Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,86 теңгеге төмендеп, 1 доллар 441,80 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 21 мамырдағы ресми бағамы — 1 доллар үшін 443,72 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы — 441,9 теңге, сатып алу — 443,5 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 440 теңгеден болса, сатып алу — 445.
Алматыда Ресей рублі 4,83 — 4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,79 — 4,89 теңгеден сатылуда.