Автор: qaztimes

Батыс Қазақстан облысында 376 мектепте 122 мыңнан астам оқушы білім алса, биыл соның 10 450-ы 9-сыныпты бітіріп, 6 411-і алтын ұядан түлеп ұшады. БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, 233 оқушы «Алтын белгіден», 328 түлек «Үздік аттестаттан» үміткер. Айгүл Әділгерейқызының сөзіне қарағанда, мектеп бітірушілер үшін оқу жылының аяқталуына арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» іс-шарасы 25 мамыр күні өтеді. «Мектептердің барлық 9, 11-сынып түлектері қорытынды және мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. 9-сынып бітірушілері үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 10 маусым, ал 11-сынып бітірушілері үшін мемлекеттік емтихандар 28 мамыр мен 11 маусым аралығында болады. 9-сыныптарда…

Read More

Батыс Қазақстан облысында биыл 134 жобаға 114,4 млрд теңге қаражат бөлініп, 579 шақырымнан астам автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланып отыр. БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бауыржан Айтмағамбетовтің Kazinform тілшісіне мәлім еткеніндей, 2024 жылы автокөлік жолдарын жөндеу үшін 1 128 мың тоннадан астам қиыршық тас қажет. Фото: БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Бауыржан Есқайырұлының сөзіне қарағанда, осындай көлемдегі материалдарды тасымалдау үшін 16 мыңнан астам вагон керек. «Күні бүгінге барлық қажетті көлемнің 61 пайызы (691 мың тонна немесе 10 мың вагон) қамтамасыз етілді. Барлығы 10 теміржол вагон құрамы жұмылдырылды. Сондай-ақ биылға қажетті 38 мың тонна битум көлемін ескере…

Read More

 Ресей президенті Владимир Путин 26-27 мамырда Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды SteppeNews агенттігі. Ресей басшысының көмекшісі Юрий Ушаковтың ТАСС агенттігіне ұсынған ақпаратына сай, сапар барысында қос тарап бірқатар құжатқа қол қоймақ. Айта кетейік, 21 мамырда Владимир Путин мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесіп, жоспарланып отырған кездесулер мен іс-шаралар кестесін талқылаған болатын. Владимир Путин кейінгі рет Өзбекстанға 2022 жылы қыркүйек айында Самарқандағы ШЫҰ-ның (ШЫҰ) саммитіне қатысу үшін барған.

Read More

Шығыс Қазақстан облысында 1 700-ден астам адам тері обырына шалдыққан. ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында «Тері қатерлі ісігі және меланома туралы республикалық ақпараттандыру апталығы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Онда өңір бойынша қанша адамның тері обырына шалдыққаны айтылды. «Бүгінде диспансерлік есепте тері обырымен 1 743 адам, меланомамен 202 адам тұр. Көбінесе бұл ауру Өскемен, Риддер қалалары мен Глубокое, Шемонаиха, Алтай аудандарында анықталған», — дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас онкологы, Көпсалалы онкология және хирургия орталығының директоры Гүлмира Сағидуллина. Өткен жылдың өзінде Шығыс Қазақстан облысында тері қатерлі ісігінің 472, меланоманың 41 жаңа жағдайы тіркелген. «2024 жылдың бірінші тоқсанында тері…

Read More

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,17 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 443,03 теңге. Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 441,79 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,90 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 443,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 444 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 441 теңге, сатып алу құны – 446 теңге. Ресей рублі 4,84 – 4,94 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Read More

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумы аясында мұнай химиясы өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорын – Indoramа корпорациясы басшыларының бірі Амит Лохиамен кездесті. Сингапурда орналасқан Азиядағы жетекші химия өнеркәсібі холдингінің 32 елде 136-дан астам өндіріс алаңы бар. Сондай-ақ әлемдегі ең ірі компаниялардың – Forbes Global 2 000 тізіміне кіреді. Президентке берілген мәлімет бойынша аталған компания Жамбыл облысындағы фосфор кен орны базасында толық циклді фосфор тыңайтқышы өндірісін ашу жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Фото: Ақорда Былтыр маусым айында Indorama корпорациясы елімізде химия өнеркәсібін дамыту мақсатында АХҚО юрисдикциясында жаңа кен орындарын игеретін Indorama Kazakhstan Mining еншілес ұйымын тіркеді. Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп…

Read More

Жыл басынан бері еліміздің аумағында 33 есірткі зертханасы жойылды. Бұл жайында Мәжілістің жанындағы Қоғамдық палата отырысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты. «Елдегі есірткі ахуалы үш негізгі факторға байланысты: өзімізде өсетін канабис шикізатының болуы, солтүстік бағыт бойынша ауған героинінің трафигі, синтетикалық препараттардың таратылуы. Әсіресе, оңтүстік өңірлеріміз ірі көлік-логистикалық тораптарда орналасқан — Алматы қаласы, Алматы, Жетісу облыстары. Биыл аталған облыстарда синтетикалық есірткі өндіретін зертханалардың негізгі бөлігі байқалды. Жыл басынан бері құқық қорғау және арнайы органдармен 33 есірткі зертханасы жойылды. 10 тоннадан астам прескусорлар тәркіленді. Осылайша, тұтынуға дайын 1 тонна есірткі затының өндірісіне жол берілмеді. Бұл — шамамен 3 млн бір реттік доза…

Read More

Қазақтың мәдени мұрасы — «Ортеке» өнері Қытайда танымал болды. «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, Қытай қазақтары туралы «Менің Алтайым» телехикаясындағы «Ортеке» биі түсірілген кадр қытайлық көрермендердің қызығушылығын тудырған. Қытайлық Tik-Tok және Weibo әлеуметтік желілерінде «Ортеке» өнері туралы тақырып қызу талқыланып, Қытайдағы қандастарымыз «Ортеке» туралы көптеген видеолар жүктеген. Айта кетерлігі, Алтай аймағы Қаба ауданының қарт ұстазы Серік Қыдырмолла телехикаяда «Ортеке» күйін орындаған. Серік Қыдырмолланың айтуынша, бұл қойылым бір кездері түрлі мереке-тойларда қазақ халқына кең тараған. Бірақ соңғы жылдары бұл өнер бірте-бірте жойылып барады. Алайда, «Менің Алтайым» телехикаясы жас ұрпаққа қазақтың көне мұрасын нәсихаттауға мүмкіндік берген. Еске салайық, «Ортеке» биі 2022 жылы ЮНЕСКО-ның Материалдық…

Read More

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жазғы сауықтыру маусымы қарсаңында қала сыртындағы балалар лагерьлерінде санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізеді. Алдын алу шаралары. Биыл сумен жабдықтаудың жай-күйін, тамақ өнімдерінің сапасын және балалар тұратын жерлерде гигиена нормаларының сақталуын бақылау шаралары күшейтілетін болады. Әр лагерьде қажетті көмек көрсету үшін медициналық персоналдың болуы қарастырылған. Әрбір лагерьге бекітілген ықтимал эпидемиологиялық жағдайларға дайындық деңгейін арттыру мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары сауықтыру лагерьлерінің қызметкерлері үшін 100-ден астам оқыту семинарларын өткізді, 163 лагерьде санитариялық қағидалардың талаптары бойынша консультациялар мен түсіндірмелер ұйымдастырылды, оларды сақтау ашылуға рұқсат алу үшін қажет. Балалар мен олардың ата-аналарына жеке гигиена және жұқпалы аурулардың алдын…

Read More

Т. Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институты жанында салынып жатқан сквер былтыр қолданысқа берілуі тиіс еді. Мердігер мен әкімдік арасында сот болып, құрылыс әлі аяқталмай тұр. Ал ақтөбеліктер болса мүлікті қиратуға көшкен. Ақтөбе қаласындағы әйгілі әскери институт жанында тұрған жаңа сквер көпті өзіне тартады. Мұнда ұшақтар мен тікұшақтар тұр. Бәрі де бір кездері әскери мақсатта қолданылған. Бұл орын бұрын Отан қорғаушылар күні ашылып, танымдық шара өткізетін жер болса, әкімдік соңғы жылдары жерді алып, демалыс орнын ашуды жоспарлады. Бұл жердегі құрылыс былтыр аяқталуы тиіс болатын. Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform Айта кетейік, бұл жерге балалардың ойын алаңы салынып, адамдар жүруге…

Read More