SteppeNews.kz: 1 мамырдан бастап Алматы – Пусан бағыты бойынша тікелей әуе қатынасы жолға қойылады. Екі қала арасындағы тұрақты рейстерді оңтүстіккореялық EasterJet әуе компаниясы аптасына екі рет орындайтын болады. Жаңа маршрут Оңтүстік Кореяның ірі порты мен Алматыны байланыстырып, екі ел арасындағы туристік және іскерлік қарым-қатынасты нығайта түспек. Сондай-ақ бұл сапарға шығатын жолаушылар үшін жолдың қолжетімді әрі ыңғайлы болуына мүмкіндік береді. Оңтүстіккореялық туристердің Алматыға деген қызығушылығы жыл санап артып келеді. Мәселен, 2025 жылы қалаға Оңтүстік Кореядан 23 мыңнан астам мейман келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,3%-ға көп. Тікелей рейстің ашылуы туризмді дамытуға, іскерлік белсенділік пен мәдени алмасуға тың серпін беріп, Алматының өңірдегі…
Автор: Saya
SteppeNews.kz: Алматы мен Астана арасындағы жылжымайтын мүлік бағасының айырмашылығы жылдам қысқарып келеді. Егер бірнеше жыл бұрын елорда нарығы оңтүстік астанадан 30–40%-ға арзан болса, бүгінде бұл алшақтық іс жүзінде жойылды. Qazaq Expert Club құрылыс саласының сарапшысы Диляра Сейтнурованың мәліметінше, Алматыда бастапқы тұрғын үйдің орташа бағасы шаршы метріне 719,6 мың теңгені, ал қайталама нарықта – 741 мың теңгені құрайды. Астанада бұл көрсеткіштер тиісінше 715,4 мың және 727,5 мың теңге деңгейінде. Осылайша, екі ірі мегаполис арасындағы баға айырмашылығы 2%-дан да төмен деңгейге түскен. «Бұрын айырмашылық айқын болатын, қазір ол іс жүзінде жойылды. Біз елорда нарығының белсенді дамуы аясында бағалардың теңесуін көріп отырмыз», –…
SteppeNews.kz: Бурятияда қар көшкіні жүріп, Қазақстан азаматы қаза тапты. ҚР Сыртқы істер министрлігі 1990 жылы туған Алексей Тицкийдің қаза болғанын растады. Қайғылы оқиға 28 сәуірде Ресей Федерациясы, Бурятияның Мұя ауданында — Ирокинда елді мекенінен 13 шақырым жерде болған. Қар астында алты адам қалды. Қазақстандық дипломаттар оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ресейдің құзырлы органдарымен байланыс орнатты. Жағдай ведомствоның бақылауына алынды. СІМ өкілдері: «Қазақстан елшілігі оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында Ресей Федерациясының құзырлы органдарымен тікелей байланыста отыр. Бұл мәселе Министрліктің бақылауында», — деп толықтырды.
SteppeNews.kz: Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, қалада қалдықтарды қайта өңдеп, электр энергиясын өндіретін зауыт құрылысының жобасы құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуына дайындықтың қорытынды кезеңіне өтті. Жоба Алатау ауданында Қытайдың «Junxin Environmental Protection» компаниясының қатысуымен жүзеге асырылуда. Инвестиция көлемі 280 миллион АҚШ долларынан асады (шамамен 130 миллиард теңге). Кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 2 мың тоннаға дейін қалдықты өңдейді. Қаланың энергия жүйесі үшін 60 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде дайындық жұмыстары аяқталды. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен инвестициялық келісімге қол қойылды. Қалдықтарды жеткізу және өндірілетін электр энергиясын энергия жүйесіне беру бойынша негізгі уағдаластықтар бекітілді. Жобада халықаралық экологиялық стандарттарға сай келетін, шығарындыларды…
SteppeNews.kz: Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) цифрлық активтер арқылы қылмыстық жолмен табылған қаражатты заңдастыру және қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан «RAKS Exchange» ірі заңсыз сервисінің қызметін тоқтатты. Аталған платформа Қазақстан, Ресей, Украина және Молдовада жұмыс істеген 200-ден астам есірткі дүкеніне қаржылық қызмет көрсеткен. Сервистің жалпы ақша айналымы 224 млн АҚШ долларынан асты. Тергеу аясында есірткі саудасымен және даркнет-алаңдарымен байланысы бар 4 000-нан астам криптоәмиянға блокчейн-талдау жүргізілді. Нәтижесінде 9,7 млн USDT көлеміндегі цифрлық актив бұғатталып, тағы 3,2 млн USDT тәркіленді. Бұл қаражаттың қылмыстық тегі дәлелденген соң, ақша агенттіктің арнайы шотына аударылды. Осы операцияның арқасында есірткінің ірі партияларын жеткізу арналары үзіліп, қылмыстық инфрақұрылым талқандалды…
SteppeNews.kz: Қазақстанда 730 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады – бұл ел халқының шамамен 4%-ы. Олардың саны экологиялық факторлар, климаттың өзгеруі, генетикалық аурулар мен техногендік тәуекелдер әсерінен артып келеді. Бұл адамдардың өмір сапасын жақсарту үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын Qazaq Expert Club инклюзия және гендерлік теңдік саласының сарапшысы Нұржамал Иминова түсіндіреді. Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау бағытында бірқатар маңызды қадам жасады. Мәселен, 2015 жылы ел БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын ратификациялады, ал 2023 жылы оған Факультативтік хаттаманы қабылдады. Бұл азаматтарға ұлттық деңгейде әділдікке қол жеткізе алмаған жағдайда БҰҰ комитетіне жүгінуге мүмкіндік береді. «2021 жылы Әлеуметтік…
SteppeNews.kz: «Екі сессия» аяқталып, бесжылдық жоспар қабылданғаннан кейін Қытай жасанды интеллект, цифрландыру, көлік және логистиканы дамытуға басымдық берді. Бұл бағыттар тек Қытайда ғана емес, экономикасы көршілес елмен тығыз байланысты Қазақстанда да кадрларға қойылатын талаптарды өзгертіп жатыр. Бейжің тіл және мәдениет университетінің (BLCU) Қазақстандағы филиал директоры Бауыржан Тілеуметов SteppeNews.kz басылымына берген сұхбатында IT-технологиялардың аудармашылар мен мамандарды даярлау ісіне қалай жаңаша серпін беріп отырғанын түсіндірді. Бауыржан Тілеуметовтің пайымдауынша, Қытайдың жаңа экономикалық моделі маман даярлау ісіне түбегейлі өзгерістер енгізуде. «Қытай тілі мен білім беру саласының сарапшылары ретінде біз бір маңызды жайтты аңғардық: экономикамен бірге кадр даярлау тәсілдері де өзгереді. Қытай жасанды интеллектке, цифрландыруға,…
SteppeNews.kz: Қырғыз Республикасының Ұлттық статистика комитеті 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларына арналған есебін жариялады. Ресми мәлімет бойынша, жылдың алғашқы үш айында кәмелетке толмағандар тарапынан 236 қылмыс жасалған. Оның ішінде ең көп тіркелгені: ұрлық – 33,5 пайыз, тонау – 15,3 пайыз және алаяқтық – 10,6 пайыз, деп хабарлайды SteppeNews.kz 24.kg-ке сілтеме беріп. Осы кезеңде қылмыстық қолсұғушылықтардан барлығы 350 жасөспірім зардап шеккен. Өкінішке орай, қылмыстық әрекеттердің салдарынан 14 бала қаза тауып, 81 бала дене жарақатын алды. Балалардың зардап шегу себептеріне тоқталсақ: 20,6 пайызы ұрлық, 13,1 пайызы 16 жасқа толмаған баламен жасалған сексуалдық сипаттағы әрекеттер, 8,6 пайызы тонау және 8,3 пайызы зорлау оқиғаларының құрбаны…
SteppeNews.kz: Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов бастаған делегация Ресейдің Орынбор қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапардың басты фокусы екі ел арасындағы көлік дәліздерін кеңейту және жүк тасымалындағы кедергілерді жою мәселелеріне бағытталды. Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевпен өткен кездесуде теміржол инфрақұрылымын жаңғырту және мемлекетаралық түйісу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру арқылы жүк ағынын ұлғайту мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды. Әсіресе, Илецк теміржол өткізу пунктін жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінді. Қазақстандық делегация нысанның қазіргі операциялық қызметімен танысып, ресейлік әріптестермен шекаралық тексеру рәсімдерін жылдамдату шараларын қарастырды. Оның ішінде тексерудің параллель рәсімдерін енгізу және инфрақұрылымды дамытуды үйлестіру мәселелері пысықталды. Бұл қадамдар пойыздардың шекарада тоқтап тұру…
SteppeNews.kz: Соңғы уақытта әлемдік басылымдар мен әлеуметтік желілерде Z буыны ер адамдарының өздерінен жасы үлкен әйелдермен қарым-қатынас құруға деген қызығушылығы жиі талқылана бастады. The Telegraph және The New York Times секілді беделді басылымдар бұл құбылысты жаңа әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырып жатыр. Алайда, бұл шын мәніндегі жаппай тренд пе, әлде медианың әсерінен туған уақытша толқын ба? Бұл сұраққа Qazaq Expert Club инклюзия және гендерлік теңдік саласының сарапшысы Нұржамал Иминова өз пікірін білдірді. Статистика ма, әлде медиалық бейне ме? Сарапшының айтуынша, бүгінгі таңда зумерлердің жасы үлкен әйелдерге жаппай бет бұрғанын растайтын нақты статистикалық деректер жоқ. Сондықтан бұл құбылысты тұрақты әлеуметтік тренд деп…