Автор: qaztimes

Өзбекстан Футбол қауымдастығының мәліметінше, бұл сайыс FIFA қолдауымен өткізілетін маңызды әлем чемпионаттарының бірі. — Соңғы жылдары біздің еліміз көптеген ірі халықаралық турнирлерді қабылдай отырып, тәжірибе жинақтады. Атап айтқанда, 2024 жылы Өзбекстанда өткен FIFA футзалынан әлем чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды және ол халықаралық қауымдастық тарапынан зор қолдауға ие болды, — деп мәлім етті Өзбекстанның Футбол қауымдастығынан. Еске салайық, биыл Әзербайжан мен Өзбекстан жастар арасында футболдан әлем чемпионатын бірге өткізуге өтінім берген болатын. Қоса кетсек, бірнеше күн бұрын UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің екінші турында қазақстандық «Қайрат» (Алматы) испаниялық «Реал Мадрид» (Испания) командасын қабылдап, қонақ командаға есе жіберді.

Read More

The Daily Galaxy деректеріне сәйкес, ең қолайлы бақылау орны – Мысырдың Луксор қаласы. Мұнда тұтылу түске тура келіп, көне храмдар мен Патшалар алқабының үстінен өтеді. Ғалымдардың айтуынша, бұл символдық мәнге ие, себебі ежелгі мысырлық абыздар да күн тұтылуларын храм қабырғаларына түсіріп отырған. Астрономдар Ливия мен Батыс Мысыр аймақтарында тамыз айында ауа райы ашық болатынын, бұл жерде соңғы ондаған жылда күн тұтылуы кезінде бұлтты күн тіркелмегенін атап өтті. Айдың көлеңке жолы 15 мың шақырымнан астам қашықтықты қамтиды. Атлант мұхитынан бастап Испания, Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс арқылы Йемен мен Шығыс Африкаға дейін созылады. Оңтүстік Испанияда қараңғылық шамамен үш минутқа, ал Францияда…

Read More

Ведомство мәліметінше, 2005 және 2007 жылы туған жасөспірімдер мотоциклмен таулы аймаққа шығып, батпақта қалып қойған. Олар өздігінен төмен түсе алмаған. Оқиға орнына барған құтқарушылар жасөспірімдерді теңіз деңгейінен 1500 метр биіктіктен түсіріп, қауіпсіз жерге жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Read More

«Қазгидромет» мамандарының айтуынша, ай жалпы климаттық норма шегінде өтеді, алайда күздің тосын мінезі де жиі байқалады. Қазанда орташа температура +4,2…+8,8°С деңгейінде болжанып отыр. Бұл көпжылдық нормаға (+3,3…+8,1°С) сәйкес келеді. Жауын-шашын да қалыпты мөлшерде — 8-ден 30 миллиметрге дейін түседі деп күтіледі. Бірінші онкүндікАйдың басы тұрғындарды жылы күндерімен қуантады. Түнгі ауа райы -3…-8°С мен +1…+2°С аралығында ауытқиды. Ал оңтүстікте түнгі температура +5…+10°С-қа жетеді. Күндіз ауа +17…+22°С-қа дейін көтеріледі. Дегенмен онкүндіктің соңына қарай салқын түсіп, түнде -1…-6°С, күндіз +8…+13°С шамасында болады. Екінші онкүндікҚазанның ортасында ауа райы құбылмалы болмақ. Түнде -1…-6°С пен +3…+8°С аралығында болса, күндіз +8…+13°С-тан +18°С-қа дейін жылы болады. Онкүндіктің соңында…

Read More

– Мен Ереванға қатысушы елдердің әріптестерімді ресми түрде шақырдым. Олардың әрқайсысын қабылдау – мен үшін үлкен құрмет», – деп жазды Армения Үкіметінің басшысы. Пашинянның айтуынша, алдағы саммиттің басты тақырыптарының бірі – өзара байланысты қамтамасыз ету болмақ. Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) жүзеге асыру, сондай-ақ Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия арасындағы тауар, энергия тасымалы мен талшықты-оптикалық байланыс мәселелері талқыланады. – Келер жылы Армения Биологиялық әртүрлілік жөніндегі конвенция тараптарының 17-конференциясын (COP-17) қабылдайды. Сондықтан біз саммиті «жасыл» экономикаға көшу тақырыбын талқылауға алаң болады деп күтеміз. Бұл талқылаулардың қорытындылары кейіннен COP-17 барысында әлемдік деңгейде ұсынылады», – деді премьер-министр. Айта кетейік,…

Read More

Биылғы байқауға әлемнің 30 елінен 100-ден астам материал ұсынылды. Қазылар алқасының шешімімен АҚШ, Армения, Бельгия, Өзбекстан және Пәкістан журналистерінің еңбектері үздік деп танылды. Жеңімпаздар қатарында Мэтт Фицджеральд (АҚШ), Марианна Мкртчян (Армения), Дерья Сойсал (Бельгия), Арухан Ақпанбетова (Өзбекстан) және Мұхаммад Али Паша (Пәкістан) бар. Олар өз материалдарында Қазақстанның цифрландыру, экономика, туризм, спорт, мәдениет және тарих салаларын кеңінен қамтыған. Салтанатты рәсімге ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов пен байқаудың серіктестері қатысты. Арман Исетов жеңімпаздарды құттықтап, ұсынылған жұмыстардың сапасын жоғары бағалады. Оның айтуынша, шетелдік журналистердің қызығушылығы жылдан-жылға артып келеді. Марапаттау рәсімінен кейін байқау жеңімпаздары «Digital Bridge 2025» халықаралық технологиялық форумының жұмысына қатысып,…

Read More

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері 95.01 ұпай жинап, жарыстың аралық көшбасшысы атанды. ҚР ҰОК мәліметінше, екінші орынды Грузия спортшысы Ника Егадзе иеленді — 87.58 ұпай. АҚШ өкілі Джейсон Браун 86.61 ұпаймен үшінші нәтижені көрсетті. Қазақстандықтар арасынан Диас Жиренбаев жетінші орынға табан тіреді (77.14), Никита Кривошеев — 16-шы (59.33), Олег Мельников — 17-ші орынға жайғасты (54.19). Айта кетейік, еркін бағдарлама 4 қазанда өтеді. Мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалына еліміздің атынан кімдер қатысатынын жазған едік.

Read More