Автор: amirbolat

Павлодар облысында агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау саласына тексеру жүргізілді. Нәтижесінде мемлекетке жарты миллиард теңге шығын келгені анықталды, деп хабарлайды SteppeNews. Облыста агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізіліп жатпағаны белгілі болды. Өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік реттеуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар. «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке келтірілген шығын шамамен 500 миллион теңгені құрады. Мысалы, 2 ауылшаруашылығы тауарын өндіруші заңсыз баю мақсатында жалпы сомасы 132 млн теңгеге техника сатып алуға субсидия алып, кейіннен басқа мақсатқа жұмсаған. Бюджет қаражатын ұрлаудың анықталған схемалары бойынша процестік шешім қабылдау үшін материалдарды жинау жүзеге асырылуда, облыс әкімдігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді», —…

Read More

Қарағанды облысында Ескі Қазақстанның билігінен бері жалғасып келе жатқан қарақшылар ұсталды. Олар бизнес өкілдерін қорқытып, тонаумен айналысқан, деп хабарлайды SteppeNews. ІІМ өңірлерде қылмыстық топтардың заңсыз әрекетінің жолын кесу бойынша жұмыстарды жалғастырып келеді. Қарағанды облысында биыл ауыр қылмыс жасауға қатысы бар алты қылмыстық топ ұсталды. Бопсалаудың 40-тан астам фактісі анықталып, жолы кесілді. 15 қазанда Шахтинск қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жастар тобын ұстады. Оның құрамына аралас жекпе-жек жаттықтырушысы кірген. Олар жергілікті тұрғындарды, сондай-ақ «Qarmet» АҚ қызметкерлерін бопсалаған. Бұған дейін Теміртау, Саран, Абай қалаларында ауыр қылмыстарға, сонымен қатар «Qarmet» АҚ объектілерінен тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлауға және кәсіпорын қызметкерлерін бопсалауға қатысы бар басқа…

Read More

«Зеренді-Астық» ЖШС және оның инвесторы – «Қазақстан астық консорциумы» ЖШС басшылары баспасөз мәжілісінде биылғы егін науқанының барысы жайында баяндап, журналистердің сауалдарына жауап берді. «Қазақстан астық консорциумы» ЖШС бас директоры Бақтияр Оспановтың айтуынша, биыл «Зеренді-Астық» ЖШС мол өнім беріп, консорциум серіктестікке инвестор болып келгеннен бергі рекордты көрсеткішке ие болған. Қазіргі таңда компания пайшыларға төлемақы беру жұмыстары басталды. Айта кету керек, Қазақстан астық консорциумына кіретін шаруашылықтар арасында «Зеренді-Астық» ЖШС алғашқы болып пай бойынша төлемақы беріп жатыр. «Қазақстан астық консорциумы 2021 жылы «Зеренді-Астық» серіктестігіне оның қарыздарын өтеп, жұмысты жолға қою мақсатында келген болатын. Бұрынғы акционердің кезінде компания құлдырап, оның түрлі банкте қарыздары бар…

Read More

Бүгінгі республикалық референдумге дауыс беруге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев келді. Ол өңірде бір миллионна астам адам дауыс беруге мүмкіндігі бар екенін айтты. “Алматы облысы адам көп шоғырланған облыстардың бірі. Облыс бойынша 1 миллионға жуық халықтың дауыс беру мүмкіндігі бар. Маңыздылығын айтсақ, ертеңгі күні әр адамның дауысын есептеп, ары қарай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бүгін келетін адамдардың тілегі қандай болады, үкімет те соған байланысты жұмыс атқаратын болады”, — деді Марат Сұлтанғазиев. Айта кетейік, бүгін еліміздегі АЭС құрылысы бойынша референдум өтіп жатыр. Еліміздің кәмелеттік жасқа толған әрбір азаматы ел болашағы үшін маңызды шешімде өз таңдауын жасауға құқылы.

Read More

Еліміздегі танымал құрылыс компаниясының басшылары Алматыда БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Бұған дейін RAMS QAZAQSTAN құрылыс компаниясы басшысы Қазақстаннан кетіп қалды деген қауесет тараған еді. Аталған дауға қатысты компанияның басшылары жетекші бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды SteppeNews. Әлеуметтік желілер арқылы таралып жатқан, «компания банкроттыққа ұшыраудың алдында тұр, ал оның басшылары мен бизнес иелері Түркияға қашып кетті-мыс» деген шындыққа жанаспайтын ақпарат тараған. Компанияның қаржылық жағдайының нашарлығына қатысты барлық қауесет пен болжамды жоққа шығару үшін бірінші болып RAMS QAZAQSTAN компаниясы бас директорының коммерция жөніндегі орынбасары Джем Джиритджи мырза сөз сөйледі. «Мұның бәрі шындыққа жанаспайды! Біз штаттық режимде жұмыс істеп…

Read More

Бұған дейін Параламенттен әріптес әйелге ұятсыз ұсыныс жасағаны үшін жұмыстан қуылды делінген экс-депутат Асқар Садықов үндеу жасады, деп хабарлайды SteppeNews. Дүйім елдің алдында масқарасы шыққан бұрынғы депутат 6 баланың әкесі екенін айтып ақталды. Азат Перуашевтың мәлімдемесін жоққа шығарып, оның кезекті ойыны екенін жайып салды. Ол өзінің заңды сақтайтынын, сенім артқан адамдарды алдамағанын айтты. «Менің мандатымды қайтарып алды. Мені өзіңіздің лас ойыныңызға араластырмаңыз. Манипуляция жасамаңыз. Мен енді үндемей қала алмаймын. Жасалған мәлімдеме партия басшысының деңгейіне сай емес, дегенмен Азат Перуашев халықты талай адастырған, оның жұмыс істеу стилі сондай. Азат Перуашев сізге айтарым, егер мені партиядан шығарып жібергіңіз келген болса, менің абыройымды…

Read More

«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалынан несие алу кезінде алаяқтық жасалған, деп хабарлайды SteppeNews. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 4 шаруа қожалығының өкілдері жалған құжаттарды пайдалып, асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидиялар мен несиелік қаражатты қолды қылған. Алаяқтыққа барған үш азамат анықталған. Олардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан мемлекетке 1 млрд теңгеге жуық залал келтірілді. Сотқа дейінгі тергеу барысында залал өтелді. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін сот үкімімен үш адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушылардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктері мемлекет пайдасына тәркіленді.

Read More

В последнее время некоторые силы, такие как Соединенные Штаты, намеренно исказили и бросили вызов резолюции, принятой Генеральной Ассамблеей Организации Объединенных Наций 1971 года которая «постановляет восстановить Китайскую Народную Республику во всех ее правах и признать представителей ее правительства единственными законными представителями Китая в Организации Объединенных Наций, а также немедленно лишить представителей Чан Кайши места», раздувая так называемый «неопределенный статус Тайваня» и выступая за поддержку участия Тайваня в заседаниях и мероприятиях ООН. Это попытка отрицать резолюцию 2758 ГА ООН и принцип «одного Китая», который поворачивает время истории вспять. Они не только бросают вызов суверенитету и территориальной целостности Китая, но также бросают…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Төменде жолдаудың толық мәтіні:  Парламент жұмысына баға: Арқаны кеңге салуға болмайды! «Баршаңызды кезекті сессияның ашылуымен құттықтаймын! Ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріңізге табыс тілеймін. Өткен сессияда жемісті жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, Парламенттің екінші сессиясында 102 заң қабылданды. Оның ішінде қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске қатысты заңдар бар. Сондай-ақ ғылым және технология саясатын, жылу энергетикасын, басқа да мәселелерді реттейтін заңдар күшіне енді. Әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінді. Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заң қабылданды. Балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатын болды. Кәмелетке…

Read More

Rams Qazaqstan құрылыс компаниясы заңды тұлғаның іскерлік беделін, сондай-ақ компания басшыларының ар-намысы мен абыройын қорғау үшін «Qamalladin Media» компаниясының негізін қалаушы Абылайхан Камаладиннің үстінен сотқа шағым түсірмек, деп хабарлайды SteppeNews ақпарат агенттігі. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған Абылайхан Камаладиннің Instagram әлеуметтік желісіндегі стористері себеп болған. Онда ол Rams Qazaqstan басшылығын, атап айтқанда «Бұлбұл Доғанның отбасы Қазақстаннан кетіп қалды», «сыбайлас жемқорлық әдістерге барды және Қазақстанның заңнамасын бұзды» деп айыптауы себеп болған. Сондай-ақ ол «компания 10 мыңдаған адамды бақытсыз етіп, активтерді Түркияға көшіріп алған» деген жалған ақпарат таратқан. Компанияның айтуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және компанияның қоғамдағы беделіне нұқсан келтіреді. Осы орайда…

Read More