Автор: qaztimes

Мақалада Президент Баспасөз хатшысының «Қазақстан бұл бастаманы Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу, мемлекетаралық сенімді нығайту, тұрақты және әділетті бейбітшілік орнату жолындағы бірегей мүмкіндік және маңызды қадам ретінде қарастырады» деген сөзі келтірілген. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы — көмекшісі Руслан Желдібай Қазақстан АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтату жөніндегі жан-жақты бейбітшілік жоспарын құптайтынын мәлімдеді. Бұған дейін Ақ үй 21 негізгі тармақты қамтитын және Газаның көршілеріне қауіп төндірмейтін «террор мен радикализмнен азат аймақ» құру идеясымен басталатын жоспар жариялаған болатын.

Read More

Пансионаттың мақсаты – ана мен баланың денсаулығын сақтау, сондай-ақ облыстың алыс және қолжетімсіз аудандарында тұратын жүкті әйелдерде болуы мүмкін асқынулардың алдын алу. Министрліктің мәліметінше, пансионатта 10 төсек-орын қарастырылған және жүктілік кезінде асқыну қаупі жоғары әйелдерді алдын ала ауруханаға жатқызуға арналған. Әйелдер босану уақытына дейін тәулік бойы медициналық қызметкерлердің бақылауында болады. Қызмет толықтай тегін көрсетіледі. Пансионатта жатқан кезеңде жүкті әйелдерге күнделікті кешенді медициналық тексеру жүргізіледі. Егер қандай да бір ауытқулар, асқынулар белгілері немесе босану процесінің басталуы байқалса, науқасқа жедел түрде білікті арнайы көмек көрсетіледі. Пансионаттың ашылуы мыналарға мүмкіндік береді: • уақтылы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге; • жүктілік асқынуларын ерте диагностикалауға;…

Read More

Қоғамда «Заң және Тәртіп» қағидатын одан әрі нығайту мақсатында Өскемен қаласында «есірткі граффити» деп аталатын есірткі сататын онлайн-дүкендердің жарнамасы мен «қоймашы болып жұмыс істеу» туралы ұсыныстар жазылған жазуларға қарсы ауқымды акция өткізілді. Акцияға қала прокуратурасының, полицияның, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жастар қозғалысының белсенділерінен құралған 100-ге жуық адам қатысты. — Тұрғын үй аулаларын аралау барысында 50-ден астам есірткі граффитилері анықталды. Рейдтердің нәтижесінде ҚК 299-1-бабы «Есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды, — делінген Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы хабарламасында. Айта кетелік Рудныйда 16 жастағы жігіт мефедронның ірі партиясымен ұсталды. 

Read More

Blue Origin компаниясының зерттеу миссиясы ғарышқа 8 қазанда аттанбақ. Осылайша Данна Карағұсова тарихта Қазақстаннан шыққан алғашқы ғарыш туристі атанады. Сонымен бірге Қазақстан атынан ғарышты бағындырған тұңғыш әйел болмақ. Данна Қарағұсова бұған дейін ивент және дистрибуция саласында 25 жылдан астам еңбек еткен. Ол медиа және ивент-холдинг — First Media Group-тың негізін қалаушылардың бірі. — Қазір ол өзін-өзі реттеу саласындағы халықаралық IT-жобаға атсалысып жатыр. Ғарыш сапары осы зерттеу қызметінің бір бөлігі болмақ. Ғарышта ол өз командасы әзірлеп жатқан технологияларды жеке тәжірибесінде сынап көреді, — деп жазылған First Media Group-тың мәліметінде. Данна Қарағұсованың өзі бұл сапар көптен бергі арманын орындау жолындағы бір баспалдақ екенін айтады. — Адамзаттың болашағы ғарышпен байланысты.…

Read More

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келіссөздер барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жоспарларын талқылады.  — Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы салалардағы өзара іс-қимыл, жасанды интеллект пен цифрландыруды енгізу және басқа да өзекті мәселелерге назар аударылды, — делінген хабарламада.  Фото: Үкімет Кездесуге қатысушылар өзара сауданы одан әрі арттырудың зор мүмкіндігін атап өтті. Қазақстан Мажарстанға экспортты 95 тауар түрі бойынша арттыруға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ жаңадан құрылған Қазақстан-Мажарстан инвестициялық қоры бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асырудың маңызды құралына айналады. Серіктестіктің негізгі бағыттарының бірі — көлік-логистика саласы. Қазақстанның Еуропалық Одаққа экспортын кеңейту…

Read More

Өзбекстан Орталық банкінің дерегінше, қаңтар-шілде айлары аралығында елдің жиынтық сыртқы қарызы 72,2 млрд долларға жетті. Оның ішінде 36,8 млрд доллар мемлекеттің сыртқы қарызы болса, 35,4 млрд доллар корпоративтік берешек саналады. Реттеуші органның есебінде баяндалғандай, бірінші тоқсанда әлемдік экономикада күрделі өзгерістер болды. Осыған байланысты жаһандық нарықта энергия ресурстарының бағасы қымбаттады. Бұл үрдіс Өзбекстанның экспорт әлеуетінің әлсіреуіне жол бермеді. Сәйкесінше, экспорт пен импорт арасындағы теріс сальдо 20%-ға қысқарып, 6,4 млрд долларға теңелді. Сондай-ақ, бірінші жартыжылдықта тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 42%-ға өсіп, 1,6 млрд долларға жетті. Еске салайық, биыл қаңтар-наурыз айлары аралығында Өзбекстанның жиынтық сыртқы қарызы 4,3 млрд долларға ұлғайып, 68 млрд доллардан асқан…

Read More

— Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі (СРҰАЖ) — елдің су ресурстарын есепке алу, мониторинг жүргізу, талдау және басқаруға арналған бірыңғай цифрлық платформа. Оның аясында суды тұтынуды есепке алу мен деректерді өңдеу процесін автоматтандыру, мемлекеттік және салалық ақпараттық жүйелермен ықпалдасу, сондай-ақ суды пайдаланушылардың цифрлық профильдерін құру жүзеге асырылады, — деп хабарлады ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі. Бүгінгі таңда жүйенің суды пайдаланудың негізгі қырлары мен су балансының маңызды аспектілерін қамтитын 10 модулінің 8-і әзірленіп болған. Онда суды пайдалануға рұқсат алатын және мемлекет алдында есеп беруге міндетті азаматтар мен ұйымдарға ыңғайлы жағдай жасау басты назарға алынған. Сонымен қатар алдағы уақытта ауыл шаруашылығы,…

Read More

ЕСІМДЕР 67 жыл бұрын (1958) Қазақстан Республикасының қоғам және саясат қайраткері Зағипа Яхияқызы БАЛИЕВА дүниеге келді. Фото: caravan.kz Алматы облысы Кеген ауданының Жалаңаш ауылында туған. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген, экономист-халықаралық маман. 1975-1976 жылдары СКТУ-де лаборант болып жұмыс істеген. 1981-1982 жылдары Жамбыл облыстық құрылыс банкінде заңгер кеңесші. 1982-1986 жылдары Жамбыл қалалық атқару комитетінде заңгер. 1986-1992 жылдары Алматы қалалық атқару комитетінің тұрғын үйді есепке алу және бөлу басқармасының инспекторы, бөлім меңгерушісі. 1992-1994 жылдары Алматы қаласы әкімшілігінің басшысы аппаратының Заң бөлімінің меңгерушісі. 1994-1995 жылдары XIII сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің…

Read More

Су ресурстары және ирригация министрлігі топтық су құбырларын жергілікті атқарушы органдарға беру жұмысын жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда 10 нысан әкімдіктерге берілді. Олардың 4-еуі Маңғыстау облысында, тағы 4-еуі Батыс Қазақстан облысында және қалған екеуі Ақмола мен Абай облыстарында. Қазіргі таңда 11 топтық су құбырын жергілікті атқарушы билікке беру жұмысы жалғасып жатыр. Оның 9-ының құжаттары Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттерінде. Жалпы саны 41 топтық су құбырын әкімдіктерге беру жоспарланып отыр. Жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық инфрақұрылымды тікелей басқаруға қажетті өкілеттіктері мен құралдары бар. Олар тарифтерді бекітеді, бюджет қаражатын бөледі, сондай-ақ пайдалану мен қайта жаңғыртуға кететін шығындарды жергілікті және республикалық бағдарламаларға енгізе алады. Топтық…

Read More

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде: — доллар: сатып алу — 547,27 теңге, сату — 549,16 теңге;— еуро: сатып алу — 642,07 теңге, сату — 644,31 теңге;— рубль 6,61 — 6,73 теңге аралығында саудаланады.— юань 76,43 — 79,02 теңге аралығында саудаланып жатыр. Елорданың ақша айырбастау пунктерінде: — доллар 545,74 теңгеден сатып алынады, 551,66 теңгеден сатылады;— еуро: сатып алу — 637,63 теңге, сату — 645,69 теңге;— рубль: сатып алу — 6,66 теңге, сату — 6,82 теңге.— юань 76,35 теңгеден сатып алынады, 80,19 теңгеден сатылады; Еске салайық, 2 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,95 теңгеге арзандап, 546,96 теңге болды.

Read More