- «Тұран» университеті ішкі грант санын екі есе арттырды
- Жамбыл облысында ер адамнан 32 келі есірткі тәркіленді
- Жетісу облысының кәсіпкерлеріне кірістер органы негізсіз салық төлеткен
- Алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болыңыз: ҚР Ұлттық банкі ескертеді
- Түркістан облысында 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
- Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі небәрі 12,4% — Үкімет
- 31 шілдеде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі
- Мемлекеттен 1,5 миллион теңге грантты қалай алуға болады – Еңбек министрлігі түсіндірді
Автор: amirbolat
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президенті Серджо Маттарелламен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысының Италияға ресми сапары Президент Серджо Маттарелламен кездесуден басталды, деп хабарлайды QazTimes агенттігі. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бұл Қазақстан Президенті ретінде Италияға жасаған алғашқы сапары екенін атап өтіп, қонақжайлық көрсеткені үшін Серджо Маттареллаға алғыс айтты. Мемлекет басшысы еліміздің Еуропа Одағындағы сенімді серіктестерінің бірі – Италия Республикасымен қарым-қатынасы ұзақ уақыттан бері өзара тиімді сипатта дамып келе жатқанын жеткізді. «Мен бүгін өзара мүддені көздейтін мәселелерді, атап айтқанда, экономикалық байланыстарды дамыту және екі елді өркендетуге бағытталған қатынастарды нығайту, сондай-ақ халықаралық өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылағым келеді», – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Италия Қазақстанның Еуропадағы негізгі сауда серіктестерінің бірі. «Өзара сауда-саттық көлемі…
«Аязды күні далада жалаңаяқ жүгірткен»: Ақтөбе балабақшасында болған оқиға елдің ашуын тудырды
Атырауда балабақша тәрбиешілері бүлдіршіндерді аязды күні қарда жалаңаяқ жүгірткен, деп хабарлайды QazTimes агенттігі. Олар өздерінің ерсі қылықтарын балалар суыққа төзімді болсын деген желеумен жасағандарын айтады. «Балдәурен» балабақшасындағы педагог тәрбиешілердің түсініксіз шешімдері ата-аналарды таң қалды. Кадрларда балалар тәрбиешімен бірге сырт киімсіз және жалаң аяқ балабақшадан шығып, қардың үстімен жүгірген. «Бұл әрекетке тек ата-аналар мен балалардың келісімімен барады. Егер бала жүгіргісі келмесе, оны ешкім мәжбүрлемейді», — деп ақталды әкімшілік.
«Оңтүстік Африка елдеріне де берілген»: шетелдіктер Қазақстаннан 9 мыңға жуық баланы алып кеткен
Қазақстандағы жетім балалар Аргентика, Мексика ғана емес, Оңтүстік Африканың кедей елдеріне де берілген. Алайда ол жаққа кеткен балалардың тағдыры әлі күнге белгісіз, деп хабарлайды QazTimes агенттігі Azattyq Ruhy-қа сілтеме жасап. Сенатор Дархан Қыдырәлі шетелге кеткен қазақстандық жетімдердің тағдыры туралы мәселе көтерді. Депутат бұл мәселе бірнеше рет көтерілгенін, тіпті прокуратура тарапынан жағдайды реттеу әрекеттері болғанын атап өтті. Бірақ, сенатор атап өткендей, көзге көрінетін нәтиже әлі жоқ. «Еліміздің Бас прокуратурасы 2014 жылы шетел асқан балалардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, арнайы тексеріс жүргізді, жетім балалар мен оларды асырап алуға ниет білдірген азаматтардың бірыңғай мәліметтер жүйесін құруды ұсынды. Бұл тексерістің нәтижесі және қабылданған шешімдердің орындалу барысы…
Ақмола облысында әкімдіктің лауазымды қызметкері не сот үкім шығарды. Лауазымды басшылар тұрғын үй салу кезінде қаржы жымқырған, деп хабарлайды QazTimes агенттігі. 50 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғандарға Көкшетау қалалық соты үкім шығарды. Мердігерге іс жүзінде аяқталмаған жұмыс үшін ақша төлеген құрылыс Басқармасы бастығының орынбасары 8 жылға, мердігер ұйымның басшысы 7 жылға, сондай-ақ нысан құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асырған сарапшы 2 жылға бас бостандығынан айрылды, Үкімге Ақмола облысы прокуратурасының құрылыс Басқармасының қызметін тексеру нәтижелері негіз болды. «Осылайша, жоғарыда аталған тұлғалар Щучинск қаласында 50 млн теңгеден астам сомаға жобалық-сметалық құжаттамадан көптеген кемшіліктері мен ауытқулары бар 100 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға қабылдағаны анықтады. Прокуратураның…
Спорт кешені адамдарды мамыр айынан бастап қабылдайы. Ағымдағы жылдың мамыр айында Жас қанат шағын ауданында денешынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспарланған. Оған күніне 600 адам келіп, спорттың әр түрімен айналыса алады, деп хабарлайды QazTimes агенттігі. Бұл туралы мегаполис басшысы Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. Сонымен қатар, бүгінде Майлин көшесі бойында «Авиатор» ДСК құрылысына, сондай-ақ Түрксіб ауданындағы №6 оқушылар үйін күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленуде. Еске салсақ,, Алматыда денешынықтыру-сауықтыру кешендері (ДСК) балалар мен жастарды қолжетімді спорт секцияларымен қамтамасыз ету, сондай-ақ халықты салауатты өмір салтына тарту үшін салынуда. 2022 жылы Алматыда «Айнабұлақ», «Кемел», «Құлагер» ш / а-да 3 жаңа кешен ашылды.Бүгінде олар штаттық режимде…
Жетісу облысында оқушы қызға шабуыл жасаған жігіт ұсталды, деп хабарлайды QazTimes агенттігінің тілшісі. Оқиға кеше, 17-қаңтар күні күндізгі уақытта Талдықорған қаласында болған. Полицияға оқушының анасы шағымданған. Арызданушының сөзінше, оның 2013 жылы туған қызы қосымша сабаққа қатысу үшін түскі уақытта Оқушылар сарайына бара жатқан. Қыздың соңынан қалмаған белгісіз жігіт 4 сыныптың оқушысы «Күншуақ» балабақшасының маңына жақындағанда шабуыл жасаған. Оқушының бетін жауып, ағаш арасына қарай сүйреп, «айғайласаң өлтірем» деп қорқытқан. Шабуылдаушыдан құтылып шыққан №14 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы жақын маңдағы компьютер кулбын паналаған. «Бұл дерек қалалық полиция басқармасында ресми түрде тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жеке құрам жұмылдырылып, шағын ауданның периметрі қоршалды. Полицейлер…
Алматының ең көне Түрксіб ауданында 5,5 мың адамға жаңадан жұмыс орны ашылмақ, деп хабарлайды QazTimes ақпараттық агенттігі. Түрксіб ауданында экономикалық көрсеткіштері оң серпін көрсетуде. Бизнестің іскерлік белсенділігі 24%-ға артты. Бұл салық түсімін 23%-ға ұлғайтуға және 5,5 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматының ең көне ауданының тұрғындарымен кездесу барысында атап өтті. «Мәселен, тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 2,2 есе (96,7 мың шаршы метрден 212,8 мың шаршы метрге дейін), өнеркәсіп 13,3%-ға (357 млрд. теңгеден 390,6 млрд. теңгеге дейін) және инвестициялар 4,7%-ға (186,2 млрд. теңгеден 202,2 млрд. теңгеге дейін) өсті», -деп хабарлады Алматы қаласы…
Таиландтың орталығындағы отшашу шығаратын зауытта жарылыс болып, кем дегенде 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды QazTimes агенттігі. Associated Press хабарлауынша, қайғылы оқиға елдің Супханбури провинциясында болған. Жарылыс радиусы 50-100 м жеткен. Сол күні жұмысқа зауыттың 20-ға жуық қызметкері шыққаны белгілі болды. Елдің Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою департаменті нақты қанша адамның зардап шеккенін әзірге нақтылаған жоқ. Ел премьер-министрі Сетти Тхависиннің кеңсесі телефон арқылы жарылыс кезінде зауытта шамамен 20-30 адам болғанын және олардың ешқайсы табылмағанын мәлімдеген видео жариялады. Тависиннің өзі Швейцарияда Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда жүр. Қазіргі кезде жарылыстың себептері анықталып жатыр. Айта кетсек, 2022 жылдың қараша айында аталған…
Башқұртстан Республикасының Баймақ қаласында халық экобелсенді Фаил Алсыновқа қатысты шығарылған сот шешімімен қарсы ереуілге шықты, деп ъабарлайды Qaztimes агенттігі. Башқұртстандағы Баймақ аудандық соты 17 қаңтарда Ресейде тыйым салынған «Башқұрт» ұйымының бұрынғы басшысы Фаил Алсыновты «араздықты қоздыру» бабы бойынша (Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 282-бабының 1-бөлігі) төрт жылға соттаған. Соттың шешіміне қарағанда, экобелсенді Орталық Азиядан келген еңбек мигранттарын қара халық деп атаған. Орыс тіліне аударылғанда ол «черный народ» болып, халық арасында «араздықты қоздырған». Ал Фаил Алсынов пен оның жақтастарының айтуынша, қара халық дегеніміз ол кәдімгі қарапайым халық деген мағынада айтылған. Сот соған қарамай, «Башқұрт» ұйымының бұрынғы басшысын төрт жылға бас бостандығынан айыру…
Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды, деп хабарлайды QqazTimes агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі. компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр. Қазақстан Президенті 19 қаңтар күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.