Тараз қаласында тазаланбған жолдың кесірінен бір тәулікте 250-ге жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды QazTimes ақпараттық агенттігі.
Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 100 адамға артық. Қалалық аурухананың жарақат бөліміне барғандардың дені — көпқабатты үйлердің тұрғындары. Тайып жарақат алғандардың арасында балалар да бар. Облыс орталығында кейінгі кездері ауа-райы күрт құбылып тұр. Күндіз шамалы еріген қар, кешкісін қайтадан қатады. Сондықтан, жаяу жүргіншілер арасында жазатайым жағдай жиілеген.
«246 адам түсті, оның ішінде 7 адам травмотология бөліміне жатқызылды. Түскен азаматтардың жастары 30-дан 70 жасқа дейін. Оның ішінде аяқ, қол, қабырғалардың сынуы бойынша қаралып кеткен», — деді Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы жарақат бөлімінің дәрігері Дилшод Салиев.