Автор: qaztimes

Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Ақирек ауылдық округінде тұратын Еңсеповтер әулетінің 10 келіні бір мезетте референдум учаскесіне барып, дауыс берді. Ел болашағы үшін маңызды күнде бірліктің үлгісін көрсеткен әулеттің келіндері өз таңдауын жасады. Фото: Қызылорда облысы өңірлік коммуникациялар қызметі Саяси науқанда ерекше белсенділік танытқан жандарға арнайы сыйлық табысталды. «Бүгін — ел өмірінде маңызды күн. Республикалық референдумда өз таңдауын жасаған көпшіліктің саны аз емес. Арал ауданының жырақта жатқан Ақирек ауылдық округінің тұрғындары да оған белсенді қатысып жатыр. Біз де өз таңдауымызды жасауға арнайы келдік», — дейді олар. Фото: Қызылорда облысы өңірлік коммуникациялар қызметі Әулеттің ең үлкен келіні 89 жастағы апа Айдынкүл Еңсепова болса, ол кісінің тұңғыш келіні Күлзипаш…

Read More

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Экономикалық тергеу департаменті жұмысының биылғы нәтижелері айтылды. Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Данияр Ақжановтың айтуынша, жыл басынан бері Алматыда 111 экономикалық қылмыс тіркелген, оның 79-ы сотқа жіберілді. – Ауыр қылмыстар бойынша 68 жағдай тіркелді. Тергеу нәтижесінде 47,7 млрд теңге қайтарылды. Ақшаны жылыстату және заңсыз әрекеттерді қаржыландыру үшін жиі қолданылатын цифрлық активтердің заңсыз айналымымен күресуге баса назар аударылады. 2023 жылғы 6 ақпанда күшіне енген «ҚР-дағы Цифрлық активтер туралы» жаңа Заңға сәйкес Қазақстан аумағында «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағын қоспағанда, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға тыйым салынады, — деді Данияр Ақжанов. Сонымен қатар спикер…

Read More

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет автомобиль жолдарының құрылысын қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде елеулі жемқорлық тәуекелдері анықталды. Мәселен, Жамбыл облысында 2020-2024 жылдары аралығында жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге 112 жолды орташа жөндеу жөніндегі шарттарда міндетті кепілдік мерзімдері көрсетілмеген. Бұл мердігерлерге ықтимал ақауларды жою үшін жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша тапсырыс берушілер мердігерлермен қосымша шарттар жасасты, аталған объектілер бойынша кепілдік мерзімдерін екі жылға белгіледі. Бұдан басқа, тоғыз ауылдық округтің әкімдері автомобиль жолдарын салу нормаларын сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. «Кепілдік мерзімдерін белгілеу…

Read More

 Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жекелеген сатып алушылармен дизель отынын өткізу жөніндегі шарттарды жасасудан бас тартуда тауар нарығындағы бәсекелестікті шектеуге әкеліп соққан үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша «Petrosun» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) қатысты тергеуді аяқтады. Ағымдағы жылғы 16 шілдеде Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен тергеу қорытындылары заңды деп танылған жергілікті соттардың сот актілері өзгеріссіз қалдырылды. Сондай-ақ 12 қыркүйекте Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Серіктестік «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодекстің 159-бабының 4-бөлігі бойынша алдыңғы жазадан кейін бір жыл ішінде жасалған қайталап бұзушылыққа байланысты әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Серіктестік…

Read More

17 қыркүйекте «Хезболла» мүшелері пайдаланатын пейджерлер бүкіл Ливанда бір уақытта жарылды. Кем дегенде тоғыз адам қаза тауып, үш мыңға жуық адам жарақат алды. Бұл оқиғада «Хезболла» Израильді айыптады, деп жазады Reuters. Ливандағы «Хезболла» қарулы тобының мүшелері арасында бір уақытта пейджерлердің (дауыс хабарламаларын қабылдайтын сымсыз телекоммуникациялық құрылғылар) жарылуы салдарынан кемінде тоғыз адам қаза тауып, 3000-ға жуық адам жарақат алды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, алғашқы жарылыстар 17 қыркүйек күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15:30 шамасында болып, Ливанның әртүрлі аймақтарында, соның ішінде елдің оңтүстігі мен ел астанасы Бейрутте бір сағатқа созылған. Агенттік қауіпсіздік көздеріне және оқиға орнынан түсірілген бейнематериалдарды талдауға сілтеме жасай отырып, кейбір…

Read More

 Ішкі аудит қорытындысына сай Жамбыл облысы бойынша Қазсушар филиалының директоры мен Аса өндірістік аймағының басшысы қызметінен босатылды. Бұдан бөлек, филиал директорының орынбасары мен Қордай, Байзақ, Меркі өндірістік аймақтарының басшылары қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Еске салсақ, осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша министрліктің ішкі аудит департаменті Жамбыл облысы бойынша Қазсушар филиалына тексеріс жүргізген болатын. Анықталған құқық бұзушылықтарды одан әрі қарау үшін аудит материалдары ҚР Бас прокуратурасына жіберілді. Бұл жұмыстар судың «көлеңкелі» нарығымен, су саласындағы заңсыз әрекеттермен күресу және тәртіп пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін жүзеге асып жатыр. Айта кету керек, мекеменің өзге аймақтардағы филиалдарында да тексеріс жүргізіледі.…

Read More

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған құжат жасаған Ақтөбе облысының тұрғынына іздеу жариялады. Ол жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауар жөнелтпей, жалған шот-фактуралар жазып бергені үшін күдікке ілінген. «Омаров Руслан Уланұлы, 28.07.1986 ж.т., Ақтөбе облысы Алға қаласының тумасы. 2011 жылдан 2013 жылға дейін Омаров Р.У. «Sunkar Logistics» ЖШС директоры ретінде әрекет етіп, контрагенттерге 4 млрд теңгеден астам сомаға жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берген. Мемлекеттік кірістер органдарының қорытындысы бойынша, төленбеген салық түріндегі мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асады. Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: +7-701-770-08-65 — іздеу бойынша,…

Read More

Мемлекет басшысының өкімімен ҚР ҰҚК төрағасының екі орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. «Мемлекет басшысының өкімдерімен: Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды; Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды», — деп жазылған құжатта. Сейсембаев Руслан Темірғалиұлы – ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері Білімі: ҚР ҰҚК Академиясы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған. 2021 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілді. 1997-2008 жж. – ұлттық қауіпсіздік…

Read More

Степногорск қаласының прокуратурасы 40 млн теңгені жымқыру фактісін анықтады. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлімдеді. Мәлім болғандай, қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражат ұрлағанын анықтағн. «Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып табылмайтын тұлғаға заңсыз аударған. Негізсіз аударылған қаражат сомасы 40 млн теңгені құрады, істің қатысушылары ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа берілді», — делінген хабарламада.

Read More

Қызылордада жылдамдық режимін 22 мәрте бұзған тұрғын 886 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Биылғы жылдың шілде айынан бастап Қызылорда қаласында «Қорғау» жол қозғалысын бақылау жүйесі іске қосылды. «Аталған жүйенің мүмкіндігімен 9 қыркүйекте қала аумағында «Арқан» және «Сергек» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғыларына жылдамдық режимін 22 және 7 мәрте бұзған көлік жүргізушілері анықталды. Олардың бірі 886, екіншісі 332 мың айыппұл төлеуден жалтарып жүрген. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер айып алаңына қойылды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Read More