұстау туралы шешім қабылдады.
«Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты 2024 жылдың 30 сәуірінде бұрынғы Ішкі істерминистрі Е. З. Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпаушарасын санкциялады. ҚР ҚПК -нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды», – деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.
Қаңтар оқиғасынан лауазымды тұлғалар, әксерилер, ҰҚК қызметкерлері тергеліп, сотталды. Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев өз қызметінде қалған еді.