- «Тұран» университеті ішкі грант санын екі есе арттырды
- Жамбыл облысында ер адамнан 32 келі есірткі тәркіленді
- Жетісу облысының кәсіпкерлеріне кірістер органы негізсіз салық төлеткен
- Алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болыңыз: ҚР Ұлттық банкі ескертеді
- Түркістан облысында 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
- Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі небәрі 12,4% — Үкімет
- 31 шілдеде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі
- Мемлекеттен 1,5 миллион теңге грантты қалай алуға болады – Еңбек министрлігі түсіндірді
Автор: qaztimes
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 73 жастағы зейнеткерге қатысты үкім шықты. Аталмыш соттан түскен мәліметке қарағанда, зейнеткер ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылды. Орал қаласында ер адам өзімен 48 жыл бірге тұрған зайыбын өлтірген. «Зейнеткер өздерінің тұрып жатқан пәтерінде әйелін соққыға жығып, аяқкиімнің бауымен қылғындырып, сосын қолымен мойнынан буындырып өлтірген. Сот отырысында сотталушы жасаған іс-әрекетіне өкінетіндігін, қылмысын мойындайтынын көрсетті», — деп хабарлады ведомстводан. Сот үкімі күшіне енген жоқ.
Түркістанда «Ел бақыты – еңбек пен бірлікте» тақырыбында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясы өтті. Онда қазақ отбасына келін болып түскен орыс қызы көпшілік алдында сәлем салып, ақсақалдардың батасын алды. Сессияға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшелері мен облыстық мәслихат депутаттары және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері қатысты. Сессия барысында Түркістан облыстық славян этномәдени бірлестігінің мүшесі Елена Стребкова сөз сөйлеп, өңірде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бойынша мазмұнды баяндама жасады. «Ұлтым орыс болғанмен, мен қазақтың келінімін. Сондықтан қалың елдің алдына шыққан соң…
Алматы қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына С. есімді азаматша жүгінген. Ол баласының әкесі танымал блогер ретінде қомақты қаражат тапқанымен, алиментке небәрі 20 мың теңге төлейтінін хабарлаған. Сот бұған дейін Ж.-ның С. есімді кәмелетке толмаған баланың әкесі екенін анықтап, осыған байланысты Ж.-ға табысының және (өзге) қаражат көздерінің ¼ бөлігі мөлшерінде алимент төлеуді міндеттеген. Істі қарау барысында баланың әкесі Ж. өзінің жалақысы 70 мың теңге екенін көрсететін анықтама ұсынған. Алайда Ж. банк шоттарында айтарлықтай қомақты қаражат бар екені және оның демалыс мақсатында шетелге жиі баратыны анықталды. ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 141-бабына сәйкес, ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларға…
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің атынан Иран президенті Ибрахим Раисиді жерлеу рәсіміне барады. Бұл ақпаратты Мәжілістің баспасөз қызметі Kazinform тілшісіне растады. Спикер бүгін Мәжілістің жалпы отырысына жартылай қатысты. Естеріңізге сала кетейік, Иранның сегізінші президенті Ибрахим Раиси 19 мамырдан 20 мамырға қараған түні тікұшақ апатынан қаза тапты.
Мегаполистің бірнеше шағын ауданы бір аптаға жуық сусыз қалған. Қала әкімшілігі тұрғындарды сумен қамтамасыз етуге міндетті компанияның сот арқылы жауапқа тартылатынын хабарлады. Бұған дейін қиын жағдайда қалған «Ерменсай» шағын ауданының тұрғындары жаңбыр суын шелектеп жинаған. «Водснаб ГПВ» ЖШС (бұрынғы «Орхан» ЖШС) — «Асқартау», «Ерменсай», «Ақтөбе» шағын аудандарының, «Ремизовка» бау-бақша серіктестігі, «Дружба» бау-бақша серіктестігі, «Курортное» бау-бақша серіктестігі және «Ремизовка», «Сакура», «Династия» сынды ірі ТҮК тұрғындары үшін басты су жеткізуші. 17 мамыр күні аталмыш компанияның жеке меншігіндегі сумен жабдықтау құбыры жарылған. Төтенше жағдай 18 мамырда жойылып, бірақ сол күні сорғы станциясы істен шыққан. 19 мамырда сорғы қалпына келтірілсе де, оның қуаттылығының төмендігіне…
Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1 900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеліп, 600-ден астам әйел бір жылда осы патологиядан көз жұмады. Бұл туралы Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева ӨКҚ бнифингінде мәлім етті. «Адам папилломасы вирусы (АПВ) — теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы. Вирус жылдам таралуға қабілетті, қатерлі ісікті өзгеруге әкелетін қоздырғышқа айнала отырып, соның салдарынан қатерлі ісікті дамытуымен қауіпті. Жатыр мойны обырының дамуына әйелдің АПВ инфекциясын жұқтыруы себеп болатыны ғылыми дәлелденген. Статистикаға сүйенсек, жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1 900-ге жуық жаңа жағдайы тіркелді, 600-ден астам әйел бір жылда…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Фото: akorda.kz «Парасат» орденімен: ▪️Тікішев Темір – А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқытушысы. Фото: akorda.kz «Құрмет» орденімен: ▪️Асқаров Азамат Асқарұлы – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының әртісі; ▪️Ахатов Асылбек Құсымұлы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің әртісі; ▪️Әбілдина Ғайнижамал Байкәрімқызы – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры; ▪️Джулмухамедова Айжан Абылайханқызы – А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқытушысы; ▪️Карменова Тоғжан Жанатқызы – А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі директорының орынбасары; ▪️Қалдыбаева Гүлжан Ақмәдиқызы –…
Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,86 теңгеге төмендеп, 1 доллар 441,80 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 21 мамырдағы ресми бағамы — 1 доллар үшін 443,72 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы — 441,9 теңге, сатып алу — 443,5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 440 теңгеден болса, сатып алу — 445. Алматыда Ресей рублі 4,83 — 4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,79 — 4,89 теңгеден сатылуда.
«Қатаң шаралар қабылданады»: Ғани Бейсембаев директордың жеке дәретханасы туралы дауға пікір білдірді
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептердегі сыртқы дәретхана мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтып берді. «Алматы облысы Төңкеріс ауылында түсірілген видео әлеуметтік желіге тарады. Онда мектеп директоры өзінің жеке дәретханасын ашып алған. Ал жүзден астам мұғалім бір әжетханаға барады. Бұл оқиғадан хабарыңыз бар ма?», — деп сұрақ қойды тілшілер. Министр бұл бір ғана жағдай екенін және мәселені білім басқармасы қатаң бақылауда ұстап отырғанын айтты. «Бірінші анықтап алайық. Оқиғаның қаншалықты рас екені, өндіріске, білім сапасына, мектеп жұмысын үйлестіруге келтірілген басқа да залалдары анықталса, тиісті қатаң шаралар қолданылады. Тексеру соңын күткен дұрыс деп ойлаймын», — деп жауап берді Оқу-ағарту министрі. Жалпы мектептегі дәретхана тақырыбы…
Бостандық ауданының 20 мың тұрғыны сусыз отыр. Тіршілік көзінен ажырап қалған тұрғындар әлеуметтік желілерде қала әкімдігіне шағымдануда. 4 күн сусыз отырған Ерменсай ықшам ауданының тұрғындары жаңбыр суын шелекпен жинауға кіріскен. Тұрғындардың айтуынша, аймақты сумен қамтамасыз етіп отырған «Водснаб» ЖШС ауыз суды толығымен өшіріп тастаған. — Алматы қаласы Бостандық ауданының 20 мың тұрғыны сусыз қалды. Қала әкімдігі ештеңе істемей отыр. «Водснаб» ЖШС бір ықшам ауданның суын өшіріп тастады. Жергілікті атқарушылар тек уәде берумен шектеледі. Сумен қамтамасыз ету құбырлары толықтай жеке адамдарға тиесілі. Олар техникалық жағынан қызмет етуге қауқары жетпейді. Ал сумен қамтамасыз етудің жаңа жобалары іске қосылған жоқ, — деп жазды Арсен Бейсембаев.