Ресми мәліметтерге сүйенсек, марқұм Үмітжан Балтабаев абайсызда лифт шахтасына құлап кеткен. Қаладағы Еңбек инспекциясы оқиғаның «Aina Mare House» ЖШС-нің құрылыс алаңында болғаны нақтылады. — Үмітжан Балтабаев белгісіз жағдайда құлап, көз жұмды. Тергеуді бастау үшін жұмыс берушіден бір тәулік ішінде ресми хабарлама түсуі тиіс. Соның негізінде арнайы комиссия құрылып, он жұмыс күні ішінде тексеру жүргізіледі, — деп мәлімдеді ведомство өкілдері. Алайда бүгінгі күнге дейін еңбек инспекциясына ешқандай ресми хабарлама түспеген. Сондай-ақ марқұмның аталған нысанда ресми түрде жұмыс істеген-істемегені әлі анықталып жатыр. Полиция департаменті қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын растады. — Қазіргі таңда болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу…
Автор: qaztimes
Кездесуде Қазақстан мен Халықаралық электр байланысы одағы арасында цифрлық және телекоммуникациялық технологиялар бағытындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Дорин Богдан-Мартинді Халықаралық электр байланысы одағының 160 жылдығымен құттықтап, ұйым цифрлық технологиялар саласындағы жаһандық ынтымақтастықта маңызды рөл атқаратынын айтты. Президент заманауи цифрлық экожүйе мен дамыған инфрақұрылым қалыптастыру мәселесіне айрықша мән берді. Осы орайда Қазақстанның OneWeb, Starlink, Amazon Kuiper және Shanghai Spacecom Satellite Technology сияқты төмен орбиталы жер серіктері жүйесі жобаларына белсенді түрде қатысатынын атап өтті. Бас хатшы Дорин Богдан-Мартин еліміздің цифрлық индустрияны дамытуға және жасанды интеллект технологияларын енгізуге бағытталған күш-жігеріне жоғары баға берді. Сондай-ақ Халықаралық электр байланысы одағының Қазақстанмен серіктестікті одан әрі…
— 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған еңбекке қабілетін жоғалтқан және асыраушысынан айырылғандарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері қолданыстағы төлемнің 10 пайызына ұлғайтылады, — деп жазылған құжатта. Қазір бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға төленетін төлем мөлшері төмендегідей: • бірінші топтағы — 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі (101 702 теңге); • екінші топтағы — 1,83 ең төмен күнкөріс деңгейі (84 598 теңге); • үшінші топтағы — 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі (74 428 теңге); Ал асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін жәрдемақы мөлшері отбасының еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде — 0,92 ең төмен күнкөріс деңгейі (42 530 теңге) • ата-анасының екеуінен де айырылған жағдайда —…
Сәнді ұлттық стильдегі киім киіп, қолдарына жалаушалар, бейдждер мен баннерлер ұстаған Димаштың жанкүйерлері сүйікті әртісін әуежайда үлкен ықыласпен қарсы алды. Кездесуді тағатсыздана күткен Dears қауымы Димаштың әндерін қосыла шырқап, биылғы жаздың хиті «Тау ішінде» әнін хормен орындады. Әртіс жанкүйерлермен емен-жарқын тілдесіп, қолтаңба беріп, бірге естелік суреттерге түсіп, олармен бірге атақты «Besame Mucho» әнін шырқады. Димаштың көптен күткен «Stranger» атты жеке концерті Нью-Йорктің аңызға айналған сахнасы — Madison Square Garden-де 5 қазан күні өтеді. Айта кетелік Димаш алдағы жоспарымен таныстырған еді.
Атап айтқанда, халықаралық келісімдерге сәйкес шет мемлекеттердің оқу орындарында білім алып жүрген қызметкерлер оқу процесінен шығарылған жағдайда, кадр қызметі мынандай шараларды атқарады: — курсанттар мен тыңдаушыларға қатысты қызметтен босату және жеке құрам қатарынан шығару туралы бұйрық рәсімдейді; — магистранттар мен докторанттарды атқарып отырған қызметінен босатып, бастапқы жолданған бөлімінің бастығы қарамағына беру туралы ұсынысты тиісті кадр бөлімшесіне жолдайды; Шет мемлекеттердің білім беру ұйымынан тыңдаушыны оқу процесінен шығару туралы бұйрық шықаннан кейін, кадр бөлімшесі оқу шығындары бойынша нақты жұмсалған қаражаттың жиынтық есептемесін әзірлейді. Сонымен қатар әскери жоғары оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарылған және шарт жасаудан баст тартқан азаматтар,…
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржыландыру және коллекторлық қызметтер саласында өзін-өзі реттеу институтын енгізу бастамасын талқылау үшін дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Агенттік басшылығы, Ұлттық Банктің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, Ресей Банкінің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің өкілдері, сондай-ақ Ресей Федерациясының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының (ӨРҰ) өкілдері қатысты. Агенттіктің дерегінше, бүгінгі күні микроқаржыландыру секторында 899 субъект жұмыс істейді. Коллекторлық агенттіктердің тізілімінде 197 ұйым бар. А.ж. 1 шілдедегі жағдай бойынша ұйымдардың несие портфелі 3,2 трлн теңгені құрап, 2021 жылдан бері 2 еседен астам өсті. Бұл ретте несие портфелінің 61%-ы немесе 1,9 трлн теңге бизнеске микрокредиттерге тиесілі. Сонымен қатар, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың шағымдары санының өсуі байқалады.…
Бұдан бұрын хабарлағандай, инватакси қызметін көрсету жылдамдығы мен сапасын арттыру мақсатында Еңбекмині әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің тетігіне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Мысалы, азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет, бұл өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватакси беруді күтуге мәжбүр етеді, инватакси қызметтерін ұсыну үшін көлік құралдарының жетіспеушілігі мәселелері бар. Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жобаға бастама жасалды. Мұндағы басты шарт сапарлардың ақысынан пайыздың болмауы, олар әдетте агрегатор платформаларының пайдасына аударылатын. Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді. — Пилоттық жоба шеңберінде азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы…
Аталған платформа спортшылар, жарыстар және спорттық нысандар туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай ақпараттық портал ретінде қызмет атқаратын болады. Негізгі міндеттерге мыналар жатады: спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешілер мен әдіскерлердің бірыңғай дерекқорын қалыптастыру;спорттық біліктілікті және спорт ұйымдарына мүшелікті электрондық форматта растау;спорттық-бұқаралық іс-шаралардың электрондық күнтізбесін жүргізу;спорт нысандарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру;мемлекеттік қызметтерді проактивті цифрлық форматқа көшіру. — Пилоттық режимде спортшы, жаттықтырушы және төрешілердің электрондық паспорттарының, іс-шаралар күнтізбесінің, сондай-ақ спорт ғимараттары тізілімдерінің модульдері іске қосылды. Қазіргі уақытта спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүйені деректермен толықтыру және оның функционалын тестілеу жүргізілуде. Бүгінде платформада 83 федерация мен 50 ұйым жұмыс істеп жатыр, — делінген министрлік хабарламасында. Бұл ретте спорттық…
Кездесу конструктивті әрі іскерлік жағдайда өтті. Негізгі назар атом өнеркәсібі және ядролық технологияларды бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамытуға аударылды. Тараптар мына мәселелерді қарастырды: — атом саласын реттеу және қадағалау тәжірибесімен алмасу; — ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; — экологиялық мониторинг пен радиоактивті материалдарды басқару; — мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру; — заманауи технологияларды енгізу және әртараптандыру перспективалары. — Қазақстан мен Әзербайжан — бауырлас елдер. Бізді тарихи байланыстар мен қауіпсіз әрі бейбіт атом энергетикасын дамытуға деген ортақ ұмтылыс біріктіреді. Тәжірибе алмасуды жалғастырып, мемлекеттеріміз бен өңірдің игілігі үшін ынтымақтастықты күшейтуге ниеттіміз, — деді Алмасадам Сәтқалиев. Кездесу қорытындысында тараптар әріптестік қатынастарды тереңдетуге мүдделілік танытып, өзара ынтымақтастықты нығайтуға дайын…
Бұл турда Италияның «Фиорентина» командасы өз алаңында чехиялық «Сигмамен» шеберлік байқасты. Кездесу барысында италиялық клуб қарсылас қақпасына екі гол соқты. Осылайша қарсыласынан 2:0 есебмен басым түскен олар аталған турнирді жеңіспен бастады. Ойындар кестесі: «Динамо Киев» (Украина) — «Кристал Пэлас» (Англия) 0:2«Лозанна» (Швейцария) — «Брейдаблик» (Исландия) 3:0«Зриньски» (Босния және Герцоговина) — «Линкольн» (Гибралтар) 5:0«Ягеллония» (Польша) — «Хамрун Спартанс» (Мальта) 1:0«Лех» (Польша) — «Рапид» (Аустрия) 4:1«Райо Вальекано» (Испания) — «Шкендия» (Солтүстік Македония) 2:0КуПС (Финляндия) — «Дрита» (Косово) 1:1«Омония» (Кипр) — «Майнц» (Германия) 0:1«Абердин» (Шотландия) — «Шахтер Донецк» (Украина) 2:3«Шелбурн» (Ирландия) — «Хеккен» (Швеция) 0:0«Ноах» (Армения) — «Риека» (Хорватия) 1:0«Спарта Прага» (Чехия) — «Шемрок Роверс» (Ирландия) 4:1«Фиорентина» (Италия) — «Сигма» (Чехия) 2:0«Легия» (Польша) — «Самсунспор» (Түркия)…