Қазақстан БҰҰ миссияларына қатысу үшін 430 адамнан аспайтын қарулы күштердің әскерін жіберетін болды. Бұл мәселеге қатысты Парламент палаталарының бірлескен отырысында шешім қабылданды, деп хабарлайды, деп хабарлайды QazTimes тілшісі.
«БҰҰ шақыруына сәйкес өзінің әскери техникасымен, қару-жарағымен және мүлкімен резерв ротасы ретінде 139 әскери қызметші санындағы алғашқы дербес ұлттық бітімгершілік контингентін «БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясына орналастыру 2024 жылғы наурыздан бастап жоспарланып отыр. Ол үшін тараптардың міндеттемелерін, сондай-ақ контингенттің миссияға қатысуын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін айқындайтын БҰҰ-мен халықаралық шарт жасалатын болады», — деді Жақсылықов.
ҚР Парламенті БҰҰ миссияларына қатысу үшін 430 адамнан аспайтын қарулы күштердің әскери персоналын (резерв ротасы, штабтық офицерлер, әскери бақылаушылар және мамандандырылған бөлімшелер) жіберуді мақұлдады:
«БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау күштері» (UNDOF, Сирия-Израиль);
«БҰҰ бітімгершілік шарттарының орындалуын бақылау органы» (UNTSO, Палестина-Израиль);
«БҰҰ-ның Оңтүстік Судан Республикасындағы миссиясы» (UNMISS, Оңтүстік Судан);
«БҰҰ-ның қауіпсіздік және Абье бойынша уақытша күштері» (UNISFA, Судан).