Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Ақирек ауылдық округінде тұратын Еңсеповтер әулетінің 10 келіні бір мезетте референдум учаскесіне барып, дауыс берді.
Ел болашағы үшін маңызды күнде бірліктің үлгісін көрсеткен әулеттің келіндері өз таңдауын жасады.
Саяси науқанда ерекше белсенділік танытқан жандарға арнайы сыйлық табысталды.
«Бүгін — ел өмірінде маңызды күн. Республикалық референдумда өз таңдауын жасаған көпшіліктің саны аз емес. Арал ауданының жырақта жатқан Ақирек ауылдық округінің тұрғындары да оған белсенді қатысып жатыр. Біз де өз таңдауымызды жасауға арнайы келдік», — дейді олар.
Әулеттің ең үлкен келіні 89 жастағы апа Айдынкүл Еңсепова болса, ол кісінің тұңғыш келіні Күлзипаш Еңсепованың жасы 66-ға толған. Ал дауыс беруге олардың 19 жастағы келіні де келді.
Еске салсақ, бұдан бұрын республикалық рефрендум аясында Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Дауылкөл ауылдық округіндегі № 109 сайлау учаскесінде ақын-жыраулар дауыс берді.
Сондай-ақ мұның алдында Қызылорда облысында 103 жастағы майдангер таңдауын жасаған еді.