Спорт кешені адамдарды мамыр айынан бастап қабылдайы. Ағымдағы жылдың мамыр айында Жас қанат шағын ауданында денешынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспарланған. Оған күніне 600 адам келіп, спорттың әр түрімен айналыса алады, деп хабарлайды QazTimes агенттігі.
Бұл туралы мегаполис басшысы Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
Сонымен қатар, бүгінде Майлин көшесі бойында «Авиатор» ДСК құрылысына, сондай-ақ Түрксіб ауданындағы №6 оқушылар үйін күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленуде.
Еске салсақ,, Алматыда денешынықтыру-сауықтыру кешендері (ДСК) балалар мен жастарды қолжетімді спорт секцияларымен қамтамасыз ету, сондай-ақ халықты салауатты өмір салтына тарту үшін салынуда.
2022 жылы Алматыда «Айнабұлақ», «Кемел», «Құлагер» ш / а-да 3 жаңа кешен ашылды.Бүгінде олар штаттық режимде жұмыс істейді. 2023 жылы «Алатау», «Зерделі» ш / а-да 2 денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды