Ақмола облысында әкімдіктің лауазымды қызметкері не сот үкім шығарды. Лауазымды басшылар тұрғын үй салу кезінде қаржы жымқырған, деп хабарлайды QazTimes агенттігі.
50 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғандарға Көкшетау қалалық соты үкім шығарды. Мердігерге іс жүзінде аяқталмаған жұмыс үшін ақша төлеген құрылыс Басқармасы бастығының орынбасары 8 жылға, мердігер ұйымның басшысы 7 жылға, сондай-ақ нысан құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асырған сарапшы 2 жылға бас бостандығынан айрылды,
Үкімге Ақмола облысы прокуратурасының құрылыс Басқармасының қызметін тексеру нәтижелері негіз болды.
«Осылайша, жоғарыда аталған тұлғалар Щучинск қаласында 50 млн теңгеден астам сомаға жобалық-сметалық құжаттамадан көптеген кемшіліктері мен ауытқулары бар 100 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға қабылдағаны анықтады. Прокуратураның тексеру материалдары тергеп-тексеру сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылған қылмыстық кодекстін 189 бабының 4 бөлігі (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша СДТБТ-да тіркелді», — деп хабарлады Ақмола облысының прокуратурасы.
Сотта соттталушылардың кінәсі толығымен дәлелденіп, іс бойынша айыптау үкімі шығарылды.
Сонымен қатар, үкімге облыс прокуратурасы наразылық білдіріп, сотталғандарға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды.