Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда 60 тонна газ тиеген жүк көлігі жарылып, кем дегенде 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды QazTimes агенттігі.
Ikon.mn хабарлауынша, соққы толқыны 10 шақырым радиуста сезілген.
Аса ірі жарылыс салдарынан болған өрт жақын маңдағы тұрғын үйлер мен кеңсе ғимаратын, базарды шарпып, арты үлкен өртке ұласқан. Төтенше оқиға орнында алдымен биіктігі ондаған метрге жететін қою қара түтін пайда болып, артынша бірден өрт басталған.
Жергілікті басылымдар 20-дан астам адамның зардап шеккенін хабарлайды.
«Қаза тапқандар арасында жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар бар. Жиырмадан астам адам зардап шекті», — делінген хабарламада.
Жарылыстан жиырма шақты көлік өртеніп кеткен.