Қозғалыстың саяси бюросының мүшесі Мухаммед Неззал өзінің БАҚ үшін жариялаған мәлімдемесінде жоспар жариялана салысымен, яғни 30 қыркүйектен бастап, ХАМАС палестиналық топтар, тәуелсіз қайраткерлер мен ел ішіндегі және сыртындағы арағайындармен кеңесе бастағанын айтты. Арада пікір қайшылығы болғанына қарамастан қозғалыс өкілдері бұл мәселеге салмақты, байыппен қарап отыр. ХАМАС жоспарды жан-жақты қарастырып, жақын арада жауабын береді. Бұл ретте қозғалыс өкілдері Палестина халқы мен Палестина ісінің стратегиялық ұстанымдарын назарға алатындарын айтты. — Біз жоспармен толық келісеміз не келіспейміз деген көзқарасты ұстанбаймыз және біз біреудің қорқытып-үркітуімен не қысымымен әрекет етпейміз,-деді ол ХАМАС-тың ең алдымен Палестина халқының мүддесі мен саяси тепе-теңдік аясында әрекет ететіндіктерін ескерте отырып. …
Автор: qaztimes
Облыстық полиция департаментінің дерегінше, 3 қазан күні «Чернорецк-Ольгино-Успенка-Шарбақты» автожолында, Ольгино ауылынан 9 шақырым жерде Камаз автокөлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, көлікті аударып алған. Фото: Павлодар облысы полиция департаменті — Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмды. Тағы бір жолаушы жарақат алды. Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, — деп хабарлады полиция департаментінен. Еске сала кетейік, Павлодарда жеңіл көлік жылқыға соғылып, екі адам қаза болды. Ал оның алдында Павлодар — Қызылорда тас жолында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, апат салдарынан оқиға орнында 4 жолаушы мен жүргізушінің мерт болғанын жазғанбыз.
Бюджетке түсетін шығынды өтеу үшін бай азаматтарға салынатын салық мөлшерін төрт есе арттыру көзделіп отыр. Қабылданған заң жобасына сәйкес, айлық табысы 5 000 реалдан (шамамен 800 еуро) аспайтын азаматтар табыс салығын мүлде төлемейтін болады. Бұған дейін бұл шекті табыс 3 000 реалды (шамамен 480 еуро) құраған. Үкіметтің мәліметінше, егер бастама толық жүзеге асса, 2026 жылға қарай шамамен 16 миллион бразилиялық бұл салықты төлеуден босатылады. Бюджет шығынын өтеу үшін ай сайын 50 000 реалдан (шамамен 7 995 еуро) жоғары табыс табатын азаматтарға салынатын салық төрт есе өседі. Қазір бұл санаттағы шамамен 140 мың адам табыс салығы ретінде орта есеппен 2,5% төлейді.…
Жас педагог TikTok желісінде жариялаған бейнероликтері арқылы кеңінен танымал болды. Ол бейнематериалдарда мектеп оқушыларын ағылшын тілін музыкалық композициялар арқылы үйретеді. — 34 жастағы Өмірбек Жанқуатов бұған дейін Алматы облысы Байсерке ауылындағы № 28 мектеп-гимназиясында еңбек еткен. Қазіргі таңда ол Іле ауданы Қосөзен ауылындағы мектепте сабақ береді. Оның оқыту тәсілі шығармашылыққа негізделген: сабақ барысында оқушылар ағылшын сөздері мен сөз тіркестерін рэп ырғақтарына қосып жаттайды. Мұндай әдіс білім алу процесін қызықты әрі жеңіл етеді, — делінген әкімдік таратқан ақпаратта. Өмірбек Жанқуатовтың кәсіби жетістіктері өңірлік деңгейде де жоғары бағаланды. Ол «Қазақстанның үздік мұғалімі» байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанды. Жақын арада ұстаз жаңа авторлық бағдарламасын ұсынбақ, оны оқушылар асыға күтуде. Ұстаздық —…
Бұл қабаттар болашақта тіршілік етуге қолайлы аймақ ретінде қарастырылып отыр. Бейжің университетінің Компьютерлік ғылымдар мектебінің командасы Айдың жерасты қабаттарын зерттеу мақсатында екі түрлі робот үлгісін әзірлеп, Қытайдың Хэйлунцзян провинциясындағы лава үңгірінде сынақтан өткізді. Зерттеу тобы таңдаған сынақ алаңы – геологиялық құрылымы Айдың жерасты бедеріне барынша ұқсас. Роботтар лидар жүйелерімен жабдықталған және өздігінен жүріп-тұруға, карта құруға, сондай-ақ үңгірлердің құрылымын жоғары дәлдікпен үш өлшемде (3D) бейнелеуге қабілетті. Бірінші робот прототипі құмырсқа жегіш жануарының бейнесіне ұқсас етіп жасалған және күрделі жағдайда әртүрлі тапсырмаларды орындай алады. Екінші прототип — саламандра атауын алған құрылғы — кедергілерге толы жерде қозғалып, жергілікті аумақты зерттеу үшін жасалған. —…
Кәсіподақтар, студенттер мен мемлекеттік сектор қызметкерлері үкімет ұсынған 2026 жылға арналған бюджетке наразылық білдірді. «02 қазан» деп аталған наразылық шаралары көлік қозғалысын, мектептер, ауруханалар және тіпті энергетикалық инфрақұрылым жұмысын ішінара тоқтатып, 2023 жылғы зейнетақы реформасына қарсы наразылықтардан кейінгі ең үлкен қоғамдық қозғалыстардың біріне айналды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, түске дейін шеруге 85 мың адам шығып, 240-қа жуық митингі өткізу жоспарланған. Францияның жалпы еңбек конфедерациясы өз кезегінде наразылық білдірушілер саны 600 мыңға жеткенін мәлімдеді. #FRANCE: MASSIVE PROTEST SWEEPS FRANCE OVER BUDGET CUTS Tens of thousands of protesters marched through French cities on Thursday, heeding the rallying cry of trade unions demanding…
Келес ауданына қарасты Ескіқорған ауылындағы № 45 бастауыш мектебі апатты жағдайға жеткен. 70 жыл бұрын салынған ғимараттың іргетасы шөгіп, едендері шіріген. Мектепте асхана, спортзал, кітапхана сынды негізгі қажеттіліктер мүлде жоқ. Бар болғаны екі сынып бөлмесі ғана жұмыс істеп келген. Ауыл тұрғындары мектеп ғимараты кез келген сәтте құлап, балаларды басып қалуы мүмкін екенін айтып, дабыл қағып жатыр. Жергілікті тұрғынның айтуынша, қабырғалар қисайған, еденде тесіктер бар. Құрылыс қызыл кірпіштен емес, балшықтан салынған, іргетасы да жоқ. Жергілікті билік білім ордасының апатты жағдайды екендігін ескере отырып, № 45 мектептің оқушыларын уақытша № 43 «Болашақ» мектебіне тасымалдау туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Фото: Келес ауданы әкімдігі — Келес ауданына қарасты…
Грузия әуежайлары қауымдастығының мәліметі бойынша осы кезеңде елдің үш халықаралық әуежайы аптасына орта есеппен шамамен 700 рейсті орындаған. Сегіз айда барлығы 24 мыңнан астам халықаралық және ішкі рейс орындалды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға көп. Грузия Түркиямен ең белсенді әуе қатынасын қамтамасыз етіп отыр. Өткен жылдың өзінде екі ел арасында 1,2 млн-нан астам жолаушы жүріп өткен, бұл көрші мемлекеттермен жалпы жолаушы тасымалының 47 пайызын құрайды. 2 қазанда түріктің AJet бюджеттік әуе компаниясы Анкара-Тбилиси-Анкара бағыты бойынша алғашқы тікелей рейсін ашты. Тасымалдаушы аптасына төрт рейс орындауды жоспарлап отыр. Қауымдастықтың мәлімдеуінше, жолаушылар ағынының ұлғаюы және бағыт желісінің кеңеюі елдің көлік қолжетімділігін және халықаралық байланыстарды…
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, апат 2010 жылы пайдалануға берілген құбырдың коррозияға ұшырауы салдарынан болған. — Зақымданған диаметрі 200 мм құбыр учаскесін қалпына келтіру үшін «Алматы жылу желілері» бригадасы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған 3 арнайы техника және 8 маман жұмылдырылған, — делінген хабарламада. Апат салдарынан Шәкәрім — Прокофьев — Құлымбетов — Брусиловский көшелері аумағындағы тұтынушыларға ыстық су беру уақытша тоқтатылды. Ыстық су бүгін сағат 23:00 шамасында қайта беріледі деп жоспарланып отыр. Компания аталған ауданда тұратын алматылықтар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінді. Сонымен қатар тұрғындарға кез келген төтенше жағдай (су ағуы, бу шығуы және тағы басқа) болған кезде өз бетінше әрекет жасамай, мына нөмірлерге дереу хабарласуды ескертті:…
63 жастағы Сара Маллалли Кентерберий жаңа архиепископы болып тағайындалды, ол 106-шы архиепископ және Англия шіркеуі тарихындағы осы лауазымды атқарған алғашқы әйел болды. Джастин Уэлби христиан уағыздаушының жасөспірімдер мен жастарға қатысты жыныстық әлімжеттік, зорлық-зомбылық көрсетуі туралы тергеуді дұрыс жүргізбегені үшін сынға ұшыраған соң отставкаға кеткеннен кейін бұл қызметте бір жылға жуық уақыт ешкім жұмыс істеген жоқ. Малаллидің кандидатурасын британдық MI5 қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Джонатан Эванс басқаратын Кандидаттарды ұсыну комитеті мақұлдады. Дәстүр бойынша, комитеттің шешімін монарх бекітеді. Ресми түрде Англия шіркеуінің басшысы король болғанымен, Кентербери архиепископы оның рухани жетекшісі болып саналады. Ол ең жоғары епископтық кызметте болып, 165 елдегі шамамен 85…