Қазақстандық спортшы Альфия Тілекқабыл пара дзюдодан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды SteppeNews.kz.
Грузияның Тбилиси қаласында пара дзюдодан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бір алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
J1 санатында 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Альфия Тілекқабыл финалдық белдесуде Бразилия өкілі Де Андрадені иппон әдісімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Сондай-ақ J1 санатында 70 келіге дейінгі салмақта Алықын Нұрдәулетов күміс жүлдеге ие болды. Ал J2 санатында 70 келіге дейінгі салмақта Ибрагим Нұрмаханұлы қола медаль еншіледі.
Көру қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы пара дзюдодан әлем чемпионаты 25-27 қыркүйек аралығында Тбилиси қаласында өтуде. Байрақты бәсекеге әлемнің 44 елінен 290 спортшы қатысып жатыр.
Келесі материал: Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қызметінен босатты
