Автор: qaztimes

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин дзюдошы Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында топ жаруымен арнайы құттықтады. «Біздің даңқты спортшымыз Елдос Сметовті Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтаймын! Елдос бұл медальға қол жеткізу үшін үш олимпиадалық циклді артта қалдырып, өзінің нағыз чемпиондық мінезін көрсетті! Бұл алтынды Елдос алмағанда, кім алады?! Ұлттық Олимпиадалық комитет атынан Елдос пен оның бапкері Ғалымжан Жылгелдиевті Париж Олимпиадасындағы алтын медальмен құттықтаймын! Елдостың жеңісті бастамасы ұлттық құрама үшін жалғасын таба берсін! Алға, Қазақстан!» — деді ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин.

Read More

Дзюдодан әйелдер арасында 48 келі салмақта татамиге шыққан Әбиба Әбужақынова жарыстан кейін шағын сұхбат беріп, жүлдеге қол жеткізе алмағаны үшін жанкүйерлерінен кешірім сұрады. «Өкінішке қарай, жүлдеге қол жеткізе алмадым. Қола медаль үшін таластағы қарсыласым өте ыңғайсыз болды. Барымды салдым. Бірақ, жүлдесіз қалдым, үміттеріңізді ақтай алмадым, кешіріңіздер», — деді Әбиба Әбужақынова. Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова париж Олимпиадасын 5-ші орынмен аяқтады. Әбужақынова жұбаныш белдесуінде Парагвай дзюдошысы Габриэла Нарваесті ұтып, қола медальға таласу мүмкіндігіне ие болған еді. Сондай-ақ, Әбиба Әбужақынова бірінші белдесуінде Израиль балуаны Сара Ришониді Waza-Ari ұпайымен жеңсе, екінші кезеңде Тайпей спортшысы Чен-Хао Линнің жауырынын 17 секундта жер иіскетті.

Read More

Бүгін Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақ боксшылары да жекпе-жекті жеңіспен бастады. Нақтырақ айтсақ, боксшыларымыздан 63,5 келі салмақта қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы кездесуін өткізіп, қарсыласынан басым түсті. Фото: Владислав Семенов Ол алғашқы айналымда испаниялық Ойер Ибареччемен жұдырықтасты. Бұл кездесудің қорытындысы бойынша отандасымыз төрешілердің бір ауызды шешімімен жеңіске жетті. Мұхаммедсабыр Базарбайұлының келесі жекпе-жегі 29 шілдеде Тайвань елінің боксшысы Ен Чу Лайға қарсы болмақ. Айта кетейік, ертең, 28 шілдеде бокстан Қазақстан құрамасы сапынан ерлер арасында 92 келі салмақ дәрежесінде Айбек Оралбай, 71 келі салмақта команда капитаны Асыланбек Шымбергенов және әйелдер арасында 50 келі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай шаршы…

Read More

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков пәтер бағасы туралы болжамын айтты. «Кейінгі 10 айда республика бойынша пәтер бағасы бірнеше пайыз түсті. Бұл немен байланысты деп ойлайсыз? Астанада да, өңірлерде де баспана үлкен ауқыммен салынып жатқанын ескерсек, баға әрі қарай да түсе бере ме?» — деп сұрады журналист орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Комитет басшысы пәтер бағасы өспесе, түспейтінін айтты. «Бұл жерде пәтер бағасының күрт түскені байқалмағанына сендіре аламын. Өйткені инфляция баспана бағасына қалай да әсер етеді. 2024 жылдың алғашқы жартысындағы қорытынды бойынша қолданысқа беріліп жатқан баспана ауданының өсу тенденциясы бар. Құрылыс…

Read More

Футболдан Өзбекстан олимпиадалық құрамасының бас бапкері Тимур Кападзе Испаниямен өткен ойын және Олимпиадада Өзбекстан құрамасы тап болған қиындықтар жөнінде әңгімелеп берді. Кеше, 24 шілдеде Өзбекстан құрамасы олимпиадалық футбол турнирінде алғашқы ойынын Испанияға қарсы өткізді және қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді. «Бұл жерде қиындықтар кездесіп жатыр. Олимпиадалық қалашыққа келгелі бері біз әр күн сайын түрлі оқиғаларға тап келіп жатырмыз. Ғимаратқа байланысты проблема, жаттығуға бару және келу жолына байланысты келеңсіздік кездеседі. Сондай-ақ автобус уақытылы келмейді. Жолға уақыт кетеді. Оған көп уақыт жұмсаймыз. Бұл тек біздің құрамаға тән емес. Өзге командалар да дәл осындай проблемамен кездесіп отыр», — деді ол. Тимур Кападзе олимпиадалық…

Read More

Бүгін Парижде дзюдшлар арасында жеребе тарту рәсімі өтіп, отандастарымыздың қарсыластары белгілі болды. 27 шілде 48 келі. Әбиба Әбужақынова — Сара Ришони (Израиль) 60 келі. Елдос Сметов — Торнике Чкадуа (Нидерланд) 28 шілде 66 келі. Ғұсман Қырғызбаев — Давид Гарсия Торне (Испания) 29 шілде 73 келі. Данияр Шамшаев — Муроджон Юлдошев (Өзбекстан) 30 шілде 81 келі. Абылайхан Жұбаназар — Атилла Унгвари (Мажарстан) 63 келі. Эсмигул Куюлова — Любьяна Пёвесана (Аустрия) 1 тамыз 100 келі. Нұрлыхан Шархан — Тома Никифоров (Бельгия) 2 тамыз +78 келі. Кәмила Берліқаш — Адиясурен Амарсайхан (Моңғолия) Бұл күндері Франция астанасы Париж қаласында өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына…

Read More

Бішкектегі «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында Қырғызстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің бас прокурорларының кеңесі өтіп жатыр. Оған Беларусь, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстанның қадағалау департаменттерінің басшылары, ұйым хатшылығының, ШЫҰ-ның терроризмге қарсы аймақтық құрылымының және халықаралық прокурорлар қауымдастығының басшылары қатысып жатыр. Қатысушылар қазіргі әлемдегі және цифрландыру дәуіріндегі прокуратураның рөлін, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жаңа қауіптерге қарсы тұру тәжірибесін талқылап, цифрландыру жағдайында адам құқықтарын қамтамасыз етудің бірлескен стратегияларын әзірлейді. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты жалғастыру және ШЫҰ жұмысын күшейту туралы хаттамаға қол қойылады.

Read More

Атырау облысының Құлсары қаласында 12,1 шақырым жолды жаңартуға 2,4 млрд теңге бөлінген. Алайда, жолға төселген асфальттың қалыңдығы жобаға сәйкес емесі анықталған. Фото: Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол құрылысы саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше назар аударылып отыр. Қазір сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына енгізілген және салынып жатқан автомобиль жолына сыртқы талдау басталды. Мәселен Құлсары қаласындағы қайта жаңартылып жатқан жолдың сапасына мониторинг жүргізілген. «Жылыой ауданында су тасқыны кезінде бүлінген жол қалпына келтіріліп жатыр. Аудан орталығы — Құлсары қаласының 18 көшесіндегі ұзындығы 12,1 шақырым жолды қайта жаңартуға 2,4 млрд теңгеден астам…

Read More

«Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының басшылығы багажды тасымалдау тарифін 1 келісі үшін 100 теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдады. ШЫХО баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шешім Қорғас аумағында багажды тасымалдау қызметін көрсететін компаниялардың бірнеше рет өтініші негізінде қабылданған. «Багажды қабылдау/беру бойынша қызмет көрсету сапасын жақсарту және туристердің/келушілерге ұсынылатын қызметті жақсарту мақсатында багаждың 1 келісі үшін багажды тасымалдау тарифін 100 теңгеге дейін арттыру туралы шешім қабылданды. Тариф 2024 жылдың 27 шілдесінен бастап багажды тасымалдаушылармен қосымша келісімге қол қойылғаннан кейін күшіне енеді», — делінген хабарламада. Айта кетейік, қазіргі уақытта жүк тасымалдаудың келісі 80 теңге. Бұл – Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың негізгі…

Read More

 Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Париж Олимпиадасында неге ойнамайтынын түсіндірді. Е.Рыбакина қазақстандықтарға Париж Олимпиадасына қатыса алмайтынын өкінішпен хабарлады. «Уимблдон турнирінен кейін жіті бронхитпен ауырдым. Жаттығуға оралуға әрекеттенсем де, менің ағзам толықтай қалпына келген жоқ. Дәрігерлер кортқа шығуыма қатаң тыйым салды. Париж Олимпиадасында біздің құрама үшін өнер көрсетіп, ел үмітін ақтай алмайтыным өте өкінішті. Токиода медальға қол созым жерде болдым. Парижде Қазақстан үшін алтын алуға мұқият дайындалдым. Өкінішке қарай, ауру бұл жоспардың орындалуына мүмкіндік бермеді. Барлық қазақстандық спортшыларға Парижде сәттілік пен табыс тілеймін. Мен біздің барлық атлеттерімізге жанкүйер боламын, олардың Олимпиадада ел намысын абыроймен қорғайтынына сенемін. Алға, Қазақстан!» деді Е.Рыбакина.

Read More