Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,17 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 443,03 теңге. Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 441,79 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,90 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 443,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 444 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 441 теңге, сатып алу құны – 446 теңге. Ресей рублі 4,84 – 4,94 теңге аралығында саудаланып жатыр.