SteppeNews.kz: Америка Құрама Штаттарының дипломатия тарихында айтулы оқиға орын алды. АҚШ Сенаты 50 жастағы қазақ Әсел Робертстің кандидатурасын мақұлдап, оны Словениядағы төтенше және өкілетті елші қызметіне ресми түрде бекітті. Бұл тағайындаудың басты ерекшелігі сол — Әсел Робертс АҚШ-тың мемлекеттік дипломатиялық жүйесінде мұндай жоғары лауазымға қол жеткізген алғашқы қазақ қызы ретінде тарихқа еніп отыр.
Оның кандидатурасын биылғы жылдың ақпан айында Дональд Трамптың өзі ұсынған. Дипломатиялық жолдың барлық сатысынан өткен Робертс наурыз айында Сенаттың бейінді комитетінде өз бағдарламасын қорғап, сенаторлардың сұрақтарына жауап берді. Шешуші дауыс беру кезеңінде саяси тартыстарға қарамастан, 46 сенатор оның кандидатурасын қолдап, жеңіске жетуіне ықпал етті.
Әсел Робертстің бұл жетістігін Қазақстанның Вашингтондағы елшілігі де жоғары бағалап, ресми құттықтауын жолдады. Көпжылдық тәжірибесі бар маман ендігі кезекте Люблянада АҚШ-тың мүддесін қорғап, екі ел арасындағы стратегиялық байланыстарды нығайтумен айналысатын болады.
