- «Тұран» университеті ішкі грант санын екі есе арттырды
- Жамбыл облысында ер адамнан 32 келі есірткі тәркіленді
- Жетісу облысының кәсіпкерлеріне кірістер органы негізсіз салық төлеткен
- Алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болыңыз: ҚР Ұлттық банкі ескертеді
- Түркістан облысында 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
- Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі небәрі 12,4% — Үкімет
- 31 шілдеде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі
- Мемлекеттен 1,5 миллион теңге грантты қалай алуға болады – Еңбек министрлігі түсіндірді
Автор: amirbolat
Тараз қаласында тазаланбған жолдың кесірінен бір тәулікте 250-ге жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды QazTimes ақпараттық агенттігі. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 100 адамға артық. Қалалық аурухананың жарақат бөліміне барғандардың дені — көпқабатты үйлердің тұрғындары. Тайып жарақат алғандардың арасында балалар да бар. Облыс орталығында кейінгі кездері ауа-райы күрт құбылып тұр. Күндіз шамалы еріген қар, кешкісін қайтадан қатады. Сондықтан, жаяу жүргіншілер арасында жазатайым жағдай жиілеген. «246 адам түсті, оның ішінде 7 адам травмотология бөліміне жатқызылды. Түскен азаматтардың жастары 30-дан 70 жасқа дейін. Оның ішінде аяқ, қол, қабырғалардың сынуы бойынша қаралып кеткен», — деді Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы жарақат бөлімінің дәрігері…
Жетісу облысының полиция департаментінің бастығы болып Сарқытбай Құсайынов тағайындалды, деп хабарлайды QazTimes ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ІІМ-де орталық аппарат қызметтері мен аумақтық департаменттердің, қалалық басқармалар мен аудандық полиция бөлімдерінің бастықтарымен, Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтары басшыларының қатысуымен отырыс барысында белгілі болды. Ішкі істер министрі Ержан Саденов қызметкерлерге ІІО қызметтері мен бөліністеріне тағайындалған жаңа басшылар таныстырды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметті күшейту үшін криминалдық полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Қанат Нұрмағамбетов тағайындалды. Бұған дейін ол министрліктің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы болған. ҚАЖК төрағасы лауазымына әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков тағайындалды. Ол бұрын Шымкент қаласы мен…
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда 60 тонна газ тиеген жүк көлігі жарылып, кем дегенде 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды QazTimes агенттігі. Ikon.mn хабарлауынша, соққы толқыны 10 шақырым радиуста сезілген. Аса ірі жарылыс салдарынан болған өрт жақын маңдағы тұрғын үйлер мен кеңсе ғимаратын, базарды шарпып, арты үлкен өртке ұласқан. Төтенше оқиға орнында алдымен биіктігі ондаған метрге жететін қою қара түтін пайда болып, артынша бірден өрт басталған. Жергілікті басылымдар 20-дан астам адамның зардап шеккенін хабарлайды. «Қаза тапқандар арасында жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар бар. Жиырмадан астам адам зардап шекті», — делінген хабарламада. Жарылыстан жиырма шақты көлік өртеніп кеткен.
Солтүстік Қазақстан облысындағы 87 ауылды су басуы мүмкін, деп хабарлайды QazTimes агенттігі Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап. Биыл өңірде қар қалың жауды. Сондай-ақ оның құрамындағы ылғалдың мөлшері нормадан бірнеше есе көп. Әрі қатты аяздың салдарынан жердің тоңы бір метрге дейін қатып қалған. Яғни, күн күрт жылынса, еріген қар суы сіңбей, жан-жаққа жайылуы ықтимал. «Қазгидромет» мамандары күніне екі мәрте Есіл өзініне шығып, мұздың қалындығымен ағыстың жылдамдығын өлшейді. Әрі ауылдарды аралап, қардың тығыздығын тексереді екен. Синоптиктердің айтуынша, кей жерлерде ақ ұлпа құрамындағы ылғалдың мөлшері былтырға қарағанда алты есеге көп. «Биыл өңірде қар кеш жауды. Ал оның құрамындағы ылғалдың мөлшері шамадан тыс жоғары. Бұл…
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте Астанада Сирия бойынша келіссөздер өтетінін айтты, деп хабарлайды QazTimes агенттігі. «24-25 қаңтарда Қазақстан астанасында Астана процесі аясында Сирия бойынша 21 халықаралық кездесу өтеді. Келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі және Сирия оппозициясы делегациялары қатысады. Бақылаушылар ретінде Иордания, Ирак және Ливан өкілдері қатысады. Сондай-ақ БҰҰ Босқындар жөніндегі комиссары және халықаралық Қызыл крест комитеті өкілдері бар. БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Гейр Педерсен қатыспақ», — деді Айбек Смадияров. Алдын ала күн тәртібінде Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуалды дамыту мәселелері, гуманитарлық ахуал, Сирияны жанжалдан кейінгі қалпына келтіруге жәрдемдесу мақсатында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыру және басқа да мәселелер…
«Көзбояушылық үшін жасалатын жұмысты доғару керек»: Тоқаев ІІМ кеңейтілген алқа отырысын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды QazTimes агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Жиынға Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың басшылығы, өңірлердің әкімдері, ІІМ алқа мүшелері, орталық аппараттың басшылық құрамы және аумақтық полиция департаменттерінің жетекшілері қатысты. Мемлекет басшысы елімізде «Заң және Тәртіп» қағидатын біржола орнықтыруда полиция айрықша рөл атқаратынын атап өтті. «Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет. Бұл – жауапкершілігі өте үлкен жұмыс. Еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Ол үшін құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет. Ең алдымен, мемлекетте заң талаптары мүлтіксіз орындалуы керек. Заң бұзған кез келген…
World Snow Day мерейтойы: Шымбұлақта қысқы мерекені тойлауға 150-ден астам бала қатысты
Өткен жексенбі күні Шымбұлақ тау-шаңғы курортында World Snow Day мерейтойлы өтті, деп хабарлайды QazTimes агенттігі. Ол – жыл сайын Халықаралық шаңғы спортыфедерациясының ұйымдастыруымен (FIS) өтетін, қысқықуаныштарды тойлауда әлемнің 100-ден астам елдерін біріктіретін әлемдік мереке. Арнайы осы мереке үшін Шымбұлақ тау курорты түрлі жастағы және дайындық деңгейлері әртүрлі келушілерге көптеген көңіл көтеру шараларын ұсынады. Толық 5 жастан11 жас 11 айға дейінгі қатысам деуші барлық ең жас спортшылар үшін тау шаңғысы және сноуборд бойынша балалар сайысы ұйымдастырылады. Шараның бағдарламасында Helly Hansen-нен ерекше сыйлықтар сыйланатын балалар сайыстары, қызықты диджей-сет және Live band Galantus өнер көрсетуі, хаскимен сырғанау, сонымен қатар флип-флом алаңда жалпы картинаны…
Қазақстан БҰҰ миссияларына қатысу үшін 430 адамнан аспайтын қарулы күштердің әскерін жіберетін болды. Бұл мәселеге қатысты Парламент палаталарының бірлескен отырысында шешім қабылданды, деп хабарлайды, деп хабарлайды QazTimes тілшісі. «БҰҰ шақыруына сәйкес өзінің әскери техникасымен, қару-жарағымен және мүлкімен резерв ротасы ретінде 139 әскери қызметші санындағы алғашқы дербес ұлттық бітімгершілік контингентін «БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясына орналастыру 2024 жылғы наурыздан бастап жоспарланып отыр. Ол үшін тараптардың міндеттемелерін, сондай-ақ контингенттің миссияға қатысуын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін айқындайтын БҰҰ-мен халықаралық шарт жасалатын болады», — деді Жақсылықов. ҚР Парламенті БҰҰ миссияларына қатысу үшін 430 адамнан аспайтын қарулы күштердің әскери персоналын…
Үндістанда көлде қайық аударылып, кем дегенде 16 адам суға батып кетті, деп хабарлайды QazTimes агенттігі. Оқыс жағдайдан қапыда қаза болғандардың 14-і оқушы. The Hindu газетінің жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлауынша, қайғылы оқиға Гуджарат штатында, Вадорада қаласына жақын жерде болған. «Бір топ мектеп оқушысы Харни көлінде қайықпен серуендеп жүргенде, қайық аударылып кеткен. Оқиға кезінде қайықта 34 адам болған, оның 27-сі балалар болған», — делінген хабарламада. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. «Кеше кешке қарай оқиғадан қаза тапқандар саны 16-ға жетті, оның ішінде 14 мектеп оқушысы мен 2 мұғалім бар. Кем дегенде 10 оқушы құтқарылды», — делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы NEOS әуе компаниясының президенті Лупо Раттацциді қабылдады, деп хабарлайды QazTimes агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, екі ел арасындағы тікелей әуе қатынастары сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туризмнің дамуына тың серпін береді. Президент Алматы – Милан әуе рейсіне сұраныстың жоғары екенін атап етті. Бұл рейс ашылғалы бері 70 мыңға жуық жолаушы тасымалданған. «Өз кезегінде Лупо Раттацци аймақтағы әуе бағыттарының ауқымын кеңейту жөніндегі жоспарын таныстырды. Атап айтқанда, Алматы – Милан бағытындағы рейс санын көбейту, Астана және Рим, сондай-ақ Астана және Милан арасында әуе қатынастарын ашу жоспарланып отыр», — делінген…