Атырауда балабақша тәрбиешілері бүлдіршіндерді аязды күні қарда жалаңаяқ жүгірткен, деп хабарлайды QazTimes агенттігі. Олар өздерінің ерсі қылықтарын балалар суыққа төзімді болсын деген желеумен жасағандарын айтады. «Балдәурен» балабақшасындағы педагог тәрбиешілердің түсініксіз шешімдері ата-аналарды таң қалды.
Кадрларда балалар тәрбиешімен бірге сырт киімсіз және жалаң аяқ балабақшадан шығып, қардың үстімен жүгірген.
«Бұл әрекетке тек ата-аналар мен балалардың келісімімен барады. Егер бала жүгіргісі келмесе, оны ешкім мәжбүрлемейді», — деп ақталды әкімшілік.