SteppeNews.kz: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындары мен қонақтарына маңызды мәлімдеме жасады. Ведомство мәліметінше, 28 мамыр күні Астанада Қарулы Күштер Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары аясында жойғыш ұшақтардың көрсетілімдік ұшуы өтеді. Бұл шара қала аспанында әскери техниканың қатысуымен ерекше форматта ұйымдастырылмақ.
Осы іс-шараға дайындық жұмыстарына байланысты 24 мамырдан бастап елорданың әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары басталады. Қорғаныс министрлігі тұрғындарды жоспарлы жаттығуларға түсіністікпен қарауды сұрайды.
