Қалалық іріктеу турнирінде жеңіске жеткен Сахан Әбдіқасым «Қазақстан Барысында» Алматының намысын қорғайды.
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен «Алматы Барысы» іріктеу турнирі өтті. Спорттық додаға қаланың 8 ауданынан 2 спортшыдан қатысты. Осылайша, бас-аяғы 16 балуан өзара кіл мықтыны анықтады. Жарыс барысында жауырыны жерге тимеген Сахан Әбдіқасым «Алматы Барысы» атанды. Үздік үштік қатарында Айбек Ізтілеуов және Сәбит Қайратбек те бар.