Қазақстандық боксшы жапонялық Saikou X Lush промоутерлік компаниясы Бішкек қаласында ұйымдастырған бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Қарсыласы жергілікті боксшы Әділет Қачқынбеков (3-6, 1КО). Айта кетерлігі, Бокс кеші Азиядағы Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA Asia) және Халқаралық бокс федерациясының (IBF) қолдауы аясында 25-26 қазан күндері Бішкек Аренада өтеді. Сонымен қатар, осы бокс кешінде Сәкен Бибосыновтың ескі қарсыласы өзбекстандық Хасанбой Дусматов мексикалық Рене Каликсто Бибианомен (23-1-1, 9КО) қолғап түйістіреді. Еске салсақ, Сәкен Бибосынов 20 шілде күні кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, филиппиндік 23-жастағы Кристиан Леганды (6-2-3, 4 KO) нокаутқа жіберген болатын.
Автор: qaztimes
The Hill мәліметінше, Ақ үй басшысы осылайша АҚШ-тың өткен айда Кариб теңізіндегі кемелерге жасаған әскери соққысына заңды негіз берді. Конгрестің ұлттық қауіпсіздік комитеттеріне жіберілген хабарламаға сәйкес, Трамп Құрама Штаттардың «осы тағайындалған лаңкестік ұйымдармен халықаралық емес қарулы қақтығыста» екенін анықтады. — Президент Қорғаныс министрлігіне қарулы қақтығыс заңдарына сәйкес оларға қарсы операциялар жүргізуді тапсырды, — делінген АҚШ Конгресінің өкілдері алған хабарламада. Хабарламада қазір санкцияға ұшыраған лаңкестік ұйым ретінде танылған картельдердің ешқайсысы аталмаған. Сондай-ақ хабарламада 15 қыркүйекте болған кемеге жасалған шабуылды — үш адамның өліміне әкелген АҚШ әскери күштерінің жақында жарияланған соққысын ақтау әрекеті байқалады. Еске сала кетсек, 15 қыркүйекте АҚШ президенті Дональд…
Алматыда жол үстінде тапаншамен жанжал шығарғандар ұсталды 19:02, 03 Қазан 2025
Депутаттар палатасында 200 мандат бар, олардың иелері төрт жыл мерзімге сайланады. Ел аумағы 14 сайлау округіне бөлінген: 13 аймақ және астана — Прага. Парламентке өту шегі – бір партия үшін 5 пайыз. Екі партиядан құралған коалиция үшін – 8 пайыз, үш және одан да көп партиялардан құралған коалициялар үшін – 11 пайыз. Сайлау алдындағы күні Чехия Президенті Петр Павел халыққа үндеу жолдап, ол бірқатар БАҚ-та тікелей эфирден көрсетілді. Мемлекет басшысы кейбір саясаткерлердің «осы жылғы сайлау жүйе өзгерісіне әкелуі тиіс» деген мәлімдемелеріне алаңдаушылық білдірді. – Сайлаудан кейін Чехия Республикасына демократиялық мемлекеттер қауымдастығында егемендігімізді қорғай алатын үкімет қажет болады, – деді Президент.…
Павлодар қаласындағы трамвай жолдарының жалпы ұзындығы — 90 км. Қалалық трамвай басқармасының балансында 111 трамвай вагоны бар болса, оның 73%-ы тозып қалған. Жергілікті билік жылжымалы құрамды кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстарын жүргіземіз деп уәде еткелі біраз уақыт өтті. Алайда жаңа көлік құралдарын сатып алу жұмыстары кешігіп жатыр. Облыс әкімдігінен бұл жобаның не себепті кешеуілдеп жатқанын сұрап білдік. — Еуропалық қайта жаңарту және даму банкі (ЕҚДБ) арқылы несие ұсыну есебінен аккумуляторлық батареялармен жүретін әрі энергия қуатын барынша үнемдейтін 25 жаңа трамвай сатып алу жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны — 8 млрд теңге. Бұл қаражаттың 7 млрд теңгесін аталған банк берсе, тағы 1 млрд теңгесі облыстық бюджеттен қарастырылған. Вагондарды сатып…
Мэрилендтегі Ұлттық денсаулық сақтау институтының зерттеушісі Дженна Нортон атап өткендей, үкімет жұмысының тоқталуына байланысты осы аптада шамамен 750 мың федералдық қызметкер ақысыз еңбек демалысына жіберілген. Тараптардың ешқайсысы (республикалық немесе демократиялық партиялар) жол бергісі келмейді және үкімет жұмысының тоқтағанына екінші күн болды. Ақысыз демалысқа жіберілген қызметкерлердің көпшілігіне үкіметтің жұмысы тоқтаған кезде жұмыс істеуге рұқсат етілмегенімен, әскери қызметкерлер мен әуежайдың қауіпсіздік қызметкерлері сияқты маңызды деп саналатын басқа қызметкерлер жұмысын жалақысыз жалғастыруға мәжбүр болады. NBC News-дің хабарлауынша, Мемлекеттік департаменттің 20 жас шамасындағы бір қызметкері DoorDash-қа азық-түлік жеткізуді және төлемдерді төлеу үшін Uber-де жүргізуші болып жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Огайо штатындағы Ішкі қауіпсіздік департаменті…
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық даму барысы баяндалды. Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, барлық негізгі көрсеткіш бойынша тұрақты өсім байқалады. Биылғы сегіз айда облыста 3,2 триллион теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға артық. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібінің өңірлік жалпы өнімдегі үлесі артып келеді. Металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс көлемі ұлғайды. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 644,7 миллиард теңгені құрап, 11,1 пайызға өсті. Биыл жалпы құны 195 миллиард теңге болатын 29 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 2 700-ден астам жаңа жұмыс орны пайда болады. 2030 жылға дейінгі жоспарда құны 4,5 триллион теңгені…
– 2023 жылдан бастап мемлекет бастауыш сынып оқушыларын және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар жекелеген санаттағы балаларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіп келеді. Алайда жүргізілген талдау нәтижесі мектеп оқушыларының тамақтануында тұз, қант және майдың мөлшері тым жоғары екенін көрсетті. Сонымен бірге рационда көкөністер, жеміс-жидектер мен сүт өнімдері жеткіліксіз, – деді Сәдуақасов. Оның айтуынша, осындай тамақтану балалар арасында семіздікке, қант диабетіне және жүрек-қан тамырлары ауруларының ерте жастан дамуына әкелуі мүмкін. – Жаңа стандарт балабақшалар, мектептер, колледждер мен сауықтыру лагерлерін қоса алғанда, барлық білім беру ұйымдарына таралады, – деді комитет өкілі. Жаңа тамақтану стандарты заманауи халықаралық тәсілдерге негізделіп әзірленген. –…
Қаланың жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, мамандар көлік жүктемесі жоғары осы аумақта жол қозғалысын ұйымдастырудың бірнеше нұсқасын қарастырып, ең тиімді шешімге тоқталған. — Өзге мүмкіндіктердің шектеулі болуына қарай Үшкемпіров пен Қаппаров көшелерінің қиылысында бір деңгейлі айналма жолайрығын салу жөнінде шешім қабылданды. Бұл жоба барысында инженерлік желілерді түбегейлі өзгерту қажет емес және жаңа жер телімдерін сатып алуды қажет етпейді. Құрылыс кезеңінде Әл-Фараби даңғылындағы қозғалысты жабу да қажет болмайды, — деп хабарлады басқармадан. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны мен мерзімі жобалық шешімдер әзірленіп, бекітілгеннен кейін белгілі болады. Жобалау жұмыстарын аяқтап, мемлекеттік сараптаманың қорытындысын 2026 жылдың қаңтарында алу жоспарланған. Еске салайық, бұған дейін Әл-Фараби даңғылының…
XII Азаматтық форум қарсаңында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Іс-шараға Қазақстан Азаматтық альянсының Президенті Бану Нұрғазиева және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Лима Диас қатысты. Кездесуде Нұржан Нұржігітов ведомствоның соңғы екі жылда атқарған жұмыстары туралы айтты. Қатысушылар су ресурстарын бақылау тетіктерін және су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастықты талқылады. Үкіметтік емес ұйым өкілдері су ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік бастамаларды іске асыру бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Бұл ұсыныстар XII Азаматтық форумында ескеріледі. Кездесу қорытындысы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы шешім қабылданды.…