Павлодар облысының прокуратурасы Павлодар қалалық саябағы аумағының бір бөлігін 2 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін заңсыз беру фактісін анықтады, деп хабарлайды SteppeNews
«Ауданы 1,2 гектар „Металлургтер“ паркінің жер учаскелері жер және сәулет заңнамасын бұза отырып, жоғарыда аталған нысаналы мақсатта пайдалану үшін „Eurasian Resources Group“ компанияларының бірі — „Қазақстан алюминийі“ АҚ-ға тікелей бөлінген», — деп жазды бақылаушы органнан.
Қадағалау актісі бойынша заңсыз рұқсат беру құжаттарының күші жойылды, жер учаскелері мемлекетке қайтарылды.
Саябақ аумағы қалпына келтірілді, кінәлі лауазымды түлғалар қызметінен босатылды.