Автор: qaztimes

2024 жылдың 19 мамырында Ираннан солтүстік-батысқа қарай, Шығыс Әзербайжан өлкесінде тікұшақ апатқа ұшырап, Иран Президенті Эбрагим Раиси мерт болды. Осыған орай Kazinform ұшақ апатынан қаза тапқан әлемдік көшбасшылар жайында шолу ұсынады. Автономды Орталық Африка Республикасының бірінші премьер-министрі Бартелеми Боганда Фото: rfi.fr 19 ғасырдың соңынан бастап 1958 жылға дейін бұл мемлекет Франция колонияларының бірі еді. Бартелеми Боганда Франция қоғамдастығының құрамындағы Автономды Орталықафрика Республикасының бірінші премьер-министрі болды. Бастапқыда рим-котолик шіркеуінің діни қызметкері болған Б.Боганда саясатқа халқының өмір сүру жағдайын жақсартып, әлеуметтік әділеттік орнатамын деген нық сеніммен келген-ді. Ол 1949 жылы Францияның Экваторлық Африка халықтарының құқықтары мен тәуелсіздігін қорғауда шешуші рөл атқаратын «Қара…

Read More

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары қадағалау актілері бойынша тиісті шара қолданбағаны үшін лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ведомствоның мәліметінше, қадағалау органы жыл басынан бері прокурорлардың актілері бойынша әрекет етпеген мемлекеттік органдардың үш басшысын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 664-бабы бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартты. Мәселен, Жамбыл ауданының әкімдігі «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына қайшы, прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджеттік заңнамада жіберілген олқылықты жою бойынша шаралар қолданбаған. Осындай фактілер Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінде және Ақжар ауданының білім беру бөлімінде анықталды. Олар да прокурордың ұсынысы бойынша заңбұзушылықтарды жою шараларын қолданбаған. Осылайша бұл мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары әкімшілік құқық…

Read More

Мемлекет басшысы Түркия Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмушты қабылдады, деп хабарлайды SteppeNews Кездесуде Қазақстан мен Түркияның кеңейтілген стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  Мемлекет басшысы парламенттік дипломатияның әлеуетін жоғары бағалайтынын атап өтіп, Түркия Ұлттық Мәжілісі төрағасының Қазақстанға сапарының мәні зор екеніне назар аударды. Фото: Ақорда Нуман Куртулмуш атажұртта түрік делегациясына көрсетілген сый-құрмет үшін ризашылығын білдірді. – Бүгінгі кездесу Достық және ынтымақтастық туралы келісімнің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Мұның символдық мәні бар. Жақында ғана әріптесім Режеп беймен телефон арқылы сөйлестім. Біз үнемі хабарласып отырамыз. Сондықтан екі ел арасындағы диалог өте жақсы дамып келе жатыр.…

Read More

Алматыда құтқарушыларға пәтер берілді, деп хабарлайды SteppeNews агенттігі. Қалалық ТЖД бастығының орынбасары Бағдат Чайзада департамент басшысының атынан қызметкерлердің отбасыларына индустриялық аймақтағы жаңа өрт сөндіру депосының ғимаратында және Алатау ауданы Карпатская көшесіндегі №14 өрт сөндіру бөлімінің күрделі жөндеуден өткен ғимаратында орналасқан 20 қызметтік пәтердің кілтін табыс етті. Қызметтік пәтер алған ТЖД қызметкерлерінің қатарында радиотелефоншылар, өрт сөндіруші-құтқарушылар, жүргізуші-нұсқаушылар, бөлімше командирлері, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының жұмысшылары бар. Фото: Алматы қаласы ТЖД «Біз сіздердің халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлестеріңізді бағалаймыз. Сондықтан қызметтік пәтерлердің кілтін тапсыру мен үшін үлкен мәртебе. Тұрмыстық жағдайды жақсарту гарнизон қызметкерлерінің тиімділігін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз. Әкімдіктің қолдауымен жылдан-жылға…

Read More

 Қызылорда қаласындағы каналдан белгісіз жағдайда қаза болған 50 жастағы адамның жансыз денесі табылды. Оқиға Қызылорда қаласына қарасты «Бәйтерек» шағын ауданы маңындағы «Ардақ» суару каналында болған. «Облыстық төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағының күшімен каналдан белгісіз жағдайда қаза болған 1973 жылы туған адамның мәйіті шығарылды. Оқиға орнында 5 құтқарушы 1 техника,1 қайықпен жұмыс істеді. Суару каналының ені 10 метр болса, тереңдігі – 1 метр», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергеновтің айтуынша, облыс су айдындарында 4 адам қаза тапқан. Олардың 1-еуі ересек болса, қалғаны балалар.

Read More

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров 17-18 мамырда Бішкекте болған оқиға бойынша қырғызстандықтарға бейнеүндеу жасады. Жапаров жерлестеріне ренішін жеткізіп, елдің атына кір келтіргендерін айтты. Қырғыз Прехиденті мемлекеттің қоғам өмірінде барлығын алаңдататын жағымсыз оқиғаға тап болғанын атап өтті. Оқиғаның мәнін түсінбей, арандатушылыққа бой алдырған топтардың әрекетінен қырғыз халқы мен мемлекетінің көп бөлігі сын-қатерге ұшырады. «18 мамыр күні интернетте 13 мамырда болған оқиға туралы әртүрлі ақпарат пен бейнематериалдардың таралуының қандай салдарға әкеп соққанын көрдік. Егер құқық қорғау органдары жедел шаралар қабылдап, өз іс-әрекеттерін жұртшылыққа дер кезінде түсіндіргенде, мұндай ушығу болмас еді. Ішкі істер министрлігі 13 мамырда болған оқиғаға кінәлілерді ұстады және жедел әрекет…

Read More

 Бүгін Жайық өзеніндегі су Индер ауданында төмендеп, Махамбет ауданының аумағында көтерілді. Қазір екі ауданда су арнасының деңгейі бірдей болып тұр. Атырау облысының жедел штабы таратқан ақпаратқа қарағанда, бүгін күндізгі сағат 12:00–де Жайық өзеніндегі судың деңгейі Индер және Махамбет ауданында 1015 сантиметрді көрсетіп тұр. «Бүгін, 20 мамырда таңертеңгі сағат 08:00–ден бері Жайық өзені Индер ауданында -6 сантиметрге төмендеді. Ал, Махамбет ауданында +4 сантиметрге көбейді. Қазір екі ауданда да өзен суы 1015 сантиметрді көрсетіп тұр»,-деп хабарлады облыстық жедел штабтан. Жайық өзені Индер ауданында соңғы рет 14 мамырда +3 сантиметрге көтерілген еді. Сол күні Индербор кенті тұсында өзен суының деңгейі 1041 сантиметрге жетті.…

Read More

 Қ.Ясауи кесенесінде музей түні іс-шарасы өтті. Кесенеге келушілер қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады. Сондай-ақ «Абылайханның Қ.Ясауи кесенесіне зиярат жасауы» атты тарихи қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Кесенедегі үлкен Ақсарай, кіші Ақсарай, мешіт бөлмелеріне экскурсиялық шолу жасалды. Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform Салтанатты шарада көпшілікті мерекемен құттықтаған «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей қорығының директоры Мәулен Садықбеков жас хикметшілерге «Алғыс хат» табыс етті. Сондай-ақ, шарада 300 адамға «хәлім ботқа» асы таратылды. «Бұрын мұнда ет пен бидайды 24 сағат бойы қайнатып пісіретін «Хәлім ботқа» тамағы дайындалатын болған. Аптасына екі рет әзірленетін ботқаны ағаш астауларға салып, қариларға, дәруіштерге, жарлы-жақыбайларға, мүгедектерге, жиналған көпшілікке, жолаушыларға үлестірген. Күн сайын асханада пісірілген…

Read More

Қалалық іріктеу турнирінде жеңіске жеткен Сахан Әбдіқасым «Қазақстан Барысында» Алматының намысын қорғайды. Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен «Алматы Барысы» іріктеу турнирі өтті. Спорттық додаға қаланың 8 ауданынан 2 спортшыдан қатысты. Осылайша, бас-аяғы 16 балуан өзара кіл мықтыны анықтады. Жарыс барысында жауырыны жерге тимеген Сахан Әбдіқасым «Алматы Барысы» атанды. Үздік үштік қатарында Айбек Ізтілеуов және Сәбит Қайратбек те бар.

Read More

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Недовесов Турин (Италия) турнирінің финалына шыға алмады. Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген еді. А.Недовесов – Г.Эскобар жартылай финалда доданың 1-ракеткалары, германиялық Андреас Мьес – ұлыбританиялық Нил Скупскимен кездесті. Бірінші партияда фавориттер басымдылық танытты – 6:2. Екіншісінде олар 4:2 есебімен алға шыққанымен, қазақстандық-эквадорлық дуэт таразы басын теңестіріп қана қоймай, тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:4). Дегенмен супер тай-брейк А.Мьес – Н.Скупскидің пайдасына шешілді – 10:5. Бір сағат 56 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында А.Недовесов – Г.Эскобар 4 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Қарсыластары 4 эйс, 3 брейкпен…

Read More