Автор: qaztimes

Startup Alley – форумның маңызды бөлігі және жас компаниялар идеяларын инвесторларға, сарапшыларға, бизнес өкілдеріне және мыңдаған қатысушыға ұсына алады. Жобалар білім беру, медицина, мобильдік шешімдер, финтех, экотехнологиялар мен биометрия секілді жасанды интеллект пен IT-дің түрлі салаларын қамтиды. Сонымен бірге, көрмеде IT-компаниялар бұлтты сервистер, киберқауіпсіздік, финтех және әлемдік цифрлық күн тәртібін айқындайтын басқа да технологиялар бойынша заманауи шешімдерді ұсынды. Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform Startup Alley қатысушылары арасында білім беру, медицина және жасанды интеллектіні үйлестірген жобалар бар. Мәселен, WeGlobal.AI жасанды интеллектіні қолданып, оқушыларға кәсіби бағдар беріп, психологиялық қолдау алуын қамтамасыз етеді. Осылайша, дағдарыстың алдын алып, деректерге сүйеніп, білім беруді басқаруға мүмкіндік береді.…

Read More

Ұмтылыс пен ұсыныс құны Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің 20-24 қыркүйек аралығында АҚШ-қа жасаған ресми сапары барысында тараптар құны 8 млрд доллар болатын келісімге қол қойды. Атап айтқанда, бұл қаражатқа ресми Ташкент «Boeing» корпорациясынан 22 ұшақ сатып алмақ. 250 жолаушы тасымалдауға қауқарлы «787 Dreamliner» әуе кемесінің бүгінгі нарықтағы құны 239 миллионнан басталып, 300 миллион долларға дейін жетеді. Бұл ретте сатып алудан бөлек, ұшақтарға қызмет көрсету ақысы да Өзбекстан мен АҚШ арасында жасалған 8 млрд долларлық келісімнің ішінде қамтылған. Яғни, әрқайсысы 300 млн доллар тұруы ықтимал 22 ұшақтың құны 6,9 млрд долларды шамалайды. Бұл ретте оларға қызмет көрсету үшін 1 млрд доллардан…

Read More

Бұл туралы өзінің Telegram арнасында ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды. Айта кетейік, Қостанай облысында стратегиялық маңызды «Орталық-Батыс» автокөлік дәлізі салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары маусым айында бірден екі жерде басталды. Оның бірі Арқалық қаласында болса, екіншісі Қостанай облысы Жанкелді ауданы Торғай ауылында. Құрылыс жұмыстары жалпы ұзындығы 865 км болатын «Астана — Жантеке — Егіндікөл — Арқалық — Торғай — Ырғыз» бағытын құрайды.

Read More

Мысыр Сыртқы істер министрі Бадр Абдельатти бейсенбі күні Парижде сөйлеген сөзінде Каир Қатар және Түркиямен бірге ХАМАС-ты АҚШ президенті Дональд Трамптың екі жылға жуық уақытқа созылған қақтығысты тоқтатуға бағытталған жоспарын қабылдауға көндіруге тырысып жатқанын мәлімдеді. Ол Палестина қозғалысының Израильдің шабуылын жалғастыруына жол бермеу үшін қарусыздануы керектігін баса айтты. — Күнделікті бейбіт адамдарды өлтіру үшін ХАМАС-ты сылтау ретінде қолдануға ешкімнің құқығы жоқ, — деп атап өтті министр. Ол бұл жағдайлар 2023 жылғы 7 қазан оқиғаларынан әлдеқайда асып түсетінін қосып өтті. Палестина денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, Израиль операциясы салдарынан анклавтың 66 мыңнан астам тұрғыны қаза тапқан.  Ақ үй осы аптаның басында атысты…

Read More

— Қазақстан жаңартылатын энергия көздеріне қарқынды түрде инвестиция салып жатыр және биыл тамаша нәтижеге қол жеткіздік. Қазіргі уақытта бізді жалпы қуаты 3,2 гигаватт болатын 108 жаңартылатын энергия көзі қондырғысы бар. 2024 жылы жалпы өндірілген энергияның 2,8 пайызы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі болды. 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздері өндіретін энергия көлемін 15 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Біз тек жоспарлап қана қоймай, нақты іс-әрекеттер де жасап жатырмыз, — деді вице-министр. Оның айтуынша, Үкімет жаңартылатын энергия көздеріне инвестицияны қолдауға бағытталған бірқатар жобаны мақұлдады. — 2030 жылға дейін жаңартылатын энергия көздері бойынша ондаған жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жалпы қуаты 6,4 гигаватт болатын…

Read More

Оқиға биыл наурыз айында Абай қаласында болған. Тергеу деректеріне сәйкес, жасөспірімнің анасы мен өгей әкесі оны діни рәсім арқылы отбасы болып араласып жүрген досына ұзатқан. Қыз бірнеше күн «күйеуінің» қолында болып, зорлық көргенін айтқан. Кейін ол қашып, туған әкесіне барып, ол бірден құқық қорғау органдарына жүгінген. Бүгінде айыпталушылар орындығында тек 38 жастағы күдікті отыр. Дегенмен, қыздың әкесі қылмыстық жауапкершілікке тек оны ғана емес, «некеге» келісім берген анасы мен өгей әкесін де тартуды талап етіп отыр. — Бұрынғы әйелім мен оның күйеуі іс бойынша тек куәгер ретінде қатысып отыр. Бірақ олар қызымды өз қолдарымен 40-қа таяған досына ұзатты. Бұл жай қателік емес,…

Read More

— Мемлекет басшысы ОПЕК-тің жаһандық мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев Хайтам әл-Гаистың сапарын еліміз бен ұйым арасындағы конструктивті диалогты дамытуда маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті, — делінген хабарламада. Фото: Ақорда Президенттің айтуынша, Қазақстан ұлттық мүддені қорғауға басымдық бере отырып, мұнай өндіру көлемін біртіндеп ұлғайту жөніндегі ОПЕК+ шешімін қолдайды. Әңгімелесу барысында өңірдегі энергетикалық жүйенің орнықтылығын нығайту бағытындағы бірлескен шаралар пысықталды. Сондай-ақ мұнай өндіруші елдер мен көмірсутегін импорттаушы мемлекеттер арасындағы мүдделер теңгерімін сақтаудың маңызына мән берілді. Еске сала кетейік, Kazakhstan Energy Week — 2025 және XVI Еуразиялық KAZENERGY форумында ОПЕК бас хатшысы Хайтам аль-Гайс әлемде мұнай өндіру,…

Read More

Тек республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады деп болжанады. Ел бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, шығыста көктайғақ болады, ал оңтүстік-батыста және оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Солтүстік өңірлерде түнде температураның біртіндеп -3°…+5°С-қа дейін, күндіз +5…+15°С-қа дейін жоғарылайды. Шығыста түнде -3…-13°С-қа дейін төмендеп, күндіз +3…+11°С жылы -5…+5°С аралығында төмендеу болады. Республиканың оңтүстік-шығысында түнгі уақытта 1–3°С үсік жүреді. Қалған аумақтарда температурада айтарлықтай өзгеріс болмайды. Айта кетелік 3 қазанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланған еді.   

Read More

Оның айтуынша, былтыр Activation HUB ашылған сәттен бері 200-ден астам өтінім келіп түскен. Ал «Қазақтелеком» стартаптарды салалық мәселелер бойынша құрылымдауды бастаған. — Мысалы, Денсаулық сақтау министрлігі. Біз ауылдық округтерде оптика орнатып, фельдшерлік-акушерлік пункттерге интернет тартып жатырмыз, бірақ соңында «ол жерге интернетті не үшін тартып жатырмыз?» деген сұрақ қоямыз. Сондықтан біз Денсаулық сақтау министрлігіне медициналық стартаптар өткізушісіне айналдық. Мысалы, «Аскл» деген жоба бар, бұл ЖИ-терапевт. Біз оны қазір 30 мемлекеттік емханаға пилоттық режимде орнаттық және мүмкіндігінше барлық медициналық ұйымға орнатқымыз келеді, — деді Бағдат Мусин. Тағы бір қызықты стартап — фельдшерлерге арналған видеожетондар. Бұл медицина мамандарын дөрекі науқастардан қорғайды. — Бұл видеожетонды…

Read More

Эльвира Азимова жоғары мәртебелі қонақты Қазақстандағы конституциялық өзгерістер үдерістерімен және Конституцияның үстемдігін сақтауды қамтамасыз ету тетіктерімен таныстырды. Бұған дейін Мажарстанның Конституциялық Сотын басқарған Тамаш Шуйок азаматтардың өтініштерін қарау тәжірибесін, сондай-ақ құқық үстемдігі мәселелерінде ұлттық мүдделерді қорғаудағы мажарстандық конституциялық бақылау органының тәжірибесін атап өтті. Мажарстан Президенті тәуелсіз әрі мықты Конституциялық Сот демократиялық дамудың және негізгі құқықтардың басты кепілі екенін атап өтіп, оның жұмысы бейбіт әлеуметтік ынтымақтастық рухында әрі құқықтық дәстүрлерді сақтау бағытында жалғасуын тіледі. Еске сала кетейік, Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок елімізге ресми сапармен келді. Ол Ақордада өткен БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Қазақстан мен Мажарстан халықаралық деңгейде бірлесе жұмыс істеуге келіскенін…

Read More