Ресей президенті Владимир Путин 26-27 мамырда Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды SteppeNews агенттігі.
Ресей басшысының көмекшісі Юрий Ушаковтың ТАСС агенттігіне ұсынған ақпаратына сай, сапар барысында қос тарап бірқатар құжатқа қол қоймақ.
Айта кетейік, 21 мамырда Владимир Путин мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесіп, жоспарланып отырған кездесулер мен іс-шаралар кестесін талқылаған болатын.
Владимир Путин кейінгі рет Өзбекстанға 2022 жылы қыркүйек айында Самарқандағы ШЫҰ-ның (ШЫҰ) саммитіне қатысу үшін барған.