Бостандық ауданының 20 мың тұрғыны сусыз отыр. Тіршілік көзінен ажырап қалған тұрғындар әлеуметтік желілерде қала әкімдігіне шағымдануда.
4 күн сусыз отырған Ерменсай ықшам ауданының тұрғындары жаңбыр суын шелекпен жинауға кіріскен.
Тұрғындардың айтуынша, аймақты сумен қамтамасыз етіп отырған «Водснаб» ЖШС ауыз суды толығымен өшіріп тастаған.
— Алматы қаласы Бостандық ауданының 20 мың тұрғыны сусыз қалды. Қала әкімдігі ештеңе істемей отыр. «Водснаб» ЖШС бір ықшам ауданның суын өшіріп тастады. Жергілікті атқарушылар тек уәде берумен шектеледі. Сумен қамтамасыз ету құбырлары толықтай жеке адамдарға тиесілі. Олар техникалық жағынан қызмет етуге қауқары жетпейді. Ал сумен қамтамасыз етудің жаңа жобалары іске қосылған жоқ, — деп жазды Арсен Бейсембаев.