Бішкектегі «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында Қырғызстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің бас прокурорларының кеңесі өтіп жатыр.
Оған Беларусь, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстанның қадағалау департаменттерінің басшылары, ұйым хатшылығының, ШЫҰ-ның терроризмге қарсы аймақтық құрылымының және халықаралық прокурорлар қауымдастығының басшылары қатысып жатыр.
Қатысушылар қазіргі әлемдегі және цифрландыру дәуіріндегі прокуратураның рөлін, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жаңа қауіптерге қарсы тұру тәжірибесін талқылап, цифрландыру жағдайында адам құқықтарын қамтамасыз етудің бірлескен стратегияларын әзірлейді.
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты жалғастыру және ШЫҰ жұмысын күшейту туралы хаттамаға қол қойылады.