Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жекелеген сатып алушылармен дизель отынын өткізу жөніндегі шарттарды жасасудан бас тартуда тауар нарығындағы бәсекелестікті шектеуге әкеліп соққан үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша «Petrosun» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) қатысты тергеуді аяқтады.
Ағымдағы жылғы 16 шілдеде Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен тергеу қорытындылары заңды деп танылған жергілікті соттардың сот актілері өзгеріссіз қалдырылды.
Сондай-ақ 12 қыркүйекте Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Серіктестік «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодекстің 159-бабының 4-бөлігі бойынша алдыңғы жазадан кейін бір жыл ішінде жасалған қайталап бұзушылыққа байланысты әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Серіктестік 875 млн теңге көлемінде әкімшілік жазаға тартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.