Қызылордада жылдамдық режимін 22 мәрте бұзған тұрғын 886 мың теңге айыппұл төлейтін болды.
Биылғы жылдың шілде айынан бастап Қызылорда қаласында «Қорғау» жол қозғалысын бақылау жүйесі іске қосылды.
«Аталған жүйенің мүмкіндігімен 9 қыркүйекте қала аумағында «Арқан» және «Сергек» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғыларына жылдамдық режимін 22 және 7 мәрте бұзған көлік жүргізушілері анықталды. Олардың бірі 886, екіншісі 332 мың айыппұл төлеуден жалтарып жүрген. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер айып алаңына қойылды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.